Экономика | ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 Экономика | ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мазмұны
Кіріспе

1. Дайын өнімдердің теориялық негіздері.
1.1 Дайын өнімнің өзіндік құны жөнінде түсінік,
шығындардың жіктелуі
1.2 Өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері

2. Дайын өнімдердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
2.1 Дайын өнімді бағалау
2.2 Дайын өнімнің синтетикалық есебі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


I ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Дайын өнімнің өзіндік құны жөнінде түсінік, шығындардың
жіктелуі
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның жалпы есеп жүйесіне кіреді және қаржылық және басқарушылық болып екіге бөлінеді. Қаржылық есеп деректері кәсіпорын құпиясы емес, сондықтан да сыртқы пайдаланушыға арналады. Басқарушылық есеп объектілері кәсіпорынның өндірістік шығындары мен табыстары болып табылатындықтан, көптеген әдебиеттерде оны өндірістік есеп деп береді. Өндірістік есеп ақпараты тікелей ішкі басқару мақсатында пайдаланылады.
Бүгінгі күні өндірістік есеп кәсіпорынның өндірістік шығындары мен табыстарын бақылауға, өндірістік-коммерциялық және қаржылық қызмет рентабельділігін көтеру резервтерін анықтаумен айналысады. Бұл есеп өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) өндіру және сатумен байланысты барлық операцияларды айқын сипаттауы қажет. Өндірістік есептің негізгі бөлімдері төмендегідей болады:
шыгындар мен табыстар түрлері бойынша есеп жүргізу;
жауапкершілік орталықтары бойынша есеп жүргізу;
шығындар мен табыстар есебін өнімдер (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке алу.
Шығындар мен табыстар түрлері бойынша есеп жүргізу есепті кезеңде өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндіру барысында кәсіпорында қандай шығындардың орын алғанын және олардың сату барысында қалай өтелгенін көрсетуі қажет.
Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп жүргізу шығындар мен табыстардың кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің нәтижесін бақылау мақсатында олардың арасындағы бөлінуін көрсетеді.
Шыгындар мен табыстар есебін өнімдер (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке алу әрбір өндірілген өнім (жұмыстар, қызметтер) рентабельділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні өндірістік есеп тек өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) өндіруге жұмсалған шығындарды есепке алып, олардың өзіндік кұнын анықтаумен ғана шектелмейді, оған қоса дайын өнімдер (жүмыстар, қызметтер) есебін жүргізіп, оларды сату нәтижесін анықтаумен де айналысады.
Басқару есебі құрамы бойынша өндірістік есептен кең ауқымды қамтиды, себебі басқару функциялары арқылы ол өндірістік есепті кәсіпорын шығындары мен табыстарын басқару жүйесіне айналдырады.
Басқару есебінің шын мәніндегі маңызды бөлімі ол өндіріске жұмсалған шығындар мен өндірілген өнімдер (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құнының есебін жүргізу болып табылады.
Дайын өнім деп барлық технологиялық процесының стадияларынан
өткен, негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімді айтады. Дайын өнім - қоймаға немесе тапсырушыға қабылданған белгілі техникалық шарттарға және стандарттарға сәйкес толық өңделіп біткен бұйым және жартылай фабрикат. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалык бакылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімге сыртқа, өзінің күрделі құрылысы және әлеуметтік саласы үшін істелген өндірістік сипаттағы жұмыстары және көрсетілген қызметгері, сондай-ақ өткізу үшін өздері шығарған шала өнімдердің құнын жатқызады. Өнім (жұмыстар, қызметтер) өндіру және өткізу жоспарының орындалуы субъект қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.
Субъект тұтынушылармен жасасқан шаруашылық шарттарын орындау ретінде өз өнімін өткізеді, жұмыс істейді және қызмет көрсетеді. Өнімнің бір бөлігін ол өзінің өнім сату жөніндегі сауда жүйесі арқылы өткізе алады. Субъекттінің ең маңызды міндеті - өнімнің саны, номенклатурасы, жеткізу мерзімдері, сапасы және басқа талаптары бойынша шарт міндеттерін орындау. Сатып алушыларға (әрбір өндіруші кәсіпорын, сондай-ақ сатып алушы болып табылады) жеткізілген өнімнің дер кезінде төленуі әрбір субъектінің және бүтіндей алғанда республика экономикасының тұрақты жұмыс істеуінің ажыратылмайтын шарты болып табылады.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 "Дайын өнім" деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайданылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік кұны бойынша көрініс табады.
Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде козғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.
Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.
Ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді. Ауытқу кәсіпорынның экономикасын немесе артық жұмсалғанын көрсетеді, олар да дайын өнімнің шотында есептелінеді: экономикасы (үнемделгені) - қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны - әдеттегі (дағдылы) - жазумен жазылады.
Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді:
Ауытқудың пайызы=(Ауытқу сомасы/(Қалдық+Есептік құны бойынша
-Б бұйымы бойынша=630000х8,05%=50715 теңге- артық жұмсалған.
Ауытқу пайызын есептеу және ауытқу сомасына бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:
-қызыл жазу әдісімен: 1320 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі-(20000) теңгеге;
Содан соң осы операциямен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі - (13600) теңгеге;
- өнімнің нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі (дағдылы) жазу жазылады: ол кезде 1320 шоты дебеттеліп, 8010 шоты кредиттеледі - 70000 теңгеге, содан соң осымен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі - 50715 теңгеге.
Дайын өнімді қабылдау - тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.
Қабылдау - тапсыру құжаты (накладнойы) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймага тапсырганнан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың эр түрлі салаларында қабылдау -тапсыру құжатының (накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін. Солардың бірі жоғарыда келтірілді.
Дайын өнімнің өзіндік қүны - кең көлемді, көп түрлі және өзгермелі экономикалық категория. Ол - кәсіпорынның өнімдерді өндіру мен сату шығындарын көрсететін сапалық көрсеткіш. Өзіндік қүн төмендеген сайын пайда мен өндіріс рентабельділігі сәйкесінше жоғары болады.
Кәсіпорын үшін өнімнің өзіндік құнын анықтау қажет, себебі сол арқылы өндіріс пен жеке өнім түрлерінің рентабельділігі, ішкі өндірістік шаруашылык есеп, өнімнің өзіндік қүнын азайту жолдары, өнімнің бағасы, енгізілген жаңа техника, технологияның экономикалық тиімділігі, осы көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуы анықталады.
Өнімнің өзіндік құны кәсіпорын жұмысына тікелей тәуелді және тәуелсіз әртүрлі шығындардан құралады.
Өнімнің өзіндік құны жөнінде шынайы ақпарат алудың бір шарты өнім құнына кіретін шығындардың ғылыми негізделген түрде жіктелуі.
Өндірістік шығындар құрамы бойынша, түрлері бойынша, пайда болу орындары мен апарылатын көздеріне қарай жіктеледі.
1) Құрамына қарай шығындар бірэлементтік, кешендік болады. Бір
элементтік шығындар деп бір элементтен тұратын, материалдар, еңбек ақы,
амортизация және басқалары.
Кешендік шығындар бірнеше элементтерден тұрады, мысалы, құрамына материалдар, еңбек ақы және басқалары кіретін цех немесе жалпы зауыттық шығындар.
2) Шығындар- түрлері бойынша экономикалық элементтер
және калькуляциялау баптары бойынша топтастырылады.
Өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнына кіретін шығындар құрамы сәйкес нормативтік актілермен анықталады, оның ішінде "Өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнына кіретін өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндіру және сату шығындарының құрамы және салық салу барысында есепке алынатын қаржылық нәтиженің қалыптасуы жөніндегі Ереже" бойынша барлық кәсіпорындар үшін экономикалық біртиптес шығындар элементтері бекітілген:
материалдық шығындар;
еңбек ақы төлеу шығындары;
әлуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
7
негізгі қорлар амортизациясы;
басқада шығындар.
Шығындарды элементтері бойынша топтастыру өнімді өндіруге жұмсалған нақты шығындарды, жалпы шығындар сомасындағы жеке элементтердің арақатынасын көрсетеді.
Жекелеген өнімдердің өзіндік кұнын есептеу үшін өндірістік кәсіпорындар шығындарды калькуляциялау баптары бойынша топтастырады. Шығындар номенклатурасын әрбір кәсіпорын өз спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, өздері бекіте алады. Олардың жалпы тізімі салалық өнімдер есебі мен өзіндік кұнды калькуляциялау жөніндегі нұскаулары бойынша анықталган. Жалпылама түрде калькуляциялау баптарына келесі түрде болады:
шикізаттар мен материалдар;
сатылып алынатын және құрастырушы өнімдер, жартылай фабрикаттар;
қайтарылган қалдықтар (шегеріледі);
технологиялық мақсаттағы отын және энергия;
өндірістік жұмысшылар еңбек ақысын төлеу шыгындары;
әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
жабдықтарды ұстау және күту шығындары;
жалпы өндірістік шығындар;
жалпы шаруашылық шығындар;
ақауға байланысты зиян;
коммерциялық (өндірістен тыс) шығындар;
басқада өндірістік шығындар.
3) Пайда болу орнына қарай шығындар өндірістер, цехтар, бөлімшелер,
басқа да кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері бойынша, яғни
жауапкершілік орталықтары бойынша топтастырылады және есепке алынады.
4) Шығындарды апару объектілеріне байланысты, яғни өнімдер,
жұмыстар, қызметтер бойынша олардың өзіндік құнын анықтау мақсатында
топтастыру.
Өнімдердің өзіндік құнын анықтаудың ең қарапайым тәсілі жалпы жиынтық шығындар сомасын өндріс көлеміне, яғни өнімдер санына бөлу. Бұл тәсілді кәсіпорын тек бір ғана өнім түрін өндірген жағдайда пайдаланылады. Күрделірек тәсіл - шығындар баптары бойынша калькуляциялау. Мұнда тура шығындар өнімдерге тікелей апарылады, ал жанама шығындар арнайы базалар мен бөлу коэффициенттері арқылы өнімдер түрлері арасында бөлшеді.
Жоғарыда қарастырылған шығындардың топтастырылуы өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау жүйесіндегі белгілі бір функцияларды сипаттайды, бірақ шығындарды басқару есебіндегі міндеттерге толық жауап бермейді. Басқару есебіндегі басты мақсат шығындарды, топтастыру арқылы басшының дұрыс, негізделген шешім қабылдауына жағдай жасау.
Экономикалық дамыған елдерде басқару есебін ұйымдастыру тәжірибесі бойынша шығындар есебін жүргізу бағыттары бойынша шығындарды топтастырудың әртүрлі варианттары қарастырылады. Шығындар есебінің бағыты дегеніміз өндірістік шығындардың жекелеген есебін қажет ететін қызмет саласы. Ішкі ақпаратты пайдаланушылар зерттеу мәселелері бойынша
ақпаратпен қамтамасыз етуді қажет ететін есеп салаларын анықтайды.
Ең алдымен үш шығындар түрлері жөнінде ақпарат жиналады: материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, үстеме шығындар. Жинақталған шығындар келесі есеп бағыттары бойынша бөлінеді:
өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және бағалау мақсатында;
басқару шешімдерін жоспарлау және шешім қабылдау мақсатында;
бақылау және реттеу қызметтерін жүзеге асыру мақсатында.
Осы үш есеп бағыттары бойынша ендігі кезекте тікелей басқару мақсаты бойынша .шығындарды жіктейді.
Кәсіпорын қызметінің функциялары бойынша өндірістік шығындар жабдықтау-дайындау шығындары болып, өндірістік, коммерциялық, өткізу, ұйымдастыру-басқару шығындары ретінде жіктеледі.
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша шығындар негізгі және үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындар өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты, материалдар, еңбек ақы, отын және энергия және басқалары. Үстеме шығьіндарға өндірісті ұйымдастырумен, баскарумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады.
Өнімнің өзіндік кұнына қосылуына қарай шығындар тікелей (тура) және жанама болып бөлінеді. Тура шығындар нақты өнім түріне тікелей қатысты болғандықтан сол өнімнің өзіндік құны құрамына кіреді. Жанама шығындар өндірісті басқару және оған қызмет көрсетумен байланысты болғандықтан өнідірлген өнімдер түрлері арасында арнайы есептеулер арқылы бөлінеді.
Өндіріс көлеміне қатысты шығындар тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қатысы жоқ, яғни өндіріс көлемі өзгергенде тұрақты шығындар өзгермейді. Тұрақты шығындарға жалдық төлем ақы, амортизация шығындары жатады. Айнымалы шығындар өндіріс көлеміне тәуелді және оған тура пропорционалды өзгереді. Ал өнім бірлігіне келетін айнымалы шығындар тұрақты сипатта болады. Бұларға материалдық, еңбек ақы, әлеуметтік аударымдар және басқалары жатады. Шығындардың тұрақты және айнымалы болып жіктелуі отандық есеп жүйесінде өндірістік және кезеңдік шығындар түрінде көрінеді.
Шығындардың пайда болу уақыты мен өнімнің өзіндік кұнына жатқызылуына қарай жіктелуі өнімдер (жүмыстар, қызметтер) өзіндік күнын калькуляциялауда маңызы зор. Бұл белгісі бойынша шығындар ағымдағы, алдағы есепті кезең шығындары, болашақта болуы мүмкін шығындар болып бөлінеді. Ағымдағы шығындар есепті кезеңде орын алған өндірістік шығындардан құралады, ал алдағы есепті кезең шығындарына есепті кезеңде орын алған, бірақ алдымыздағы есепті кезеңге тиісті шығындар сомасын көрсетеді, болашақта болуы мүмкін шығындарға есепті кезеңде әлі болмаған, бірақ өнімнің өзіндік құнын дұрыс анықтау мақсатында жоспарлы мөлшерде жалпы шығындарга қосылатын шығындар. Мысалға, жұмысшылардың кезекті еңбек демалысына ақы төлеумен байланысты, бір реттік төлемдёр түріндегі шығындар.
Басқару шешімдерін қабылдау үшін басшы белгілі бір өнім түрін өндіру
тиімділігі жөнінде ақпараттармен дер кезінде қамтамасыз етілуі қажет. Осыған қатысты шығындар альтернативті, дифференциалды, қайтарусыз, инкрементті, маржиналды, релевантты болып бөлінеді.
Кәсіпорын ресурстарының шектеулі болуы оның мүмкіндіктерін де шектейді. Әрбір ресурстар бірлігі оны пайдаланудың тиімділігі арқылы сипатталады. Белгілі бір ресурстар мөлшеріне сәйкес келетін өндіріс көлемі болады. Бір өнім пайдасы үшін екіншісінен бас тартумен байланысты шыгындар альтернативті шыгындар деп аталады. Альтернативті шығындар ресурстар шектелген жағдайда ғана орын алады, ресурстар шексіз болған жағдайда альтернативті шығындар нөлге тең болады.
Дифференциальды шығындар екі альтернативті шешімдерді қарастыру барысында шығындардың айырма мөлшері. Мұндай шығындарды қосымша немесе өсімше шығындар деп те атайды.
Қайтарусыз шығындар - бұрын қабылданған шешімдер бойынша өткен кезеңдерде орын алған шығындар. Олар болашақ шығындарға әсер етпейді. Мысалға, материалдар мен жабдықтардың сатып алу кезіндегі бастапқы құны.
Инкрементті шығындар қосымша шығындар болып табылады, яғни қосымша өнімдер партиясын өндірумен байланысты пайда болады. Қандай да бір шешімдер нәтижесінде тұрақты шығындардың көбеюі инкрементгі шығындар болып табылады.
Маржиналды шығындар қосымша өнім бірлігін өндірумен байланысты шығындар. Маржиналды шығындардың инкрементті шығындардан өзгешелігі олар өнім бірлігіне қатысты есептеледі.
Релевантты (мәнді, маңызды) шығындар дегеніміз қарастырылып отырган басқару шешімдеріне қатысты шығындар. Өткен кезеңдер шығындары релевантгы бола алмайды, себебі оларды өзгерту мүмкін емес.
Реттеу және бақылау дәрежесіне байланысты реттелетін және реттелмейтін; тиімді және тиімсіз; бақыланатын және бақыланбайтын болып бөлінеді.
Толық реттелетін шығындар өндіріс және бөлініс сфераларында пайда болады. Бұл жауапкершілік орталқтарында тіркелген, мөлшері, деңгейі менеджердің реттеуіне байланысты анықталатын шығындар.
Тиімді шығындар жұмсалған шығындар нәтижесінде өндіріліп шығарылған өнімдерді сату нәтижесінде табыс алынатын өнімділігі бар шығындар.
Бақыланатын шығындар дегеніміз басқару субъектілері тарапынан бақылау мүмкін болатын шығындар.
Жалпы кәсіпорын бойынша шығындарды бақылау жүйесі тиімді қызмет атқаруы үшін алдымен шығындар қалыптасатын жауапкершілік орталықтарын анықтап, шығындарды жіктеп, одан кейін шығындарды басқару есебінің жүйесін пайдалану қажет.
1.2. Өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері
Өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік кұнын есепке алу және калькуляциялауды әртүрлі әдістер арқылы ұйымдастыруға болады. Барлык әдістер жиынтығын бірнеше белгілері бойынша жіктеледі: шығындарды бақылаудың оперативтілігіне қарай; өндіріс процесіне қатысына қарай; өнімнің өзіндік құнына қосу толықтығына қарай.
1) шығындарды бақылау оперативтілігі бойынша нақты, нормативті және
жоспарлы өзіндік құн бойынша есеп жүргізу болып бөлінеді. Нақты өзіндік құн
бойынша есеп жүргізудің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылығы есеп жүргізудің қарапайымдылығы болса, кемшіліктері:
пайдаланылған ресурстар саны мен олардың бағасын бакылау нормативтерінің болмауы;
ауытқулардың орнын, жауаптылардың, себептерін анықтаудың мүмкін еместігі;
өндіріс процесі кезінде шығындарды есептеу мүмкін еместігі.
Нормативті өзіндік құн бойынша есеп жүргізу барысыңда шығындардың қандай болғанын ғана емес қандай болуы қажет екенін анықтауға болады. Бұл әдістің негізгі артықшылыгы:
бюджет құрастыру арқылы шығындарды бақылаудың мүмкіндігі;
нақты шыгындарды нормативті мөлшермен салыстыру мүмкіндігі;
ауытқулардың орнын, жауаптыларды, ауытқу себептерін анықтаудың .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?