Психология | Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу

 Психология | Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу

Мазмұны
Кіріспе бөлім
1.1. Бастауыш сынып оқушысының
психологиялық сипаты
1.2. Бастауыш сынып оқушысының
физиологиялық даму жолы
2. Негізгі бөлім
2.1. Бастауыш сынып оқушысының таным
процестеріне талдау
2.2. Бастауыш сынып оқушысының ойыны
2.3. Баланын жеке бас тұлғасын зерттеу
3. Қорытынды бөлім

Кіріспе
Бастауыш сынып оқушысының психологиялық сипаты
«Бастауыш мектеп жасындағы оқушы» деген термин тым ұзын болғандықтан біз оның орнына «Кіші оқушы» деген сөз қолданамыз. Осыған орай біз І – сұраққа кіші оқушының психикалық тұрғыдан өзіндік сипатына тоқталдық. Бұрын балалар оқымаған кезде «Бастауыш мектеп жасы», «Кіші жас» деген жас кезеңдері кездеспейтінін біз ескерткенбіз. Бұл жастың (7 – 11 жастың) өзінше жас кезеңге бөлінуі оқудың (әсіресе орта оқу мектебінің) көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алып қараудың себебі – бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Міне бастауыш мектеп жасының бөлек кезеңге бөлудің себебі осыдан.
Кіші оқушылардың оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциасы дәрежесінде кездеседі дейтін. Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп совет психологтары (В.В Давыдов т.б.) қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан олардың оқуға мүмкіншілігін толың пайдалану үшін тапсырманы одан әрі қиындату қажет дейді. Осылай деу, бәлкім, дұрыс та болар.
Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшыраудың себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар оқуға жаңа түскен бала кластағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман – жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтарға кездеседі: біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыра алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып, шаршауы да ықтимал.
Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым – қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сынып мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасында партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын қояды. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке – шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Үшіншіден, бірінші сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте – бірте сенеді де, оқуға немқұрайлы қарайтын болады. Немқұрайлылықпен күресу үшін баланы оқуға ықыласын тудырып, тарсырмаларды бірте – бірте қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманы қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе, әлде қайда ұтымды. Себебі, азды – көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына ақыл – ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады.
Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін бірінші сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы екінші – үшінші сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірініші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бәлендей объектіге қызығуымен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу – деп бәлендей объектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты не бәлендей нерсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы мәселеге І – сыныпта мән беру қажет.
Жалпы алғанда ІІ–ІІІ сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Бұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім – үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.
Бастауыш сынып оқушысының физиологиялық сипаты
Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттерімен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмыспен көп айналыстыруға, әсіресе бірдемені көшіріп жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг қосады. Биіктігі жылына 5см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегіңің соғуы 84-90 дейін соғуға барады (ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады). Осының өзі баланы недәуір қиналдыратын болса да қан айналыс системасының жұмысын одан әрі жақсартады. Бұның себебі қан айналыс түтіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы 7 жастан 11 жасқа дейін 1000 граммнан 1400 граммға дейін өседі, әсіресе оның маңдай бөлігі недәуір қалыптасады. Мұндай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл – ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді. Ал физологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшері оң және теріс индукцияларының өзара көлемі, иррадияция мен шоғырлану заңдылықтары күрделі болып қызмет атқарады.
Әсіресе балада теріс идукцияның негізінде болатын тежелу үстем алып, осының нәтижесінде кіші оқушы өзін – өзі меңгере алуына, керек деген жерінде өзін – өзі тежелте алуына мүмкіндігі бар. Бірақ осылай деудің өзін шешіп кету керек. Теріс индукцияның негізінде болатын тежелу санасыз жүзеге асатын болса, онда нәтиже бермейді. Тіпті ойланбай қолайсыз іс жасап қоюы ықтимал. Сондықтан теріс индукцияның тежелуі санаға бағынса ғана нәтиже бермек. Осыған бала бірте – бірте үйреніп өзінің қимыл – қозғалысын керек деген жерінде тежелдіріп санасына бағындырып, осының нәтижесінде мектептегі тәртіп пен үлкендерді кішілер силау мөлшерін орындауға ұмытылады.
Бұл болып келген баладағы физиологиялық өзгерістер. Оқуға еңбек етуге, тиісті тапсырмаларды мүдрместен орындауға мүмкіндік береді.
Оқуды өзінше әрекеттің бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі. Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт.
Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шықанда мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапырманы орындауға түрткі болады. Әдетте ықыластың тікелей және жанама түрі бар.
Тікелей ықылас оқушының пәлендей нәрсеге қызығуымен болады.
Жанама ықылас сол нәрсе қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады.
Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі роль атқаруы тиіс.
Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады.
Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынандай екі түрлі жолмен беріледі: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманы орындаудың бірінші түрін орындай білуді айтады. Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену орындаған дәрежесін көтеру. Бұл мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.
Бастауыш сынып оқушысының таным процестеріне талдау
Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш сынып шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де оларда көру мен есту қабілеті жоғары екені байқалады. Бірінші сынып оқушылары өздері қабылдайтын заттардың қасиеттері мен сапаларына жүйелі талдау жасай алмайды. Балалар оны тез қарап шығып, атын атады, өзіне онша көңіл аудармай бірден оның суретін салуға ұмыталады. Оның нақты ерекшеліктері оларды қызықтырмайды.
Бақылау деп аталатын бұл қызмет түрі мектептегі оқу процесі кезінде ерекшк жедел қалыптасады. Сабақтардың үстінде оқушы қандай да бір пәннің қабылдау міндеттерін алып, ал одан кейін өзі де кің түрде тұжырымдайжы. Оның арқасында қабылдау мақсатқа бағытталады. Мұғалім мен құбылыстарды көру немесе есту әдістерін бекітілген қасиеттерді жазу құралдарын балаларға үнемі көрсетіп отырады. Мұндай бақылау танымдық іс – әрекеттің басқа түрлерімен біріге отырып мақсатқа бағытталған және еркін бақылау формасына ие болады. Бастапқы оқытуда барлық бастауыш сынып оқушыларының осы маңызды қасиетін бір қатар дамытуға болатынын зерттеулер көрсетіп отыр.
Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілерге зейінін бағыттап, оны дәйекті ұстауды үйренеді. ІІ – ІІІ сыныптарда көптеген оқушылар ырықты зейіндей береді, оны мұғалім түсіндірген немесе кітапта бар кез келген материалға көздей алады. Ырықты зейін, оны қандай да бір міндетке алдын – ала ойластырып бағыттай білу – бастауыш мектеп шағындағы маңызды жетістік. Баланың өзін – өзі ұйымдастыруы алдымен үлкендердің әсіресе мұғалімнің жасаған және бағыттаған ұйымдастыруының нәтижесі. Зейінді дамыту, сондай – ақ оның көлемін кеңейтумен және зейінді іс – әрекеттің алуан түріне бөле білуімен байланысты. Бала тапсырмасын орындай отырып, жолдастарының жұмысын қадағалауы керек және қадағалай алатындай етіп, берілген мәтінді оқи отырып, оқушы басқа оқушылардың мінез – құлқын тексеріп отыруға міндетті. Кейбір балалар сыныпта зейінін бөле алмайтындықтан алаңғасар болады. Жалпы жанама жұмысқа даярланатындай етіп ұйымдастыру керек.
Мектепке келген жеті жасар бала көбінесе сырттай ашық және эмоциялы оқиғаларды, суреттеулерді, әңгімелерді дәл есте сақтайды. Бірақ мектеп өмірі бастан – ақ балалардан материалдарды еркін есте сақтауды талап етеді. Оқушылар күн тәртібін, мінез – құлық ережелерін, үй тапсырмаларын арнайы есте сақтауы тиіс, ал одан кейін оларды басшылыққа ала білуі немесе оларды сабақта еске түсіруі керек. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауының табытылығы олардың міндеттердің сипатын түсінуіне, есте сақтау мен еске тісірудің тиісті әдіс – тәсілдерін меңгеруіне байланысты. Есте сақтау нәтижесін баланың өзінің тексеруі тану деңгейінде ғана болады. Аздаған ғана балалар есте еркін сақтаудың тиімді әдістерін қолданады. Материалдарды мағыналық жағынан топтау, оның жекелеген бөлімдерін салыстыру кіші сынып оқушыларында алғашында еркін еске түсіру тәсілдері ретінде қалыптасады. Бірақ балалар оларды жетік меңгергеннен кейін бұл тәсілдердің психологиялық ролі айтарлықтай өзгереді: олар дамыған еріксіз есте сақтаудың негізі болады, бастауыш оқытудың соңында да, білімді меңгеру процесінде күрделі функциялар атқарады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?