Экономика | Дағдарысқа қарсы стратегия

 Экономика | Дағдарысқа қарсы стратегия

Мазмұны
1. Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні.
2. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруды ұйымдастыру.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні
Қатаң бәсекелестік жағдайда шаруашылық жүргізудің нарықтық нысаны шаруашылық жүргізудің жеке субъектілердің дәрменсіздігіне немесе олардың уақытша төлем қабілетсіздігіне алып келді. Мысалы, статистиканың мәліметтері бойынша, ҚР-да терең экономикалық дағдарыстың нәтижесінде залалды кәсіпорындардың саны 80%-ды құрайды. Мұның нәтижесінде Қазақстандағы төленбеген төлемдер өте үлкен шамаға жетті, ал бұл өз кезегінде баспа-бас айырбас мәміленің үлкен көлеміне алып келді. Алайда, экономиканың тұрақтану жағдайында елде мұндай кәсіпорындардың болмауын күтпеген жөн. Мысалы, АҚШ-та жаңадан құрылған шағын және орта кәсіпорындардың 50%-ы өздерінің қызметін бір жылдың ішінде тоқтатады. Сонымен қатар заңмен танылған банкроттар бар-жоғы барлық кәсіпорындар санының 1%-ын құрайды. Жоғарыда айтылғандар дағдарысқа қарсы басқару бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.
Неліктен алғашқы кезде қолайлы болған кәсіпорындар төлем қабілетсіздік жағдайға ұшырайды? Теория көрсетіп және тәжірибе растап тұрғандай, қазіргі жағдайда төлем қабілеттілігінің бұзылуы кәсіпорын стратегиясының сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне сәйкес келмеуінен пайда болады.
Осыдан 30 жыл бұрын кәсіпорынды басқару тәжірибесінде стратегиялық қағидалар болмаған. Тек 60-70-інші жылдарда басқарудың жаңа әдістері және сонымен қатар «стратегиялық басқару» термині пайда болды. Бұл ең алдымен бизнестің сыртқы ортасының өзгеруімен байланысты. (Сурет 1)
Кез келген жағдайда өзгерістерге дайындалып үлгермейтін кәсіпорынды дағдарысты деп есептеуге болады. Мұндай жағдайға ұшырамау үшін кәсіпорынның экономикасы дағдарысқа тап болған себептерін уақытында түсіну керек және қиындықтардың (қаржылық қиындықтар) сыртқы көріністеріне дейін шаралар қолдану қажет.
Aз өзгермелі сыртқы о
Өзгермелі сыртқы орта ,
өзгерістер болмашы,бірақ
Тез өзгермелі сыртқы орта,
кенет және білінбейтін өзгер
Тұтынуш
Сурет 1.Ұйымның және басқару қағидаларының эволюциясы
Дағдарысты жағдайда болған қазақстандық кәсіпорындарда жүргізілген зерттеулер кәсіпорынның дағдарысқа ұшырайтын себептер кешенін айқындады. Оларды екі топқа бөлуге болады:
1. Сыртқы факторлар, олар кәсіпорынға байланысты емес немесе кәсіпорынға аз - маз дәрежеде әсер етуі мүмкін (Кесте 1).
2. Дағдарыстың ішкі факторлары, олар кәсіпорын қызметінің нәтижесінде пайда болады және оларға мыналар жатады:
1) нашар басқару;
2) жеткіліксіз қаржылық бақылау;
3) маркетинг аумағындағы жеткіліксіз күш-жігер;
4) сәтсіз сатып алулар және қосылулар;
5) өндірісті (операцияларды) әлсіз басқару;
6) сауда-өндірістік қызметтің шамадан тыс кеңеюі;
7) ірі жобаларға жеткіліксіз есептелген салымдар.
Енді оларды толық қарастырайық:
1. Нашар басқару. С.Слаттер (1984) оның бес негізгі көрсеткіштерін анықтаған:
- өктемшілік (авторитарлық);
- тиімді қадағалаушы комиссияның болмауының барысында компанияның басқарма төрағасының және атқарушы директорының қызметтерін біріктіру;
- тиімсіз директорлар кеңесі;
- қызметтің негізгі бағыттарын басқарушылармен ескермеу;
- топ-менеджерлерде басқарушылық дағдылардың жеткіліксіздігі.
2. Жеткіліксіз қаржылық бақылау. Шығындар, сметалар, ақша қаражаттың қозғалысы және тағы басқалар туралы мәліметтерді беретін.

1 кесте - Дағдарысты дамудың сыртқы факторларын талдау
Факторлар Дағдарысты факторлардың көрінісі Мүмкін болатын салдары
Ұлттық экономиканың жағдайы Үкімет банк пайызының мөлшерлемесін, ақша массасын, салықтарды реттеу арқылы экономикалық саясаттың нашарлау салдарын тегістеуге тырысады Несиенің қымбаттауы, шығындардың өсуі
Саяси факторлар Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке тыйым салуы немесе шектемелі сипатына көзқарасы; үкімет қызметінің тұрақсыздығы және т.б. Инвестициялық ахуалдың нашарлауы, елден капиталдың әкетілімі
Құқықтық факторлар Монополияға қарсы реттеудің жеткіліксіздігі; сыртқы экономикалық қызметті шектеулі реттеу; заң шығарушы базаның дамымауы Өнімге бағаны көтеру есебінен монополист-кәсіпорындармен пайданы көтеру; өндірістің құлдырауы; қажетті заң шығарушы базаның болмауы; сыртқы нарыққа шығудың қиындықтары
Әлеуметтік факторлар Дәстүрлер, өмірлік құндылықтар; экономиканың әкімшілік-жоспарлы менталитеті; қаржыны басқару дағдыларының болмауы; мәдениеттің жоғары емес деңгейі Басшылықтың төмен деңгейі; ысырапқорлыққа тартымдылық; қылмыстылық, жемқорлық
Технологиялық факторлар Мемлекеттің ғылымға және техникаға шығындары; төмен техникалық деңгей Технологиялық тоқырау; өнімнің жоғары өзіндік құны және төмен сапасы; кәсіпорындардың бәсекеге жарамдылығының және өнімділігінің төмен деңгейі
Сатып алушылар мен жабдықтаушылардың өзара қарым-қатынасы Түсімдердің өсуінің жай қарқыны; өнім, шикізат жеткізілімінің кідірісі Төленбеген төлемнің өсуі; өнім сапасының және өндіріс көлемінің төмендеуі
- ақпарат жүйесінің әлсіздігі құлдырауға мүмкіндік туғызады. Слаттер жалпы төрт мәселені айқындады:
1) ұсынылатын ақпаратты қате немесе сәйкессіз түрде беретін басқарушылық есептің сәтсіз әзірленген жүйесі;
2) нақты алынған ақпаратты әлсіз қолдану;
3) бақылауға кедергі жасайтын ұйымның сәтсіз құрылымы;
4) үстеме шығындарды бөлудің нашар жүйесі.
3. Маркетинг аумағындағы жеткіліксіз күш-жігер. Мұндай жағдай өткізудің сәтсіз құрастырылған жоспары барысында, оның тұжырымдамасының болмауынан, нарықты зерттеу бойынша ақпараттың жеткіліксіздігінен және тағы басқа жағдайда пайда болуы мүмкін.
4. Сәтсіз сатып алулар және қосылулар. Сатып алу саясатын жүргізетін компаниялар қайтарымдарды ала алмаулары мүмкін, ал ол өз кезегінде жылдам құлдырауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сатып алулар компанияның негізгі қызметімен байланысты болмағанда және синергияны қамтамасыз етпегенде болуы ықтимал.
5. Өндірісті (операцияларды) әлсіз басқару. Құлдырау сатысындағы компаниялар өздерінің өндірістік қызметіндегі мәселелермен жиі кездеседі. Сондай-ақ олар шығындардың тиімсіз құрылымына ие болуы мүмкін. Ал бұл нашар қызмет қатынастары, өндірістің тиімсіз әдістері немесе жұмысшылардың әлсіз дайындықтарынан болуы мүмкін.
6. Сауда-өндірістік қызметтің шамадан тыс кеңеюі. Көптеген кішігірім компаниялар операциялардың шамадан тыс кеңею мәселесінен азап шегеді.
7. Ірі жобаларға жеткіліксіз есептелген салымдар. Ірі жобаларға үлкен қаражатты инвестициялау жиі пайдалылықтың төмендеуіне немесе банкротқа алып келеді. Ірі жоба (мұндайға жаңа өнімге немесе үдеріске елеулі күрделі қаржы жұмсалымы, маркетинг аумағындағы кең ауқымды компаниялар және тағы басқалар жатады) компания қаражатының елеулі сомасын талап етеді.
Кәсіпорын қызметінің нәтижесінде пайда болған ішкі факторлар дағдарыстың себебі болуы мүмкін. Ішкі факторлар сыртқы факторлардың іс-әрекетін күшейтетінін зерттеулер растады. Қазақстандық кәсіпорындарда экономикалық дағдарыстың ішкі себептерін соңғы екі жылдағы сату көлемінің ұлғаюынан немесе азаюынан көруге болады.
Егер өнімді сатуда ешқандай мәселе болмаса, онда оның себебі өнімнің өзінде емес, айналым қаражатының айналымдылығында. Егер айналымдылық аз болса, мәселе өндірістік циклдың үлкен ұзақтығымен байланысты болады және циклдың әлсіз буынын айқындау керек. Ол жіберілген тауар төлемінің кідірісі болуы мүмкін. Ондағы дағдарыстың себебі тауарды сатудың шарт талаптарымен бағаны бақылау және баға саясатымен байланысты болады (мысалы, тауар жеткізілімі алдын-ала төлемсіз жүзеге асырылады). Жоғары бағалар өндірістің жоғарғы шығындарымен баланысты болуы мүмкін. Онда тауар өндірісіне жұмсалған шығындардың өзгеру серпінін және олардың өсу себептерін анықтау керек.
Қаражаттың үлкен айналымдылығы арқылы экономикалық дағдарыстың себебі тауардың пайдалылығында тұжырымдалады. Егер сату көлемі азайса, себебін өнімді өткізуден іздеу қажет. Бұдан кейінгі сұрақтар дайын өткізілмеген өнім қорларының болуымен, тауардың тұтыну қасиетімен, баға саясаты және тауардың жылжу және өткізу жүйесімен байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде дағдарыстан шығу, оны тудырған себептерді жоюмен байланысты болады, ал бұл шығысты жоспарлау үдерісін дағдарысқа қарсы басқарудағы стратегия және тактика деп атауға болады.
Экономиканың дағдарысты жағдайы, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі, өзара төленбеген төлемдердің өсуі, айналым қаражатының жеткіліксіздігі кәсіпорындарда дағдарысқа қарсы басқарудың стратегиясын әзірлеудің қажеттілігін ескертеді, бұл жерде екі маңызды методологиялық аспектілер қарастырылады:
1) дағдарысқа қарсы басқарудың мәнін бейнелеу;
2) кәсіпорындарда ерекше беталыстарды бөлу.
Дағдарысқа қарсы басқару объективті және субъективті сипатты себептер бойынша пайда болатын кәсіпорынның дағдарысты жағдайын жеңу үдерісі болып саналады.
Дағдарысқа қарсы басқару келесідей бағыттар бойынша жүргізіледі:
• шаруашылық қызметтегі басым тәсілдемелерді бөлу, яғни іскерлік белсенділіктің жоғарылауына мүмкіндік туғызатын өзіне тән өсудің нүктелері;
• ресурстық қамтамасыз етуді негізді болжау;
• атқарылатын жұмыстың сандық және сапалық белгілерін бағалауды, және де кәсіпорында жүргізілетін әрекеттерге түзетулерді енгізу мүмкіндіктерін анықтау.
Дағдарысқа қарсы басқаруды жүзеге асыру барысында келесідей бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
1. Қабылданатын шешімдерді атқаруды жан-жақты бақылау базасындағы басқару, бұл жерде дағдарысты жағдайдағы кәсіпорынның қызметі пайда болған уақиғаларды жұмыспен өтеуге бағытталған, яғни кәсіпорынның жылдам бейімделуі қамтамасыз етіледі. Менеджментте қабылданған дәстүрлі көзқарасқа сәйкес кәсіпорынның мақсаты болып өміршеңдік табылады деп есептейміз. Оның ең негізгі өзіндік ерекшелігі болып - өзгермелі сыртқы жағдайларға бейімделу (өткізімнің төмендеуі, жаңа технологияның пайда болуы және т.б.) табылады.
2. Өзгерістерді болжау негізіндегі басқару, бұл стратегиялық жоспарлау көмегімен жүзеге асырылады. Дағдарысқа қарсы басқару жүйесінде стратегиялық жоспарлау стратегиялық мақсаттарды анықтау үдерісі ретінде және келесідей жағдайлардың барысында, оларға жету жолдарын орындауды түсіндіреді: шығарылатын өнімнің сұрыпталымын жүйелі түрде жаңарту; кәсіпорынды дүркіндік қайта ұйымдастыру; пайданың және сату көлемінің мүмкін төмендеуі. Бәсекелестік күрестің нәтижесі ретінде стратегиялық жоспарлау өндірістік қызметтің негізделген болжамын құруға, тұтынушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге, персоналдың белсенді қызмет етуге жоғарғы дайындығына, және де айналымның және өндірістің шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
3. Оперативті шешімнің негізіндегі басқару, соның ішінде стратегиялық мақсаттарға жету үшін тез арада араласуды талап ететін апаттық және басқа да жағдайларда. Мұндай басқарудың негізгі әдістері болып ұйымдастырушылық өзгерістер табылады, соның ішінде құрылымды жетілдіру, жұмысшыларды қайта дайындау және оларды алмастыру, яғни стратегиялық мақсаттарға жетудің қажетті шарты ретінде сыртқы ортаның динамикасына сәйкес ұйымды өзгерту. [2]
Қазіргі кезде экономикалық өсудің критерийлері бойынша стратегияның сыныпталуы кең қолданылады:
 шоғырландырылған өсу стратегиясы – жаңа өнімді шығаруды немесе
жетілдіруді болжайды, және де нарықтағы кәсіпорынның жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін немесе жаңа нарыққа өтуді қарастырады;
 біріктірілген өсу стратегиясы – меншікті сатып алу есебінен экономикалық өсуді, және де жаңа өндірістік құрылымдарды құруды қамтамасыз етеді;
 әртараптандырылған өсу стратегиясы – кәсіпорын нақты нарықта, белгілі бір саланың шеңберінде, белгіленген тауарлармен әрі қарай дамымаған жағдайда жүзеге асырылады;
 өндірісті қысқарту стратегиясы, немесе жою стратегиясы, - кәсіпорын күш-қуатты қайта топтастыруды, құрылымдық қайта құруды немесе жоюды қажетсінгенде жүзеге асырады.
Алғашқы екі стратегияны жүзеге асыру барысында саланың ішіндегі кәсіпорынның жағдайы өзгереді. Банкротқа ұшырау тетігінің негізгі идеясы болып, пайдалылығы төмен өндірісті жою табылады. Жою стратегиясы кәсіпорын әрі қарай бизнесті жүргізе алмаған жағдайда, өндірістің толығымен тұқырту үдерісін көрсетеді.
Кәсіпорын қызметін талдау барысында, жағдайдың пайда болу келешегін бағалауда стратегияның төрт түрінің сапалы ара қатынасын қарастыру маңызды болып саналады. Қарастырылған сыныпталуда стратегияның алғашқы үш түрі ілгерішілдікке бағытталған қызметті бейнелейді. Оның нысандары болып нарықтағы жағдайды жақсарту, саладағы жағдайды күшейту, басқа тауарлар нарығына көшу немесе олардың құрамдастырымы. Берілген стратегия түрлері үшін кәсіпорынның және менеджердің мінез-құлығының міндетті шарты сипатты, ол – негізгі қызмет аумағындағы белсенділік, яғни нарықтағы жағдайды тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іздеу. Сонымен қатар, екі негізгі бағыт бойынша жағдайдың тұрақты жақсаруы болжанады: келесі стратегиялық орағыту үшін меншікті қаражаттың жинақталу қарқынын ұлғайту немесе тұтынушылардың тұрақты категорияларымен байланысты тереңдету және нарықтағы өзіндік жағдайды жақсарту. Бұдан басқа тауарларды өндірудегі техниканың және ғылымның жетістігін жеделдетіп меңгеру үшін және коммерциялық нәтижені алу үшін жаңа әзірлемелерге тұрақты бақылауды қамтамасыз ету қажет.
Дамудың сапалы факторларының бірі болып, өндірісті қысқарту немесе жою стратегиясы табылады. Берілген стратегия жиі өндіріске немесе жеке тауарларға таралады және кәсіпорынды қайта құрумен байланысты. Бұл түсінік пайдалылығы төмен өндірістен кәсіпорынды босату үдерісімен және ертеректе қарастырылған үш стратегияның біреуін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жеделдетірілген перспективалық даму үшін әлуетті құрумен теңбе-тең.
Таза күйінде жою өте сирек қолданылады. Тұқырту үдерісі және шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесі өзара байланысты. Мұндай басқару тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін менеджермен орындалатын төрт стратегияны нысаналылық құрамдастыру ретінде елестетуге болады. Менеджменттің өнері сыртқы ортаның ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?