География | Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама

 География | Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама

Мазмұны
Кіріспе
1. Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама
1.1. Жер бедеріне жал пы сипаттама
1.2. Климаты
1.2.1 Ауа температурасы
1.2.2 Ауа ылғалдылығы
1.2.3 Жол режимі
1.2.4 Атмосфералық жауын-шашындар
1.2.5 Қар жамылғысы
1.3 гидроматоорологиялық зерттеулер
1.4 Көлдің гидрографиясы мен морфометриясы
1.5. балқаш көлінің минерализациясы
1.5.1 балқаш көліндегі ағыс режимі
1.5.2 Ұзын-Арал бұғазы арқылы су және тұз алмасу процесстері
1.6 Өзендер ағындасы
1.7 Топырағы мен өсімдігі
2. Балқаш көлінің су деңгейі
2.1 Балқаш көлінің орташа су деңгейі
2.2 Балқаш көлінің су деңгейіне және гидрохимиялық реж иміне су тұтыну көлемінің өсуінің әсері
2.3 Су деңгейнің балықтар және омыртқасыз жануарлар әсерінен қорлануы.
2.4 Іле өзенінің атырауының құрылуына Балқаш көлі ірі масштабты циклден деңгейлер тербелістерінің әсері.
3. Балқаш көлінің гидроэкологиялық жағдайы.
3.1 Іле өзені атырауындағы экологиялық проблемалар.
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипаттама.
1.1. Релефке жалпы сипаттама.
Балқаш көлі тектоникалық түзілімдегі ойыста оранналасқан. Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстаның шөлейтінде, ежелгі балқаш Алакөл суайдынының бір бөлігін ғана алып жатыр. Ол соңғы төрттік мұзбасу кезеңінен бері белігі. Қазіргі кездегі геог рафиялық жағдайына келсекғ көлдің батыс және солтүстік-батыс жағңалаулары төмен шөгіп, солтүстік шығыс жағалаулары көтерілуде.
Сәйкесіне батыс және солтүстік батыс жағалаулары жалпы ингрессионды сипатта, ал солтүстік – шығысы – регрессиялды.
Көл екі табиғи аудандардың шекарасында оранласқан. Көлдің солтүстігінде қазақтың ұсақ шоқысы мен Орталық Қазақстаның жазығы жатыр, Оңтүстігінде Оңтүстік Шығыс Қазақстанның құмды жазықтары көмкерілген.
Балқаштың жалпы су жинау ауданы 413 мың км2. Оның көп бқлігі (353 мың км3). Қазақстан территориясында, ал Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасына орналасқан. Алакөл көлінің бассейінінен бөліп тұратын суайрық сызығы Балқаш көлі мен Сасықкөл көлдерінің аралығында жатыр (биіктігі 400 м жуық).
Бассейннің ******** күрделігімен ерекшеленеді. Оның терротоиясында биік таулар жүйесін, аласа тауларды сондай-ақ жазықтар мен Балқаш маңы құмдарын кездестіруге болады.
Балқаш маңы жазығын 2 негізгі аудандарға бөліп қарастыруға болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы (нақтырақ айтсақ Солтүстік және Солтүстік батыс)
2) Оңтүстік Балқаш маңы
Солтүстік Балқаш маңы қазақстан ұсақ моқысының оңтүстік бөлігі болып келеді.
Оның орташа биіктігі 400-500 м. Рельефі жазық болып келеді. Жеке шоқылар, қыраттар, опырылымдар, өзеннің құрғап қалған алаңдары мен тілімденген алаңдар араласып кездеседі.
Оңтүстік Балқашмаңы аккумулятивті жазықты болып келеді. Балқаш көліне қарай еңістеу. Мұнда құмды массивтер кең таралған.
Көме жақындаған сайын барханды, бүлірлі, ұялы құмдар көп. Бүйірлі құмдар солтүстік-батысқа бағыталып орналасқан. жергілікті жазықтықпен салыстырғанда биіктігі 5-10 м. Көл маңында көлі-апмовиальды жазық тараған. Бұл өнерді ежелде Ежелгі Балқаштың сулары алып жатқан болатын. Телімнің кейбір жерлерінде құмды төбешіктер кездеседі.
Балқаштың оңтүстік батыс бөлігін (жуық шамамен алғанда 8000 км3) 7 м өзеннің дельтасы алып жатыр. Оның солтүстігінде ауқымды сазды құмды Бақанас тоқыры жатыр. Ол ежелгі Іле өзені дельтасының құрғақ арналарымен тілімденген.
Балқаш ойысының территориясы құрғақ, шұғыл комитетті климатта жатыр. Жылдық жауын-шашыны 150-200 мм аспайды. Өсімдігі шөлейт зонасына тән.
Бассейіннің өзен арналары Тянь-Шань таулы және тауларды зоналарында және Қазақстан ұсақ шоқысының оңтүстік беткейлерінің кейбір бөліктерінде реттеледі. балқашмаңы жазығы (әсіресе Оңтүстік Балқашмаңы) ағынсыз ауданға жатады.
Солтүстік Балқашмаңы өзендері (Мольеты, жалиші, Таптау, Бақанас, Аякөз қар суымен қоректенеді. Тянь-Шань таулы аудандарынан өз бастауын алатын өзендері (Іле, Қаратал, Ақсу, лепсі) қарлы мұзды және жаңбырлы қоректену типіне жатады.
1.2 Климаты.
Балқаш көлінің географиялық ерекшеліктерінің бірі. Климатының шұғыл континеттельды және құрғақ болады. жылдың суық кезеңдерінде ауданда сібір максимумының бат ыс бөлігінің континентальды қоңыржай ауа массалары басым болады. Ол ауа-райының аязды болуына әкеліп соғады.
Солтүстіктегі суық арктикалық ауа массалары келгенде, сонымен бірге оңтүстік циклонның әсер етуімен суық ауалр ауа-райының қатты суынуына әкеледі.
Көктемі уақыт ұзаққа созылады, ауа-райы тұрақсыз, үсіктер мен ауа-райының күрт сууы тән.
Жылдың жылы мезгілінде, бұл жерге ауа массалары интерсивті келіп оның интенсивті трансформациялануына байланысты, мұнда жергілікті консениентальды тропиктік ауа түзіледі.
Ауаның батысы мен оңтүстік батысында ешқандай кедергілер болмағандықтан, мұнда Орта Азиядан келген құрғақ тропиктік ауа массалары оңай енеді.
Жазғы кезең бұлтсыз, ыстық ауа-райымен ерекшеленеді. Жаңбырдың жаууы сирек, ауа құрғақ болып келеді.
Күзде суық ауа массаларының енуі жиілеп, қыс мезгіліне жылдам ауысады. Бұл процесс ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеп соғады.
Бұлттылықтың аз болуы күн сәуелесі мен жылуының мол түсуіне себпткер болады. Жылдық жиынтық күн родлациясы 138-146 ВТ / М2-те тең. Мұның максимумы шілде айына сәйкес келсе (19,8 ВТ/м2), минимумы желтоқсанға сәйкес келеді. (3,6-4,2 Вт/м2). жазғы айларда жыныстық радиациясының ауытқуы 17-19 Вт/м2-қа тең.
Әсіресе, айлық жиынтық күн радиациясының күрт төмендеу жылдың өтпелі кезеңдеріне сәйкес келеді – наурыздан сәуірге қарай қыркүйектен-қазанға қарай. Бұл күннің биіктігінің өзгеруіне және бұлттылық режимнің қайта құрылуына байланысты.
Балқаш көлінің аудандағы жалпы жылдық жиынтық радияция, маңындағы метотация мәліметтері бойынша 15,6 Вт/м тең.
Шашыранды рация 48-50 Вт/м2 жыл тең; Шашыранды радиацияның ш ілдедегі мөлшері 26%, ал желтоқсандағы мөлшері 50 % құрап отыр.
Құрлықтағы беткі-альбедосы (құйған және Балқаш метеостацияларының бақылауы бойынша) жылы кезеңде 20-28% аралығында ауытқыса, қыста 61-64% дейін ауытқиды.
Балқашмаңы аудандағы радиациялық балланс қалыпты -48 Вт/м3 жылына. радиациялық балланстың максимальды айлық жиынтығы шілдеде (8,9Вт/м2), минимальды баллансы жалтоқсанға (0,9Вт/м2) түсіп тұр. баланстың жылдық алеппитудасы 9,8Вт/м3 айына құрап тұр.
1.2.1 Ауа температурасы
Орташа жылдық ауа температураы 70 С деген (батысында) 5,30 С-ге дейін (көлдің шығысында) өзгереді. Орташа айлық температура орта есеппен алғанда, 13-16 0 С қаңтарлы аяздармен және 24-250 шілденің жылы кездерімен көрсетілген.
Абсолютті минимум көлдің орталық бөлігінде 400 С құраса, солтүстік жағалауында 460 С тең. Абсолютті максимум шығыстан батысқа қарай өзгереді (41-450С).
Қазан мен қараша ауа температурасы күрт төмендейді (8-90С). Бұл суық солтүстік ауа массаларының енуі мен және сібір анциклонының өрлеуімен байланысты. Антиуиклонды қысқы айларда орташа тәуліктік температурасы 300 С дейін төмендейді (орат есеппен алғанда айдың 1 күнінде ал қатаң қыста 400 С дейін).
Қатаң аяздар қараша айының орташасында басталады да наурыз айының ортасына дейін созылады. Қатаң аяздардың кезеңдер ішіндегі орташа ұзақтығы (00 С температурасы төмен) 85-112 күндер аралығында ауытқиды.
Қыс айларында оңтүстіктен келген жылы ауа массалары (С типтіндегі цикуляция) ауа райын біршама жылытып күндізгі ауа-райының температурасы 10-17 0С дейін жетеді.
Суық кезеңнің жалпы ұзақтығы (қараша-наурыз) орта есеппен алғанда 130-140 күнге созылады. Суықтың орташа жиынтығы 1100-15000 С.
Жылы ауа массаларына және радиоциялық жылылыққа байланысты наурызда ауа-райы күрт жылынады. (орта есеппен 120 С дейін). Соңғы көктемгі үсіктер сәуір айының екінші жартысында байқалады.
Жаз айларында (маусым) орташа айлық температуралар 22-250 С аралығында ауытқып, орташа тәуліктік температурасы 25-300 С жетеді.
1.2.2 Ауаның ылғылдығы
Ауаның орташа жылдық абсалюттік ылғалдығы 7 мб құрайды. Көлдің солтүстік жағалауында бұл біршама су (6,3-6,9 мб), ал оңтүстікте біршама көп (7,2-7,3 мб).
Жылдың суық мерзіміндегі салыстырмалы ылғалдылық (қараша-наурыз) шамамен 80%, өтпелі кезеңдерде бұл көрсеткіш 51-66% тең, ал жазда (маусым-тамыз) – 40-52 %.
Оның орташа жылдық көрсеткіші 60-66 %.
1 жыл ішінде ауа ылғылдылығының жет іспеуі 6,4-83 мб-қа дейін өзгереді. Ең аз көрсеткіш оңтүстік жағалауға тән.
1.2.3 Режимі
Балхашмаңы ауданында жыл басы солтүстік-шығыс және шығысқа бағыталған жерлер басым. Солтүстік-шығыс жерлерінің қайталануы 1 жфлда орта есеппен 15-40% дейін ауытқиды. Бұл ауаның қысқы жоғарғы қысым өсінің оңтүстігіне қарай орналасуына және периодты түрде азор максимамуның түзілуіне байланысты. Бұл осы орталық қазақсанды батыстан Алтайға дейін кесіп өтеді. Балхашмаңының шығыс желдер басым болып келеді, әсіресе қыста (30%, жылдың орташа және 30-43 % қыста).
Жазда, антициклонды ауа массалары басым кезде Балхаш көлінің жағалауында біреуді байқауға болады. Яғни ол күндіз көлден құрлыққа қарай, түнде жағадан көлге қарай соғады. Циклонды ауа-райы кезінде біреу жағалады.
Солтүстік жағалауда оңтүстік жағалауға қарағанда желдің жылдамдығы жоғары.
Желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,2-ден 2,8 м/с-ң дейін өзгереді. Орташа айлық желдің жылдамдығы жеке жылдарда 7-9 м/с-қа дейін жетеді. Максимальді көр сет кіш 30м/с-қа тең.
Навигациялы кезеңде (Сәуір-қараша) орташа айлық желдің жылдамдығы 5 м/с-қа дейін жетеді. 60-80%-ды құраса, мұның ішіндегі солтүстік-шығыс желдері басым болып келеді.
Ең қатты желдерге батыс және оңтүстік батыс желдері жатады. Бұл батыстан, шығысқа қарай өтетін циклонды түзілуге байланысты. Бұл кезеңдерде желдің жылдамдығы 25-30 м/с-қа дейін жетеді.
Ауданда 1 жылдың ішінде қатты жел тұратын (15м/с) күндер саны 13-18. Ал көлдің 40-45 күнге жетеді.
Көдің оңтүстік-батыс жағалауында (Шығанақ, Құйған) қатты желдер аз соғады. (4-6 күн). Кейде бұл мән де 20 және одана да жоғарылауы мүмкін.
Қатты желдер көп жағдайда наурызда байқалады (15%). Жел ең аз соғатын ай – қаңтар (14%). Сәіуір, маусым, желтоқсан айларында олардың болу мүмкіндігі 10-12 %. Ал қалған айларға 6-8 %.
Жағалық зоналарда рельеф біртекті болмағандықтан желдердің таралуы бірқалыпты болмайды. Жылдамдығы 10 м/с және одан да жоғары болатын желдер т ікел ей Қара шыған, Мыңарал, Балхаш постторында байқалған. Қаракөлде жел сирек соғады. Жывлпы жылдамдығы 10 м/с-15м/с дейін жететін көп қайталанбайтын қатты желдер Ақбалықта соғады. Бұған қ арағанда Қарашағанда, Бікшекте, Қорджында жел сирек с оғады.
Т.А.Есіркепов бойынша, Балхашта желдің күшеюін 4 синоптикалық жағдай типтері бойынша анықтайды;
1) Солтүстік және Орталық Қазақстанның үстінде антициклон немесе барикалық ........ орналасқан. Көлдің оңтүстік батыс немесе батыстан циклон араласады. Балхаш ауданының жоғарғы бөлігінде екі биіктік франтальды зоналар қосылады. Олар солтүстік-батыс нәтижесінде жерде барикалық граденттер, циклонды зонадан антициклонды барикалық белдеге өткенде, аратады;
2) Жел циклонның жылды бөлігінде, екінші жағдайдағы фроктор есебінен тіркеледі.
3) Жел Азия антициклоннының оңтүстік және оңтүстік батыс бөліггінде күшейеді;
Желдер сирек байқалатын көлдің батыс бөлігінде, желдің орташа ұзақтығы 1-2 сағат болса, бұл көрсетікші шығыс бөлігінде 3-6 сағатқа тең. Кейде бұл 18 сағатқа да жетеді. 20 жылдық бақылау (1936-1956 жж) бойынша қатты желдердің қайталануы 1-5 дейін ауытқиды. Бұл көбіәне балық аулау кездеріне сәйкес келеді.
Желдің жылдамдығының ұзақтығының көп жылдық орташа қисығы, 3 аудан бойынша ..... суретте көрсетілген.
1.2.4. Атмосфералық жауын-шашындар
Жалпы шауын-шашынның көпжылдық орташа жауыны 108 кестеде көрсетілді.
Балхашмаңы ауданындағы жылдық диынтық жауын-шашын 100-160 мм құрайды. Жылы кезеңде (сәуір-қазан) жауын-шашын көл түседі. Жауын-шашын кезінде температураның жоғары болуы байқалады. Мұндағы жылдық жауын-шашын 255 мм-ді құрайды. Ең аз жауын-шашын мөлшері 39 мм-ге тең.
Айлық жауын-шашынның территорияда таралуы біркелкі емес.
1.3. Гидрометеорологиялық зерттеулер
Көле гидрометеорологиялық зерттеулер ХІХ ғасырдың 30 жылдары басталды, бірақ 100 жылдай уақыт бойы бұл зерттеулер экспедициялық жолмен жүргізіледі және ол локольді сипатта.
Революцияға дейінгі кезеңдегі зерттеулердің мақсаты Балхаш көлін картаға түсіру еді.
Көлдегі алғашқы топографиялық түсірілімдер 1838-1839 жж, және 1851-1852 жж жүргізіледі. Бүкіл көлдің ең алғашқы картасын Ниодантаьев жасаған . Кейінен (1903 ж) Л.Н.Картыков пен Л.Е. Иванов көлдің нақты түсірілімдері жасалды. Бұл карта 1929 жылы көлдің 10 веретты карсасын жасауға негіз болды.
Жағалауларда түсірілімдермен бірге кейбір зерттеушілер (Асанов 1839 ж, Нифтантьев 1851 және басқа да) көлдің жеке бөліктеріндегі тереңдікті анықтады. 1913 ж бастап судың деңгейіне байланысты алғашқы станционарлы зерттеулер Қарашыған ауылында жүргізілді.
Ұлы Октябрь социалисттік ревалюциядан кейін Балхаш көлінде зерттеулер неғұрлым ауқымды жүргізіледі.
Экспедициялы зерттеулермен бірге, Балхаш ғылыми зертеу экспедициялар мем лекеттік г идрологиялық институттар, СССР-дің ҒА Қазақстандағы филиалы жүргізген зерттеулердің де мәні зор. Бұл зертеулердің негіі. 1959 жылы Балхаш ги дрометеорологиялық обсерваториясы құрылды.
Қарашыған ауылында (Лепсі өзенінің сопасының маңында) 1913 ж суды өлшеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар 1918 жылға дейін жүргізілді. Кейіннен бұл жұмыстар тоқталып ол 1922 және 1928 жылы жалғастырылды.
Балхаш гидрометерологиялық обсервоторясымен ұйымдастырылған жағалық зерттеулермен бірге ашық сауйдынына жүйелік зерттеулер де жүргізіледі. 1960 ж зерттеулер нәтижесінде, ең алдымен Балхаш қаласы мен Алғасы аралында рейдті жұмыстар жүргізілді. Кейіннен бұл бүкіл аквоторияға тарады.
Гидрологиялықпен қатар көлде метеологиялық бақылаулар да жүргізіледі. Олар жағалық және фралық станцияларда станцияларлы зерттеулердің мәліметтерін жинайды.
1.2.5 Қар жамылғысы
Қар жамылғысы тығыздығы ендіктен жергілікті жердің жер бедерімен тығыз байланысты. Жазық аудандарда тұрақты қар жамылғысы қазанның соңы мен қарашаның ортасында орнығады. Бірақ жеке жылдары ол тіптен байқалмауы мүмкін. Бұл уақытта ол Іле Алатауының солтүстік беткейінде тұрақталады. Қар жамылғысының бұзылуы жазақ аудандарда ақпанда, кейде наурызда аяқталады. Тауда қар көшкіні наурыз-сәуірде бітеді. қар жамылғысының су қоры аумақ бойынша бірқалыпсыз таралады. қар қалың жауған жылдары су қоры 30 мм, ал аз жауған жылдары 10 мм-ге дейін, максимальді су қоры 70 мм-ден 100 мм-ге дейін жетеді. балқаш көліндегі мұз құрсауы төрт айдан бес айға дейін созылады.
Гидроликалық посттар мен метеорологиялық станциялардың стандартты бағдарламаларына сәйкес станционарлы бақылаулардан басқа екі жағалық пункте (Шығанақ метестанциясы мен Балқаш ГМО) судың беткі булануына қатысты арнайландырылған бақылаулар жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген пунктер мен су айдынындағы бақылаулар БГМО-ның арнайы зерттеулерімен толықтырылады. Олар толқын режимін, ағысты, мұздықты және термикалық шарттарды сонымен қатар, көл балансын зерттейді. Су балансты зерттеулер түрлі ұйымдар мен ведомствалардың арнайы зерттеулерімен толықтырылып әрі қарай өңделеді.
Олардың ішінде Г.Р.Юнусованың жұмысын жекек қарастыруға болады. Ол 1954-1963 ж. аралығында Іле өзенінің дельтасын және дельтада трнаспирация және буланудың есебінен ағынның жойылуын зерттеп, өз гидроприктін жасайды.
Балқаш көлінің гидрохимиялық режимін зерттеу үшін де көптеген жұмыстар жүргізіледі, ол 1941-1942 ж. Г.Р. Юнусова басшылық еткен гидрохимиялық режимі монграфиясымен аяқталады.
БГМО өз мәліметтеріне және басқа ұйымдардың мәліметтеріне сүйене отырып батиметриялық карта мен көлдің барлық гидролгиялық зерттеулерін негіздейтін морфометриялық сипаттар жазылады.
Жаңа станционарлық және экспедициялық зерттеулердің нәтижесі төменде көрсетілген балқаш көлінің гидрометеоролгиялық суреттемесінде көрсетілген.
1.4. Көлдің гидрографикасы мен морфометриясы.
Балқаш көлінің қазіргі кезде 5 саласы бар: Іле, Қаратал, Ақсу, лепсі, Аягөз. (Кесте №1). Олар өз бастауын Тянь-Шань тауларынан және Тарбағатай мен Шыңғыстау тауларынан алады. Іле ғана батыс Балқашқа құйса, қалған өзендер Балқаштың шығыс бөлігіне құяды.
Солтүстіктен Балқаш көліне Мойынты, Тоқырау, Бақанас секілді өзендер құя алмай, орта шамда кеуір кетеді. Тек Тоқырау өзені ғана кейбір жылдары (әдеби мәліметтерге жүгінсек 1931 ж.) өз суын балқашқа жеткізеді.
Балқашқа құятын өзендердің ең ірісі Іле болып келеді. Оның бөлігіне бүкіл бассейн ауданының 70 % және балқаш көліндегі беткі ағыстардың 80% кіреді.
Іле өзені көлге құяр жерінде ауданы 8000 км2 –қа жететін дельта түзеді. Дельтаның биіктігі Бақанас ауылынан 70км төмен жатыр. Бұл жерде өзен үш жүйелі салаларға бөлінеді: Топар, Іле, Жиделі.
Ең оңтүстікте орналасқан *** Топар болып саналады: Топар 1 Іле өзенінен 200 км-де 6-шы Рыбпунктен төмен қарай бөлінеді, Топар 2-біріншісінен 6 км төмен орналасқан. 6-шы Рыбпунктен шамамен 15 км төмеше қарай Топар 1 мен Топар 2 қосылып, Топар сапасын құрайды. Оның ұзындығын 184 км, ені жоғары ағыс бөлігінде 30-50 м болса, ортаңғы ағыс бөлігінде 18-20 м; судың ең төсменгі кезеңіндегі көрсеткіш 1-2 м; ағыс жылдамдығы 0,5-1 м/с. Топа өзенінің сулары Балқаш көліне бірнеше салалар арқылы келеді: Семізкөп, Сыпырқұмар, үзенді, Самоновяка.
Кесте 1.1– Балқаш көліне құятын өзендердің тізімі.
№ Өзендер ұзындығы, км су жинау алабы, км. орташа көп жылдық ағын, м31сек Ағымды модуль, л/с, с1км2
1 Іле 1001 167 131 000 14,9 0,11
2 Мойынты 298 3640 0,58 0,24
3 Тоқырау 240 211 000 0,83 0,16
4 Бақанас 492 25 100 3,43 1,15
5 Аягөз 417 15 700 5,10 0,33
6 Лепсі 316 8 110 25,2 3,11
7 Ақсу 390 5 040 1,71 0,34
8 Қаратал 19 100 74,0 3,87
Бұл салалар жыл сайын Балқашқа құя бермейді.
Топар жүйесінің солтүстігіне Іле ағысы жапсарласып жатыр. Бұлар қатты меандрланған, жақсы өңделген бірақ терең емес, ені 1-7 км жетістігі аңғар арқылы ағып өтеді. Іленің арнасы қатты дифформацияға ұшыраған. Мұнда аралдар көп.
Іле сағасына 100-110 км жерде бірнеше сағаларға бөлінеді. Ол көлдермен, сортаңдармен және қамысты тиімдермен араласып келеді. Балқаш көліне Іле 3 саласы құяды. Олар бір-біріне 8-9 км арақашықтықта орналасқан. Салалар құяр жерде ұзындығы 4 км жететін көлдер пайда болады. Ол Балқаш көлін Семіз көл шығанағынан бөлір тұрады. Мешень кезеңіндегі Іленің ені 50-ден 500 м-ге дейін ауытқыса, тереңдігі 1-2 м-ге жетеді. Мұндағы ағыс жылдамдығы 0,5 м/с (Мешень тереңдігінде) және 2 м/с (су толу кезеңінде)-ты құрайды.
Джиделі. Іленің сотүстік бөлігінде орналасқан, бархандар арқылы ағып өтеді. Бұ неғұрлым жас ............ Арна аз бұрмалған. Жиденінің ені 50-ден 100 м-ге дейін жетеді, кейде бұл көрсеткіш 200 м-ді құрайды. Тереңдігі 2-5 м; ағыс жылдамдығы 1-1,5 м/с және одан да көп. Жиделі .... көлден 80км жерде Жиделі суайрығын түзеді.
Жиделі жүйесі. Жиделі жүйесінің гидрографикасының негізгі ерекшелігі дельта территорясы бойынша, бүйірліктен -тан су мөлшерінің көп кетуі болып табылады. Бастаудан 30 км жерде-ақ Кертөбел, Жапасар, қатынқалды сададары бөлініп шығады. Бастаудан 24 км жерде Қоғалы саласы бөлінеді. Жиделі мен Қоғалы төменгі бөлікте бір көлдік жидені құрайды. Жиделі жүйесіндегі су Базарбай, Подпашенная, Ир, Шұбар құлан, Мойтан, Нарын ... арқылы Балқаш көліне жетеді.
Қазіргі кезде Іле өзенінің ағысының шамасына 90% осы жиделі жүйесі арқылы іске асып жатыр. Осыған байланысты Іле жүйесіне ағыстың 4,6-дан 7,4% және Топарғы 3,2 ден 5% ғана кіреді. Іле өзені аңғарының ауданында көлдер мен суайрықтар өте көп. Соңғы жылдары Балқаш көлінің төменгі дельталалрының жоғалып бөліктері, ішкі ғасырлық көтерілімге байланысты деңгейі жоағрлаған.
Іле өзенінің аңғарында ережелер мен қазіргі таралуы Т.М. Гельбухтың мәліметтері бойынша жүйеленген.
Аңғардағы Іле өзенінің ағысының көп бөлігі инфильтрация, булану және трансформация есебінен жоғалады. Гидропроект зерттеулеріне сүйенсек аңғарда көп жылдықты орташа ағыстың жоғалу көлемі шамамен 3 км 3-қа жеткен (Іле өзені ағысының 20%-ы аңғарының жоғарғы бөлігінде). Сонымен қатар Іле өзенінің дельтасы Балқаш көлігінің ағысының реттеуге көмектеседі.
Аңғардағы ағыстар мен егіс жерлерінің таралуы аңғардың арналы торының динамикасына, Іле өзені суының көпжылдық ауытқуына және Балқаштың деғгейіне байланысты өзгеріп тұрады.
Іле өзені арнасының динамикасы Р.М. Хайдарованың жұмыстарында толық көрсетілген.
Оның зерттеулеріне сәйкес, цикльдің дамудағы салалық жүйеліп 4 стадиядан өтеді.
1. Жаңа жүйенің пайда болуы.
2. Бір арананың пайда болуы.
3. интисивті меандриндер
4. Жүйенің бұзылуы, құруы.
Бірінші және екінші стадияның басы көлдік фазаға сәйкес келеді. Ол жаңа гидрофиялық торлардың дамуына икемдік береді. Екінші стадияның...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?