Бейнелеу өнері | Бастауыш сынып оқушыларының суреті – шығармашылық туынды

 Бейнелеу өнері | Бастауыш сынып оқушыларының суреті – шығармашылық туынды

Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………..…..……....3
1 Бастауыш сынып оқушыларының суреті – шығармашылық туынды
1.1 1 –2 сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту………………………………..…....5
1.2 Затқа қарап заттың суретін салу…………………………………………..…..9
1.3 Тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу…………………………………………………………………….....15
2 Сәндік қолданбалы өнер
2.1 Сәндік сурет салу………………………………………………………….….20
2.2 Жолақ сызықтардың арасына ою - өрнектер салу жолдары……………….25
Қортынды……………………………………………………………………...….27
Пайдаланылған әдебиет………………………………………………………...29
Қосымша………………………………………………………………………......30

Кіріспе
Қазіргі заманда бейнелеу өнерін 1-2 сыныптарда оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып саналады.
Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту,затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу. Ал екінші бөлімде сәндік қолданбалы өнер мен сәндік сурет салу және жолақ сызықтардың арасына ою - өрнектер салу жолдары зерттеледі.
Бейнелеу өнерін осы сыныптарда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы қаблеттері дұрыс қалыптасатын болса, жоғары сыныпқа қарай баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді . Қарап салу үшін сыныпта қойылатын заттарды мұғалім перспективалық өзгерулері көрінбейтіндей етіп және сынып балаларының барлығына жан – жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана жоғары сыныптарда балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар мұғалімнің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай композициялық шешімдрі тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады. Бұл 50 х 50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі түсті түгі бар қалың қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар менкейіпкерлер қиылып жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр түрлі размерде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттыңразмері үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізеді
1 Бастауыш сынып оқушыларының суреті – шығармашылық туынды
1.1 1 – 2 сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту
Бейнелеу өнерін осы сыныптарда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттардығ ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген блйынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өзтүсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осықаблеттері дұрыс қалыптасатын болса, жоғары сыныпқа қарайбаланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасыкөп берілмейді . Қарап салу үшін сыныпта қойылатын заттарды мұғалім перспективалық өзгерулері көрінбейтіндей етіп және сыныпм балаларының барлығына жан – жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана жоғары сыныптарда балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар мұғалімнің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай композициялық шешімдрі тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады. Бұл 50 х 50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі түсті түгі бар қалың қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар менкейіпкерлер қиылып жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр түрлі размерде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттыңразмері үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізеді.
Балалардың суреттерін жиырмасыншы ғасырдың басында зерттеген неміс психологы Г. Кершенштейнер « балалар сурет салғанда көргенін емес ойындағы білгеніне сүйене отырып салады деп дәлелдеген. Балалардың салған суреті жалпы қоғамға қажеті бар өзіндік маңызды шығармашылық туынды екенін бүкіл өнер танушы ғалымдар мен қатар психологтар, тарихылар, биологтар суретшілер мойындап отыр. Балалар жер шарындағы халықтардың ең көп бөлігі болып есептеледі. Сондықтан болу керек атақты ағылшын жазушысы Ульям Блейк « балалар – азаматтың атасы » деген екен. Балалардың салған суреттеріне қарап балалық шағымызды ескеаламыз, туған жеріміз есімізге түседі. Балалардың салған суреттерін анықтап қарайтын болсақ, балалардың салған суреттерінің көпшілігінде күн бейнеленетінін байқаймыз. Күн кейбір балалардың суреттерінде сары, қызғылт, тіпті көкшіл шар секілді де болып боялады. Мысалы, сыныптағы балалардың жұмыстарын талдағанда балалардың жартысынан көбі күнді жылы түсті қолдану арқылы бейнелеген, ауа райының өзгеруі балалардың күнді бейнелеуге ешқандай әсер етпейтінін аңғаруға болады. Мысалы, желді, жаңбырлыкүн, кешқұрым, қар жауып тұрған сәттерді бейнелесе де балалардыңкомпозицияларында бәрі бір күн күн ығып тұрады. Қазір балалардың жолдың үстіне, үйлердің қабырғаларына, шарбақтарға салған суреттерін көп кездестіреміз. Кейбір қалаларда мысалы, Жезқазңанда көшедегі құрылыс алаңын қоршап қойған бетон қоршауларға әр мектептің оқушылары сурет салады. Балалардың салған суреттерінен Еліміз туралы, оның болашағы, табиғатты, өнері, өнеркәсібі туралы толық мағлұмат алуға болады. Бұдан балалардың қиял деңгейлерімен болашаққа деген үлкен ойларын аңғарамыз. Таң қалатын бір жәйт, ол осы балалардың сурет салудың техникаларын дұрыс меңгермесе де адамға ой салатын деңгейге жететін туынды салып үлкендерді таңқалдыруы. Қазір біз балалар суреттеріне көп мән бере бермейміз, жастайынан сурет салудың техникаларын үйреткіміз келіп, баланың өз ойымен, өз деңгейінде орындағысы келетін қаблетін басып , табиғи қаблетінің шығуына кдергі жасаймыз. Көркем өнер мектептерінде балаға жастайынан сурет салудың заңдылықтарын меңгеруге итермелеп, күштеп үйретеміз. осыдан барып көрмелерде балалардың ішкі дүниесімен сал5ан таза ж9мысын бағалай алмаймыз. 1987 – 1993 жылдар аралығында мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор , атақты балалар суретін зерттеген психолог Е.И. Игнатьевтың баласы С.Е. игнатьевтың басқаруымен « Семицветик » атты ғылым зерттеу зертханасында жүргізілген зерттеу жұмыстарына қатыстым. Зертханада белгілі психолог – ғылым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Білім академиясының нақты мүшесі В.С. Кузин, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.С. Боголюбов, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, № 201 орта мектебінің Бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы А.И. Васильев және кафедраның асперантары бірге ғылыми жұмыстар жүргізді. Ғылыми зерттеулерлде қортындылау барысында диссертациялық еңбектер, оқулықтар, ғылыми, оқу әдістемелік мақалалар басылып шықты. Жас ғылымдар балалардың суреттерін ғылыми тұрғыда зерттеу жөнінде көптеген материалдар жинақталып, қазір әрі қарай жалғастырылуда. XXI ғасырдың өзінде балалардың салған суреттері әлі толық зерттеліп бітпеген тың проблема болып саналады. Ғылыми деректерге сүйенсек балалар суреттерін зерттеу жұмыстары XX ғасырдың басында Германия, Франция елдерінен бастау алған. Балалардың суреттеріне аса ешкімнің көңілі аударылмағандығынан зерттеу үшін мән беріледі және баланың салған суреттері шимай сызық деген пікір қалыптасып кеткен қоғамда.
Соңғы кеңес одағының 60 – 80 жылдары кезінде балалар суреттерін ғылыми негізде зерттеу қажеттігі атақты ғалымдар Л.С. Выготский, В.И. Киреенко, Б.А. Сазоньтев, Е.И. Игнатьев, В.С. Мухинаның бастауымен жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі уақыттағылымдардың осы бағыттағыбастаған жұмыстары одан әрі жалғасын табуда.
Балалардың салған суреттерін бағалау қазіргі орта мектептерде дұрыс жолға қойылмаған, балалардың суретін салыстыруға үлкендердің жұмыстарын үлгі ретңнде алуға болмайды. Мектептегі бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі жоғары оқу орнында алған білімі бойынша сурет салудың барлық заңдылықтарына байланысты баланың суретін бағаласа ол үлкен қателік болады, ондай мұғалім балаларды дұрыс оқыта алмайды. Өмірде қандай да болсын бір нәрсеге үйрету үшін, алдымен адамға қалай істелетінің көрсетеді, сосын үйренгісі келген адам сол көрсеткенді өзгертпей қайталайды. Солай мәшина жүргізуді, темір жонуды үйретеді. Ал балаларды оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының салған суреттеріндегі қатені қалай шығарады және оның қате салынғанын қалай дәлелдеуге болады. Егерде баланың салған композициясындағы бір жерін дұрыс емес деп өшіріп тастасақ, алдындағы қызықты болып көрінген бала композициясының мазмұны өзгеріп шыға келедіБаланың суретін көрген ересек адам өзінің білім деңгейіне сүйене отырып, баланың суретіндегі қателер бар деп ойлайды, шын мәнінде балалардың суретін біз толық түсіне бермейміз. Бастауыш сынып оқушыларының білім және сурет салу деңгейлерін дер кезінде түсініп дамыту біздің міндетіміз. Баланы дұрыс оқыту үшін, баланың мінезін, қабілетін, темпераментін білуміз қажет. Әсіресе бейнелеу өнерінде баланың психологиялық жағы, мінез құлқы, өмірге көзқарасы, қаблеті танымдық процестері қалыптасатыны белгілі. Бейнелеу өнерінде қозғалыс жүйелері мен ойлауы да көп өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар сурет салуға баланың зейінін аудара білу немесе зер салу қаблетінің де тигізер жәрдемі көп. Зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Бастауыш сынып мұғалімдерінің методикасына артуы, балалардың сурет салу деңгейңн үнемі сезе біліп, ақыл беріп отыруы, олардың алдына мақсатты айқын етіп қоя алуы, оқушылардың еңбектерін дұрыс бағалауы, баланың бастап салған суретін аятатып үйрету ерекше маңыз алады. Бала сурет салуды мұғалімнің не болмаса басқа әдіскердің талабымен үйренбеуі керек, бұл балаға сурет салу барысында мұғалімнің қажеті жоқ деген пікір емес, бұл жерде әр баланың жас мүмкіншілігін түсінбейтін болса ғана

1.2 Затқа қарап заттың суретін салу
1 – сыныпта өтілетін затқа қарап салу тапсырмаларында балалар басқа сабақтарында лоындацтын жалпы ережелерді сақтауы тиіс, олар орындықта дұрыс отыру, алдындағы сурет салатын қағаздарының дұрыс жатуы және сурет салу барысында бала сурет қағазын қазғадтпау керек. Сурет салатын карандаштыұстағанда жазу жазатын қаламды ұстағандай түбіне жақын ұстамай, саусақтарымен қатты қыспай және баспай сызықтар жүргізуі тиіс. Заттың суретін салғанда сол затты пішінін, бояу түсін көрсете білуге тырысады. Осы жастағы балалар пішіндердің өз ара ерекшеліктерін түсіне білуі керек. Сонымен қатар сыныаптың балалары түсте бояу қарандаштарды пайдаланғаны дұрыс, себебі осы жастағы балалар бояу түрлерінің басты түрлерімен ғана танысады және бояу кезінде акварель бояуына қарағанда қарандашпен бояу балаларға салған суреттің контурынан шығып кетпеу үшін, оңайлау болады. Бұл сабақта балалар тік, көлденең сызықтарды сызып мдағдыланады, сурет салудың қарапайым түрлерін меңгеруге бағытталады. Бұл жастағы балалар сызықтарды тең бөліктерге бөліп үйренеді. Балалдарға сурет сабағында салатын затын қағаз бетіне дұрыс сиғызуын үйрету керек. Екінші сыныптан юастап балалар акварель бояуды қолдана бастайдығ заттардың симетриялық пішіндерін көрсете біледі. Балаларға түзу сызықтарды дұрыс жүргізуге үйрету үшін, кітап, дәптер, еліміздің жалауының сыртқы формасы сияқты тік, түзу сызықтардан тұратын тапсырмаларды салғызған дұрыс. Ал екінші сыныптың балаларына заттың бірнеше бөліктен тұратынына байланысты түсіндіретін тапсырмалар берген жөн. Мысалы, күрек, балта, балға бұл заттар екі бөліктен тұрады, сабы ағаштан, бастары темірден. Сабақта пайдаланылатын заттарды іріктегенде, басты есте сақтайтын ереже, ол сол сыныптың балаларының жас ерекшеліктерін ескерумен қатар сурет салу мүмкіншіліктерін білу және салуға қолданылатын заттардың эстетикалық мәні. Эстетикалық және экологиялық тәрбиелерге тікелей байланысты болатын тапсырмалар, олар әр түрлі әсем гүлдер, талдың жапырақтары және жәндіктер- көбелек, инелек т.б. Пән мұғалімнің қалауынша балаларға түсңндіру үшін, ақ қағазға не болмасатақтаға салып көрсетуге болады, әрине егерде сол заттарды табиғаттағы әсем түрлері сияқты бейнелей білсе. Біздің байқауымызша ақ ватманқағазда үлкен мөлшерде салынған көбелек сынып оқушыларына сол табиғи түріндегідей әсер қалдырмайды.
Екінші сыныпта балалардың қарандашпен жұмыс істеу қаблеті біршама жоғарланып, бояу үшін, түрлі – түсті қарандашты қолданбай акварель бояуын пайдаланады. Акварель бояумен жұмыс істеудің өзінше ерекше жүйесі бар. Бастауыш сыныптың, бала бақшаның балаларына арнлып шығарылған акварел бояуларына қолданатын қылқалам, көбінесе арнайы ақтиынның немесе қоянның қылынан жысамайды. Балаларға арнап акварель бояуына сатып алғанда ата – аналар қылқаламның сапасына мән бермейді, әйтеуір қылқалам болса жарайды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?