Қазақ тілі | Бастауыш кластарда сөйлемнің соңында келетін тыныс белгілерді үйрету
Мазмұны
І. Кіріспе.......................................................................................
ІІ. Пунктуация туралы жалпы түсінік..........................................
ІІІ. Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары...............................
а) нүкте;
ә) сұрау белгісі;
б) леп белгісі;
в) көп нүкте;
ІV. Бастауыш кластарда сөйлемнің соңында келетін тыныс белгілерді үйрету жолдары......................................................................................
а) нүкте;
ә) сұрау белгісі;
б) леп белгісі;
V. Қорытынды......................................................................................
VI Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................
Кіріспе
Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылыми негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой- өрісін, тіл байлығын ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларын еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс, қатесіз жазуға үйрету жұмысында көзделетін негізгі мақсат – олардың қате жібермей, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Ал жазбаша жұмыстарында тыныс белгілерін дұрыс қоя білу сауаттылықты арттырады, әрі сөйлемді дұрыс құруға көмектеседі. Тіліміздегі сөздер синтаксистік қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол байланыстарды мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері. Сондықтан тыныс белгілерін «оқудың нотасы» дейтін себебіміз де сондықтан. Әрбір тыныс белгісінің өзіне тән интонациасы болатындығы белгілі. Ал, керісінше, тыныс белгісі қойылуға тиісті емес жерге де интонация мен үзіліс (іркіліс) жасалады. Тыныс белгісі мен интонацияның, үзілістің сай келетін жерлері де бар.
Жазғанды, айтқанды ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн. Айтайын деген ойды оқырманға дәл де нақты жеткізу үшін әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы керек.
Сөздерді дұрыс орналастырып жазғанымен, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасаң, айтайын деген ой дұрыс берілмейді. Қате түсінуге ықпал етеді.
Хронологиялық жағынан алғанда, қазақ тілінің тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектердің бірі- Ш. Сарыбаевтың «Сөйлемде үтірдің қойылатын орындары» туралы шағын мақаласы. Автор бұл мақаласында оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың тыныс белгілерін қоя білуде интонацияның рольін бағалауы дұрыс. Дегенмен автор мұнда тыныс белгілерін тек интонацияға ғана байланыстырып қарап, мәселені бір жақты шешеді, интонация пунктуациялық негіздердің бір түрі ғана екені ескерілмейді. Ш. Сарыбаевтың екінші мақаласы – «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасында қойылуға тиісті сызықшаға» арналған. Автор бұл мақаласында сөйлемнің бастауышын сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінен ажырата білу керектігіне, яғни бастауыштың басқа бір мүше, мәселен не анықтауыш, не басқа бір тұрлаусыз мүше ретінде танылу қаупі болса, ондай бастауыштан соң сызықша қойып жазу қажеттігіне көңіл бөлген.
Тыныс белгілері жөнінде С. Жиенбаевтың шағын көлемді екі мақаласы бар. Оның екеуі де « Тыныс белгілер» деп аталады. Автор бірінші мақаласында жалпы тыныс белгілерінің маңызына тоқтала келіп, үтірдің қойылатын орындары туралы ережелер береді. Автордың өз сөзімен айтқанда, олар мыналар: « араларында демеу жоқ» бірнеше мүшелердің үтірмен ажыратылатындығы, тектес мүшелер арасында «я», «немесе», сияқты демеулер тұрса да, үтір қою керектігін, ал тектес мүшелер арасында «мен», «және», «тағы да» т.б осы тәріздес жалғау, демеулердің бірі қолданылса, олардан соң үтірдің қолданбайтындығы; қаратпа, қыстырма, оңашаланған, мүшелерді сөйлемнің басқа мүшелерінен, үтір арқылы бөлу қажеттігін сөз етеді.
Х. Басымов «Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік» деген мақаласында тыныс белгілерін дұрыс қоюының негізгі граматикалық құрылыс және дауыс ырғағы делінеді. Алайда, автор бұл дұрыс пікірін тереңдетіп, нақты дәлелденкіремеген. Мақалада сұрау мен леп белгілерінің қойылатын екі жағдайы ғана сөз етіледі.
А. Нұғмановтың «Пунктуацияның бір мәселесі» деген мақаласында бастауыштан кейін қойылуға тиісті интонациялық сызықша жөнінде айтылады, дегенмен, бұл-ұшқары, бір- біріне қайшы пікірлері көп мақаланың бірі.
Бұлардан басқа «Пунктуацияның кейбір мәселелері», «Сызықша туралы түсінік», «Қазақ жазбасында тыныс белгілерін қолдану тарихына қатысты соңғы деректер» сияқты мақалалар жарық көрді. Бұл мақалаларда пунктуацияның теориялық мәселелері сөз етіледі.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытындылар шығаруға болады.
Аталған мақалалар қазақ тілі пунктуациясының әр түрлі мәселелерін баяндауға арналған. Сондықтан олардың тыныс белгілері жан жақты зерттелмеді, қазақ тілі пунктуациясының ерекшеліктері толық қамтылмады деп кінәлау орынсыз болар еді. Мұнда пікір қайшылығы, ескірген ережелер де кездеседі. Тыныс белгілері жөнінде жазған осындай азды- көпті мақалалар қазақ тілі тыныс белгілерін әлі де зерттей түзеу керек екендігін аңғартады. Әсіресе бастауыш сыныптарда тыныс белгілерін игерту мәселесі әлі де зерттеу обьектісіне айналмай отыр. Міне сондықтан біз «Бастауыш сынып оқушыларына пунктуацияны меңгертудің жолдары» деген тақырыпты таңдап алдық.
Диплом жұмысының міндеті:
Озат ұстаздардың іс – тәжірибелеріне, ғылыми әдіскерлердің еңбектеріне және өзіміздің мектептерде жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін түсіндірудің , меңгертудің тиімді жолдарын анықтау;
- Сөйлем соңына қойылатын нүктені меңгертудің тиімді әдіс- тәсілдерін белгілеу;
- Сөйлемнің соңына қойылатын сұрау белгісін мектептердің тиімді әдіс тәсілдерін айқындау.
- Сөйлем соңына қойылатын леп белгісін үйретудің тиімді жолдарын белгілеу;
Зерттеу обьектісі Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы, Ықылас Темір ауылындағы М.Х. Дулати атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптарында жүргізілді.
Диплом жұмысын жазудағы мақсат:
Мектептерде пунктуацияны меңгертуге ықпал ету, бастауыш сынып оқушыларының тыныс белгілерін дұрыс қоюын қалыптастыруда тиімді әдіс -тәсілдерін жүйеге түсіріп, мектеп мұғалімдеріне ұсыну.
Диплом жұмысын жазуда мынандай ғылыми- зерттеу әдістері негізге алынды:
- пунктуацияны дұрыс қоюын қалыптастыруға арналған ғылыми -әдістемелік еңбектерге талдау жасау және қорытындылау;
- озат ұстаздардың іс – тәжірибелерін жинақтау;
- бақылау, анкета, тест, әңгіме әдістері;
- Эксперимент жүргізу
а) констатациялау эксперименті,
ә) оқыту эксперименті,
б) қорытындылау эксперименті
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау және қорытындыдан тұрады.
ІІ Пунктуация туралы жалпы түсінік
Пунктуация – латынның “пунктум” деген сөзінен алынады. Оның бастапқы мағынасы нүкте. Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтерін, білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Тыныс белгілер графикалық шартты белгілер болып табылады. Әріп сөздің және оның формасының жеке дыбыстарын (бағалайды) таңбалайды. Сондықтан ол сөздің бір бөлшегі, жеке бір элементі болып есептеледі де, лексика мен морфологиялық байланыста болады. Ал пунктуация жеке дыбыс түгіл, тұтас сөзбен де беруге болмайтын күрделі ұғымды білдіреді. Мағыналарының күрделігі жағынан алғанда, тыныс белгілері жазу тілінің көнерек заманында қолданылған мектографиялық немесе идеографиялық белгілер тәріздес. Қолдану орны жағынан алғанда, тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлесуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сөзбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунтуация сөйлеуге сөйлемге, яғни синтаксиске байланысты қолданылатын категория болып табылады.
Пунктуация - ойдың, пікірдің, ой қорытындысын дұрыс оқып, түсінудің құралы. Тыныс белгілерінсіз жазылған тексті оқығанымыз бен ондағы мағыналарды толық түсінбес едік. Бір бірінен тыныс белгілері арқылы ажыратылмаған, бөлінбеген сөздер мен сөйлемдер мән мағынасын күңгірттеніп, ойды айқын білдіре алмас еді.
Мысалы:
“ Ақан қарт ақынға таңдана қарады” деген сөйлемді алайық. Мұнда тыныс белгісі қойылмағандықтан қарт сөзі кімге тән екені түсініксіз болып тұр. Ақан қарт сөзінен соң үтір қойсақ, Ақанның қарт екенін жеңіл түсінеміз. Айталық ой ешқандай күмән келтірмейтіндей түсінікті және айқын.
Тыныс белгілері жазу тілінің өркендеуімен, баспа ісінің дамуымен тығыз байланысты. Жазба тілінен келтелеу дамыған категория. Жазудың алғашқы дамыған пиктографиялық және идеографиялық түрлерінде тыныс белгілерінің қажетсіз болғаны мәлім, өйткені онда жеке сөйлемге жеке сөздерге сараланбаған болатын.
Жазу тілінің, әсіресе баспасөздің дамуына байланысты тыныс белгілеріне деген қажеттілік талап етіледі.
Жазушы, журналистің жазған пікірін оқуға оңай, түсінуге жеңіл болу үшін сөйлемді түрлі ықшамды бөлшектерге бөлу, әр бөлшектің бір –бірімен мағыналық қатынастарын көрсету қажеттіліктері туды. Сол қажеттіліктен келіп, тыныс белгілері пайда болады.
Тіліміздегі пайдаланып жүрген тыныс белгілердің түрлері де, атқаратын қызметтері де әр түрлі. Оларға байланысты заң, ережелер бірте- бірте дамып жетіліп отырған. Сонау біздің эрамыздағы V-VII ғасыр шамасында жазылған Орхан – Енисей жазуларында кейбір сөзден кейін қос нүкте тәріздес белгі, кейбіреулерінен соң төрт нүктеден құралған ромбик сияқты белгі қойылып отырған. Ғалымдардың пікірінше бұл тыныс белгілер басты атқаратын қызметі сөйлеуді тек әр түрлі мәнді бөлшектерге бөлу ғана болғандықтан, бөлуші белгілердің атқаратын қызметі жағынан қазіргі белгілерден анағұрым өзгеше екендігін дәлелдейді.
Пунктуацияны пайдалануда болсын, қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы адамзат қабылдаған заң, ережелер басшылыққа алынуы тиіс. Егер мұндай болмаған жағдайда тыныс белгілері өзінің қатынас құралдың қызметін атқара алмайды.
Пунктуация - сөйлемдегі ойды, пікірді оқушыға жеткізу үшін қолданылатын графикалық шартты белгі ғана. Сондықтан қай тыныс белгісін қалай қолдану керектігі сөйлемнің мағыналық структуралық ерекшеліктеріне байланысты.
Өйткені тыныс белгісі сөйлемнің мағыналық, структуралық ерекшеліктерінен туады.
Мысалы:
- Асан үстінде екен, - деді біреу жүгіріп келіп.
- Қалима ше?
- О да үйінде (С. Мұқанов)
Бұл мысалда көріп отырғандай, бірінші сөйлеммен үшінші сөйлем хабарлы мәнде айтылып, екінші сөйлем сұрау мәнде айтылып тұр. Бірінші сөйлемде төл сөз бен автор сөзінің ара жігіне үтір мен сызықша қойылса, үшінші сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Ал екінші сөйлем тыңдаушыдан жауап беруді талап етіп тұрғандықтан сұрау белгісі қойылып тұр.
Бүгінгі таңдағы тілдерде пайдаланылатын тыныс белгілеріне тән тағы бір ерекшелік олардың интернационалдығы. Сондықтан тыныс белгілердің білдіретін мағынасы жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді. Айырмашылықтар да кездеседі.
Мысалы:
Араб тіліндегі тыныс белгілердің қазақ тіліндегі тыныс белгілерден айырмашылығы екеуінде ғана: үтір мен сұрау белгілері теріс қойылады:
Қазақша үтір -, арабша - , : қазақша сұрау белгісі-? арабша -?.
Қазақ тілі пунктуациясы кенжелеп дамыды. Ал пунктуацияның тууына, оның дамуына ең алғашқы қажеттілік баспасөз, кітап бастыру болып табылады. Қазақстанда тек кейінгі кезде ғана етек алып дами бастады.
ІІІ Тыныс белгілері түрлері мен функциялары
Бүгінгі таңда қазақ тілінің пунктуациясы ғылыми негізде қалыптасқан, тұрақты жүйеге келтірілген, әрқайсысының қолданылатын орындары, атқаратын функциясы мен білдіретін мағыналары айқындалған. Графикамыздағы тыныс белгілерінің басым көпшілігі бірнеше түрлі қызмет атқаратын көп мағыналы белгілер.
Мысалы:
- Болат, “Ботакөз” романын оқыдыңыз ба? Бұл сөйлемнің соңынан қойылған сұрау белгісі мағынаны білдіріп тұр.
Біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын, екіншіден, сөйлемнің сұрау мағынада, жауап күту мағынасында екендігін білдіріп тұр. Үтір қаратпа сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұр.
Мына мысалдарға көңіл аударайық .
1. Ауыл сыртында Алуа атты шалқар көл бар, көлдің әр тұсынан су ағар жыралар кеп қосылады. ( С. Мұқанов) .
2. Бірақ , апа, осы екі балаңды адам етем (М. Әуезов).
3. Ақ үйдің ішінде Ермекбай, Сайлаубектерге Шолпан қымыз сапырып беріп отыр.
4. Ей, сәлемің қайда жолыққанда?
5. Рас менің байқауымша, сіздің халық-ақын, халық деген мысалдардағы
үтірдің әр сөйлемде атқарып тұрған қызметі әр басқа: біріншіде екі жай сөйлемді бір -бірінен бөліп тұрса, екіншісінде қаратпа сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұр; үшінші сөйлемде біріңғай екі мүшені бір -бірінен бөліп тұрса, төртінші де одағай сөзді, ал соңғысында қыстырма сөзді бөліп тұр. Осындай тәріздес қызметті қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің басқа түрлері де атқарады.
Болатбек деген жігіттің үйін білесіз бе? деген сөйлемдегі сұрау белгісі екі түрлі қызмет атқарып тұр біріншіден, сөйлемнің аяқталғанын білдірсе, екіншіден, сұраулы сөйлем екендігін білдіреді.
Осы мысалдардың нәтижесінен көріп отырғанымыздай, графикамыздағы тыныс белгілерінің басым көпшілігі- бірнеше қызмет атқаратын көп мағыналы белгілер екендігіне көзіміз жетеді.
Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары қазіргі таңдағы қолданып жүрген тыныс белгілері сан жағынан онша көп емес. Ұзын сала он шақты ғана. Олар негізінде
1. Сөйлемнің соңында келетін тыныс белгілер;
2. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілер болып екіге бөлінеді.
Бастауыш клас бағдарламасында сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерге мән беріліп, оқушылардың осыларды толық та терең игеруіне, автоматты дағдылануына көңіл бөлінеді. Сондықтан біз бұл дипломдық жұмысымызда оқушыларға жоғарыда айтылған тыныс белгілерді машықтандырудың әдіс -тәсілдеріне тоқталамыз.
Біршама тиянақты ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың білдіретін мағына пікірлеріне, айтылу сазына байланысты нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сондықтан тыныс белгілерінің бұл үш түрін сөйлем соңында келетін белгілер болып есептеледі.
Сөйлем соңында келетін тыныс белгілердің әрқайсысы екі түрлі мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады: біріншісі – сөйлемнің аяқталғанын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі- сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату. Бұл екі функция - сөйлем соңында келетін тыныс белгілерінің қай- қайсыларының да ең негізгі қызметтері. Сонымен бірге, олардың кейбіреуі кейде сөйлем ішінде тұрып та атқаратын қосымша функциялары мен қосымша мағыналары болады. Бастауыш кластарда бұл қосымша қызметтері пән бағдарламасында көрсетілмегендіктен диплом жұмысында тоқталмаймыз.
1. Нүкте. Нүктенің басты атқаратын қызметінің бірі сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса, екіншіден, ол сөйлемнің хабарлы сөйлем екендігін білдіреді.
Мысалы, Аспанда алақандай бұлт жоқ .
Қазір тал түс, жер беті аппақ ( Ғ. Мұстафин).
Жалма – жан тұра сала далаға шықсам,
түс болып, күн ыси бастаған екен. (Б. Майлин).
Жоғарыдағы мысалдарда жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де бар. Олардың барлығы да хабарлау, баяндау, суреттеу түрінде айтылады.
Әрі қарай кең түрде баяндауды ескеретін сөйлемнен кейін қос нүкте қойылмай, нүкте қойылады. Бұл баяндаудың өзі бірнеше сөйлемдерден құрылады, көбінесе жаңа жолдан басталып жазылады.
Мысалы:
Мен іркіліп қалдым. Оның себебі төмендегідей еді.
Адамқұлды мен бірінші рет көтерілістің алғашқы күндерінде көрдім. О кезде таныса қоюға уақыт болған жоқ . (Адамқұл дегеніміз “осы” дегенге дейін әрі қарай бір бетке жуық созылады). ( С. Мұқанов).
Цифр немесе әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін нүкте (кейде нүктелі үтір) қойылады. Егер санамаланып айтылған біріңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін нүкте қойылса, әрқайсысы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ қасиеті болады:
1. Олардың концентрациялы ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер тканін бұзады.
2. Сілтілер майларды сабынға айналдырады.
3. Сілтілер ерітінділерінде лакмустың және фенолфталеиннің түсі өзгереді.(химия оқулығынан).
Нүкте, сонымен қатар, ерекше екпінсіз айтылған бұйрықты сөйлемдерден, жауап алу үшін айтылмаған, бірақ сұраулық мәні бар сөйлемдерден кейін де қойылады.
Мысалы:...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?