Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру

 Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру

Мазмұны
КІРІСПЕ...............................................................................................................5-6
1 Оқушыларды отансүйгіштік интерноционалдық тәрбиелеудің теориялық мәселелері.
1.1 Патриоттық тәрбие – педагогикалық проблема ретінде...........................7-9
1.2 Ұлттық патриотизмді оқушы бойына қалыптастыру жолдары.............10-14
2 Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негіздері.
2.1 Қазақ халқының патриоттық дәстүрлері...............................................15-18
2.2 Оқушыларға патриоттық және интернационалдық тәрбие берудің негіщзгі мәселелері........................................................................................................19-20
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................21-22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................23
ҚОСЫМША....................................................................................................24-27

КІРІСПЕ
Зертеу жұмысының көкейкестілігіне Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді ел. Біздер қазіргі ұрпақ, патроттық тәрбие бергені үшін ата- бабаларымызға шынайы алғысымызды білдіруіміз керек. Бұл сезім жоңғар шапқыншылығы кезінде, азамат және Ұлы Отан соғысы жылдарында, кейінгі желтоқсан оқиғалары кезхінде анық байқалып отырады. Әрбір елдің азаматтары өз елінің дамуына, оныңөһркендеп жетілуіне ұлттық салт- дәстүрлерінің сақталуына ат салысады. Бұл істермен оның патриоттық сезімі көрінеді.
Қазіргі уақытта елімізде патриоттық сезім өзекті мәселе болып отыр. Жастардың көбі патриоттық сезімнің не екенін түсінбейді. Олар Еуропа елдеріне қызыға қарайды. Бұны олардың іс - әрекеттерінен байқау қиын емес. Сонымен қатар, ең ауыры – нашақорлыққа үйреніп, бұл жолғам түсіп жатқан жастардың саны күннен – күнге көбеюде. Ал нашақорлық ұлттық генофондтың бұзылуына алып келетіне мәлім. Сондықтан да бұл ең маңызды келелі мәселе болып отырғанын бүкіл қауым түсініп отыр. Егер бұлардың жолына тосқауыл қойылмаса, онда біз ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымызды, тілімізді, менталитетімізді, ұлттық ерекшелігімізді келер ұрпаққа жеткізе аламыз ба?
Ұлттық генофондтың бұзылуы: ұлтымызды жоғаттуға дейін апаруы мүмкін екендігін ұмытпауымыз керек. Біз бұл еңбегімізде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің тиімді жолдарын, осы мәселенің шешілу жолдарын қарастырдық. Әрине бұл бір жылда шешіле кететін мәселе емес. Оны шешу үшін, яғни жастардың бойында патриоттық сезімді ояту үшін бүкіл қоғам болып еңбек ету керек.
Біздің негізгі қарастырып отырған мәселеміз қазіргі жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу болғандықтан, жоғарғы сынып оқушыларын тәрбиелеу жүйесіне патриоттыққа байланысты сынып сағаттарының және осыған орай жарыстардың өткізілуі, қазақ зиялылары мен батырларының мұражайына апару, мектептерде сабақ басталарда әнұранның айтылуы енгізілуі тиіс.
Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесімен балабақшадан бастау алатына айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез – құлық қалыптастыру, ұлттық салт – дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту ата – ана парызы.Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай- ақ туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туады.
Зерттеу жұмысының обьектісі: Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясын негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Курсытық жұмыстың міндеттері:
Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың көрсеткіштерін айқындау;
Бастауыш сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІК ИНТЕРЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу – тәрбие ісіне ұдайы көңілбөлініп келеді. Оқу – тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел.
Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызы нәтиже – оның барысында қалыптасқан жаңа адам бостандықты, жеңіл алып, оны күрестерде қорғай білген, барлық сын – сынақтардан өтіп, өзі адам танымастай болып өзгерген. Өзінің бұрыңғы қасиетеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне білетін адам.
Ұлттық дәстүрге берік, елің жерің сүйетін азамат тәрбиелеу, оқушылардың бойына қазақстандық отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр.
Қазіргі кезеңде «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халқының отансүйгіштік сезімін қалыптастыратын азаматтық келісім,
Ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында.
Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдердіұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиеті ұғым.
Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілік емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып бірте – бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағасы бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.
Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір – қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген, жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын, қанын төгіп қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянады.
Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.
Халықтың отаншылдық сезімін қалыптастыру үшін алғы шарттар пісіп жетілуі керек. Сол алғы шарттардың пісіп жетілуімен сабақтаса адамдардың сана сезімі артып, жаңа құндылықтарды, оның ішінде отаншылдық сезімді бойына молырақ сезінетін болады.
Отансүйгіштік сана – сесезім болса, ол отан құндылығы көрінісінің нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата баба санасының қажеттігі мен ұмтылысына, құлшынысынан туған елдік салт – дәстүрлерді адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау.
Адам қауымдасып өмір сүргеннен бастап, қандай ғылым болмасын адамзаттың ақыл – ойынан, өмірден, іс – тәжірибеден туындайтыны аян. Адам өміімен тікелей байланысты тәлім – тәрбиелік тұжырымдамалар халық тәрбиесі мен ғылыми ойдың ажырамас туындысы. Ал, халықтық тәлім- тәрбие әр ұлттың ғасырдан- ғасырға жалғасқан мұрасы. Сондықтан да этнопедагогика педагогиканың негізі, нәр беретін тамыры болмақ.
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен тығыз байланысты. Рухани дүниенің басты қасиеттері – адамгершілік, әділеттілік т. б. дәстүрлерді Аристотель: «Адамның қалыптасуына, оның жер бетіндегі міндетін атқаруына сабақтас қасиеттер» - деп қарастырады. Цицеронның пайымдауынша, Отан деген ұғымға, ең алдымен, саяси орта, құқықтық қатынастармен байланысы бар адамдар бірлестігі және мемлекет кіреді.
Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында екінші Аристотель матанған Әбу Насыр әл – Фараби, Махмұд Қашқари, ақын- жыраулар Асан қайғы, Доспамбет жырау Аймауытұлы, Бұқар жырау Қалұаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да айтқан болатын. Халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын – Махамбет өз өлеңдерінде шаруалар көтерілісіне, әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білген. Ол өзінің жалынды өлеңдерімен халықты озбырлыққа қарсы күресуге шақырады.
20 ғасырдың ортасына дейін қазақ халқы өз тарихында талай – талай заман тауқметін тартып, жер бетінен жоңғар елі сияқты құрып кету қаупіне де душар болған. Мәселен академик М. Қ. Қозыбай дерегі бойынша, қазақ жерінде 17 ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300- ге жуық ұлт- азаттық көтерілістер болған. Осының өзі ата – бабаларымыздың елге деген патриоттық сезімдерінің шынайы үлгілері бола алады.
Сонымкен қатар елді, туған жерлі қорғауға ата дәстүрінен сусындаған ақылды да парасатты халық перзенттері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Қарасай, Жәнекей, Райымбек, Есет, тағы да босқа ұлы адамдар шықты. Ешбір қиындықтың алдында басын имеген ата – бабамыз осы заманнан дейін мәдени мұралар мен патриоттық тәлімді жеткізген. Бұл мәдени мұралар ғұн, сақ, сәмби, жужан, қыпшақ, оғыз дәуірінен бері келе жатқан мұралар.
Қазыбек бидің жоңғар қоңтайшысына айтқан сөзін қазақтардың патриоттық сезімінің айқын белгісі дер едік:
«Біз – қазақ мал ьаққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достығымызды бұзса, ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң болам деп мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз... Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар – жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.»
Әлихан Бөкейхан – дара тұлға, ұлт теңдігі жолындағы күреске бел шешіп кіріскен адам. Бұл кезде қазақ халқының бостандығын, егемендігін, тыныштығын аңсаған қазақ зиялылары үлкен бір топ құрып, тоқтамас қуатты күшке айналды.
1.2 ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ОҚУШЫ БОЙЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген сүіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Өсіп келе жатқан жас ұрпа қты патриотизмге тәрбиелеу қашан да толастамаған. Сонау төңкеріс жылдарынан бастау алатын «советтік патриотизм» Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткізді. Одан кейінгі жылдары патриотизмге баулу, жан-жақты үйлесімді дамыған адам, тұлға тәрбиелеу, коммунистік мораль қалыптастыру аясында үргізілді. Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік- экоомикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан-ұрпаққа алғасқан салт- дәстүріе құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр. Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізіді.
Елбасы Нұрсыблтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Жолдауында: «Оқушыларды қазақс тандық патриотизмге, шығармашылық ағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез- құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек,» - делінген.
Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепте, үйге, жақынына, туған қаласына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбинесінің сабақтастығын көздейді. Грке ғалымы Платон «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз» деп тегін айтпаған. Бала бойындағы тәрбиенің бастауын ата-ана қалыптастырса, мектептегі тәрбие көзін жеткізуші, әрине тәрбиешісі мұғалім болып табылады. Ұрпаққа беріліп жатқан адамгершілік дене, экономикалық, экологиялық, ақыл- ой тәрбиесімен қатар ұлттық патриоттық тәрбие ерекше орын алады.
«Мен келешектің иесімін» деген ұрпақтың бойында білім, білік, адамгершілік, ар-намыс қатар Отанды сүюге деген қасиеттер болады. Баланың өз Отанын сүюі немесе оған түсінбеушілікпен қарауы оның ес білгелі көрген тәрбиесіне байланысты. Қазақ халқы ата-бабамыздың ұлы байтақ жерін тұмсықтығы шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай ұстап аман – сау жеткізуінің өзі, бесіктегі нәрестені адамгершілікке ғана тәрбиелемей отансүйгіштікке, елін, жерін, қорғауға тәрбиелеуінің негізгі дәлелі. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруды мұғалім оқушыдан бұрын өз бойында қалыптастыру қажет. Оқушыларға тәрбие бере отырып, мұғалім өзінің бойындағы тәрбиелік қасиеттерін, өзінің адамгершілігін, өзінің Отан сүйгіштігін айналасындағы өзін қоршаған ортаға көрсететіндігін білуі тиіс. Сабақ барысында «Ана тіліміздің тұғырын биікке көтерейік» немесе «Ұлттық ар-намысымызды ту қылып ұстаңдар» деген патриоттық сөздерді айта отырып, өзіміз орысша сөйлеп тұрсақ, (оқушылардың ортасында емес) болашағымызды бұлыңғыр деп есептесек, біздің алдымыздағы оқушымыздан ешқандай патриот, «Отаным» деп жүрегі соғатын ұрпақ шықпайды. Сондықтан да ең бірінші өзімізді еліміздің нағыз патриоты болуға тәрбиелеуіміз керек. Оқушы бойындағы патриоттық, ұлттық рухты көтеру үшін бірінші мұғалім өзі үлгі болумен қатар, басқа да үлгі боларлық жұмыстар атқаруы тиіс.
Бұл – қазір жалпы қазақ иісті азаматтарды ойландырып, толғандыратын көп мәселенің бірі. Өйткені, Республикамыздың бүкіл әлемдік мәдени кеңістікке жеке әлеуметтік- саяси субъект шындық десек, қай кезде де қоғамның әр түрлі түбірлі дағдарыстарға тірелмей, өз азаматына қызмет жасап – адамның өзіне тікелей байланысты екендігі тарихтан белгілі. Мәселен, қазақ халқының бұрыңғы дәстүрлі қоғамнан қалған тарихи- рухани мұраларындағы басты мәселе – қоғамның жағдайы адамның өзіне қатыстырылып қарастырылған. Олай болса, бүгінгі Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтуымен дамуының обьектвті шартарының бірі – патриотизм.
Ұшы-қиырсыз дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы үлкен тарихында жас ұрпаққа саяси патриоттық тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттық өзіндік салт санамен әдет-ғұрп, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік саяси жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға саяси тәлім- тәрбие берудің айрықша талаптарын тілектерін, дүниеге әкелді. Мәселен жас адамның жұртқа танымал саяси- патриоттық нормасы белгіленеді, оның мәні- «сегіз қырлы, бір сырлы» отаншыл, шынайы патриот азамат тәрбиещлеу еді. Міне, осы қағидада сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын саяси- этикалық ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?