Педагогика | Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану

 Педагогика | Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мазмұны
КІРІСПЕ..........................................................................................................3-7 бет
І-ТАРАУ Білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері.
І.1.Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері.........8-21 бет
І.2.Ақпараттық технологиялардың мазмұны..........................................22-33 бет
ІІ-ТАРАУ Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі.
ІІ.1Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудың қазіргі жағдайы......................................................................................................34-45 бет
ІІ.2. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесінен...........................................46-56 бет
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................57-59 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................60-61 бет....

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Педагогика ғылымы әркез оқытудың жетілген жаңа моделдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б.
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық- ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
Экономикалық нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішіндерін
дамыту;
Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр. 1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интеллектуладық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың Демократиялық бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.
9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) Меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарының;
2) Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру
бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті
стандарттарының;
3) Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Білім беру жүйесінің басым міндеттері мыналар болып табылады:
- Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
- Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
-Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, озық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы, қоғамға қарсы келген кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
- Республиканың қоғамдық саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасы қалыптастыру.
- Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне бару, қазақ халқы мен Республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру;
- Білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
- Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жүмысшылар мен мамандар даярлау және біліктілігін арттыру;
Жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткен.
Қазақстан Республикасында нәтижеге бағытталған білім берудің 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы шеңберін де орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне енгізілетін үлгі ретінде 2003 жылы пайда болды.Бұл құжатқа сәйкес, бірінші кезеңде нәтижеге бағытталған білім беру үлгісін жасау және сынақтан өткізу мәселесі шешіледі. Онда былай деп атап көрсетілген.
Мұндай үлгіні жасау үшін төмендегідей шаралар қабылданады.
1. Күтілетін нәтиже түрінде білім беру мақсаттарының жүйесін әзірлеу,
ол үш деңгейден тұруы тиіс:
а) Ұлттық деңгей: оқыту нәтижесінде қоғам қандай адамды және азаматты
қалыптастырып шығарғысы келеді. Қазақстан үшін білім берудің ұлттық мақсаттары бірнеше кең көлемдегі базалық біліктер: үш тілдің еуразиялық көп мәдениеттілік, қатысымдылық, технократтық және т.б болуы мүмкін;
ә) кең көлемдегі білім салаларының деңгейі, мұнда ұлттық мақсаттар
түйінді біліктер түрінде нақтылануы тиіс;
б) Білім беру пәндерінің деңгейі.
2.Сыртқы ағымды және қорытынды бағалау жүйесін құру. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі білім сапасын кешенді емтихандар арқылы бағалауға, білім алушылар мен білім беру ұйымдарының даму динамикасын қадағалау үшін білім сапасының мониторингін жүргізуге, білім сапасын тұрақты қадағалаудың кешенді жүйелерін құруға мүмкіндік береді.
3. Оқыту ұйымдарының қағидаларын, оқушы ролін білім, іскерлік, дағдыны енжар «алушыдан» білім үдерісінің белсенді танушы субъектісіне өзгерту.
Орта білім берудегі күтілетін нәтижелерді және мониторинг мәліметтері негізінде оларға жету жолдарын талдау үдерісіне барша қауымды қатыстыру жүйесін құру.
Диплом жұмысының обьектісі – бастауыш мектептердегі оқыту процесі.
Диплом жұмысының пәні. Бастауыш мектепте математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану.
Диплом жұмысының мақсаты. Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер, талаптарға шолу, талдау жасай отырып, білім беруді ақпараттандырудың мәні мен мазмұнын сипаттау, ақпараттық технонологияларды қолдана отырып математика сабағын өтудің тәжірибесін ұсыну.
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мен оның міндеттерін оқып-үйрену.
- Білім беруді ақпараттандырудың даму тарихына шолу жасау.
- Білім беруді ақпараттандырудағы жаңа технологияларды оқып-үйрену.
- Ақпараттық технологияларды оқу процесіне ендірудің кейбір әдіс- тәсілдерін меңгеру және іс жүзінде қолдану.
Практикалық маңыздылыгы - диплом жұмысын жазу барысында жасалған ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен көптеген ақпараттық жаңа технологияларға жасалған шолу, талдау жұмыстарының қорытындысы білім процесінде қолдануға, теориялық білімді толықтыруға зор ықпал етеді.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-ТАРАУ Білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері.
І.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері
"Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" (Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 1999, маусым).
Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасындағы Барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдыкпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды.
Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады.
Орта білім беру саласында Үкімет азаматтардың мемлекеттік білім беру мекемелерінде тегін орта білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуте мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жоғары білім беру саласында Үкіметтің қызметі ел дамуының стратегиялық бағыттарында кадр құқығын сақтауға және дамытуға; ғылыми мекемелер мен жоғары оку орындарын интеграциялауға; басым бағыттар бойынша жоғары білікті ғылыми кардрларды даярлауға және аттестатциялауға жоғару оқу орындарын оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.
Орта білім беру жүйесінде балаларды мектепке дейін даярлаудың енгізілуіне байланысты мектепке дейінгі тәрбиенің педагогикалық қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру; бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеу және кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Жоғары білім беру жүйесінде білім берудің мемлекеттік "жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;
Ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары мен несиелері жүйесі дамытылады;
Жоғары оқу орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан, аттестациялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және енгізіледі;
Жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;
Ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграциялау жүзеге асырылады;
Білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылғы сенімді басқаруға беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына кейіннен белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда жекешелендіру құқұғын беру жөнініде эксперимент басталды;
Білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару жалғастырылады.
Орта білімнің екінші сатысы
Бұл сатыдағы оқу 15-16 жаста міндетті білім алуды аяқтаған соң басталып, орта білімнің үш жылынан кейін аяқгалады. Жалпы білім маңызды бағыт болып табылады; бірінші сатыға қарағанда мамандануға көп көңіл бөлінеді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?