Бухгалтерлік есеп | Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі

 Бухгалтерлік есеп | Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................2
І-бөлім:
Басқару есебіндегі қолданылатын шығындардың жіктелуі........................3
Өнімнің және түскен пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі.....................................................................................11
Жоспарлау және шешім қабылдау үшін шығындардың жіктелуі............15
ІІ-бөлім:
Үстеме шығындардың есебі..............................................................................18
Көмекші өндірістің шығындар есебі................................................................20
Негізгі өндіріс шығындар есебі.........................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................25

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста өндірістің шығысы туралы өзекті мәселені ашып көрсеткенмін. Кіріспе бөлімінде шығындардың мазмұнына тоқтала кететін болсақ, шығындар туралы, шығындарды есептеу, шығындарды жіктеу туралы мәселелер қарастырылған, яғни кәсіпорындағы ақша қаражаттарын тиімді әрі дұрыс жұмсалуы бұл біздің еліміздегі экономикалық жағдайларға айтарлықтай әсерін тигізеді. Сондықтан да, бұл мәселелерді өзімнің курстық жұмысымда толық қамтып, ашып көрсеткім келеді. Қазіргі таңда бухгалтерлік есеп пен басқару есебі барлық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерде ең басты орын алып отыр. Себебі ол өндірістің барлық қаржылық жағдайын және осы кәсіпорында болып жатқан өндіріс процестерін шынайы түрде көрсетеді. Өндірістің шығындарын есептеуде бухгалтерлік есеп басты роль атқарады. Себебі барлық есептеулер бухгалтерлік корреспонденция шоттары арқылы жүргізіледі.
Курстық жұмысымның негізгі бөлімінің бірінші бөлімшесінде басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу, түскен пайданың және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу мәселелерін, шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу, жауапкершілік орталықтары бойынша өндірістік қызметін бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу мәселелерін және бұл бөлімшеде шығындарды жіктеу мен жауапкершілік орталықтарының сметасын қолдану туралы есептерді кесте түрінде көрсеттім.
Ал екінші бөлімшесінде негізгі өндірістің шығындарының және осы шығындарға байланысты көптеген мысалдар келтірілген, үстеме шығындар туралы есепті, олардың шоттарын және бұл бөлімшеде үстеме шығындардың жалпы сипаты кесте түрінде көрсетілген, тағы бір шығындардың есебі – көмекші өндіріс шығындарының есебі жайлы, олардың шоттарын, жалпы өндіріс туралы мәселелер қамтылған. “Шығындар” жағдайға байланысты әр түрлі мәнге ие болады. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін әр түрлі тәсілдермен жіктеледі.
Ұйымның өткізуге арналған өнімі (тауар, көрсетілген қызмет) шығынды көтерушілер болып табылады.
Есепті кезеңде өнім өткізу және ұйымның жұмыс істеу процесін қамтамасыз ету үшін сондай-ақ коммерциялық және жалпы әкімшіліктерден тұратын мерзімді шығыстар көрсетіледі. Бұл шығындар пайданы азайту үшін есептен шығарылады.
Шығындар шынымен басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Шаруашылық іс-әрекеттің процесінде тұтінілған материалдық, еңбек ақшалай және басқа ресурстар шығындар болып саналады.
Басқару есебінде қолданылатын шығындардың жіктелуі.
Негізінен басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.
Өндіріс есебінің міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтерді көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет. Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат тағайындауына байланысты.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі:
- өндіріс процесіндегі экономикалық роль (негізгі және қосымша);
- өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама);
- өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).
Шешілетін міндеттемелеріне қарай шығыстардың жіктелуі:
өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу – келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу; реттелетін және реттелмейтін.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзідік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсібір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.
Шығындар есебінің жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпараттарды жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар(немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелі және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі. Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдердегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың спалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып саналады.
Ұзақ уақыт бойы шығындарды «қазандық» деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін
қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. 1887 ж. Ағылшын экономистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынады. Оның негізінде шығынды шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп бөлу жатты.
Ғалымдар мынаны анықтады, шартты-тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шығын өндірісінің көлемін пропорционалды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды.
Осы негізгі шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығын жолдауға жол алатын «директ-костинг» тұжырымдамасын ұсынды. Осыған байланысты кәсіпорыннның өзіндік құнды толық және дәл анықтау міндетті емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдыртпау күннен-күнге көкейтексті болуда.Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен салыстыратын «стандарт-кост» жүйесінің өмірге келуі бұл міндеттің шешуі болып шықты. Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, аяқталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырылып қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әртараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.
Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынадай ұғымдардың экономикалық мәнін білу маңызды болып табылады.
Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісіқұралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны «шығындар» «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді, өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылатын ресурстар бөлігі.
Көп жағдайларда экономикалық әдебиеттерде «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, теңдестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді.
Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономиканың пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.
Есепті кезең қатысына қарай шығыстар екі категорияға бөлінеді:
- ағымдағы есепті кезең;
- кейінге қалдырылған.
Ағымдағы кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнің шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы есепте танылады. Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:
- осы есепті кезеңдң алынған кірістермен байланыстырылған шығыстар(негізгі және негізгі емес қызмет шығыстары);
- ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы (ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есепте және ағымдағы есепте кезеңде танылады, мойындалады. Олардың көбіен кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.
Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезеңде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі шаруашылық операциялармен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.
Ұйымның болашақта ресурстарында пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған шығыстар былай бөлінеді:
- инвестициялар (күрделі қаржы);
- болашақ кезең шығыстары.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру мен өткізуге жұсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға беімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар – басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн. «Тауарлы-материалдқ қорлар есебі» атты Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес (2003 ж. 28 қаңтардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:
- пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет.
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет.
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:
а) экономикалық элементтер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 7 БЕС- ке бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:
- материалдық шығындар;
- еңбекті өтеуге жұмсалған шығындар;
- ақша аударулар;
- құралдардың тозуы;
- басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 7 БЕС бойынша бұларға:
- материалдар;
- еңбекті өтеу;
- ақша аударулар (аударымдар);
- қосымша шығыстар.
Көрсетілген топтарды салыстыру 1 – кестеде берілген.
1. Элементтер мен калькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыру, мың теңге. 1-кесте
Экономикалық элементтер Сома Калькуляция Сома
1.Материалдық шығындар 77000 1.Материалдар 25000
2.Еңбекті өтеуге шығатын шығындар 18000 2.Сатылатын жартылай өнім 41200
3.Ақша аударулар (аударымдар) 3040 3.Қайтарымды қалдықтар (ұстап қалады) 2400
4.Құралдардың тозуы 7240 4.Технологиялық мақсаттарға арналған отын мен энергия 9000
5.Басқадай шығындар 11720 5.Еңбекті өтеу 10100
Барлығы 117000 6.Ақша аударымдары 1800
6.Өндірістік емес шоттарға (-)(қайтарымды қалдықтар құны, ақауға кінәлілерден шығынның орнын толтыру және т.б.) (3600) 7.Өндірісті дайындау мен игеруге шығыстар 4700
7.Бітпеген өндірістің қалдығын (+) өзгерту 600 8.Қосымша шығыстар 17400
9.Ақаудан болған шығыстар 1400
10.Басқадай өндірістік шығыстар 1000
Барлығы 114000 Барлығы 114000
Экономикалық элементтер (117000) және калькуляция баптары (114000) бойынша шығындар өндірістік емес шоттарға есеп өзгерту бөлігіне түзету эліменттері бойынша жиынтыққа кірмей тұрып сандық жағынан бірдей болмайды. Шығындардағы айырмашылықтар сондай-ақ ұқсас атаулардың элементтері мен калькуляция баптары бойынша да болады. Мысалы, экономикалық элемент бойынша «Еңбекті өтеу шығындары» 18000 теңге болып, ал «Еңбекті өтеу» калькуляцияның бабы бойынша 10100 теңге болып көрсетілген. Айырма жабдықты күтумен шұғылданатын еңбекшілердіңеңбегін өтеу шығыстарында, яғни қосымша шығыстарда ескерілген.
Алайда экономикалық элементтер мен шығын баптары бойынша шығын есебіндегі топтасулар өзара байланысты екендігін байқаған жөн, өйткені олар субъектінің бірдей шығындарын құрамы (элементтер) және мақсатты белгілеуі (калькуляция баптары) бойынша сипаттайды.
Өндіріс шығынтары көптеген басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін,оны 2-ші кестеде қарастырайық.
2.Өндіріс шығындарының жіктелуі.
2-кесте
№ Жіктеуші топ Шығындар(шығыстар)
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық роль бойынша - негізгі
- қосымша
2 Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша - тікелей
- жанама
3 Құрамы бойынша - бірэлементтік
- кешенді
4 Өндіріс көлеміне байланысты - өзгермелі
- тұрақты
5 Пайда болу мерзімділігі бойынша - ағымдағы
- біржолғы
6 Өндіріс процесіне қатысуы бойынша - өндірістік
- әкімшілік
- коммерциялық
7 Тиімділігі бойынша - өндірістік
- өндірістік емес
8 Бақыланатын мүмкіндігі бойынша - реттелетін
- реттелмейтін
9 Орташалау дәрежесі бойынша - жалпы
- орта
10 Пайданы генерациялау кезеңінде шығындарды жатқызу тәртібі бойынша - өнімге
- кезеңге
Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік тура және тікелей кіруі мүмкін(шикізат, негізгі материалдар, аударымдар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы – автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары).
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің - өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар – субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады. Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, бір ьөлімше үшін жанама болуы мүмкін.
Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада – барлық шығындар тікелей байланысты).
Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).
Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай өзгеретіндер және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10% көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10% - ке ұлғаяды.
Өзгермелі шығындардың өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі.
3-кесте
Көлем бірлігі Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығындар,теңгемен Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар,теңгемен
50 10 500
100 10 1000
150 10 1500
200 10 2000
Тұрақтылар - өнім өндірісіне көлемінің өзгеруіне байланысты емес делік (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу, жарнамаға шығындар т.б.). Егер көлем 10% - ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?