Психология | Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы

 Психология | Баланың психикалық  дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы

Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................................3
І Тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
1.1 Балалар бақшасында тілді дамытудың психологиялық мазмұны мен ұйымдастырылуы...........................................................................................5
1.2 Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланыстылығы............................................................................................9
ІІ Тарау Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері
2.1 Балалар бақшасында тіл дамытудың психологиялық әдістері
мен тәсілдеріне жалпы түсінік...........................................................13
2.2 Балаларға тіл дыбыстарын айту дағдыларын дамытудың
психологиялық негіздері.....................................................................23
2.3 Балабақшада тіл дамытудың психологиялық әдістерін ойын
арқылы дамыту............................................................................................26
Қорытынды...............................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................31

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.
Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», — деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.
Зерттеу міндеті: «Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық еріктік сфераның жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалануы қажет
Зерттеудің практикалық қолданымы: Бүгінгі таңда мектепке дейінгі педагогика саласында бала тілінің даму барысын тексеріп-зерттеу мәселесі толық шешілді деп айта алмаймыз. Көпшілік жағдайда әдістемелік еңбектерде бала тілінің дамуындағы кейбір кемшілік тұстарды ғана анықтауды басшылыққа алатын жекелеген әдіс-тәсілдер көрсетілумен шектелінуі, ал жалпы, мектепке барар алдындағы бала тілінің даму деңгейін қандай өлшемге сүйеніп талдау қажет екендігі, белгілі-бір жас кезеңінде бала тілінің дамуының шамасы осы деп есептеуге болатын көрсеткіштер жөнінде нақты мәліметтер жоқтың қасы.
І Тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
1.1 Балалар бақшасында тілді дамытудың психологиялық мазмұны мен ұйымдастырылуы
Баланың жасына қарай дамуы мынадай сатылардан өтеді: сәбилік шақ, ерте балалық шақ, мектепке дейінгі шақ, бастауыш мектеп жасы, жеткіншектік шақ, бозбалалық шақ, есею.
Бала организмі жасына қарай дамуыдың әрбір сатысында белгілі бір дене өлшемімен және құрылысы мен әрі белгілі бір психикалық мүмкіндіктерінмен ерекшеленеді.
Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық еріктік сфераның жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.
Алғашқы жас сатысында баланың тілін дамытуға назар аудару маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық нерв жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасуы кезеңінде жаттықтыруға оңай бейімделетіндігі физиологтарға белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметінің тіл дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады.
«Тіл үшін,—деп жазады профессор М. М. Кольцова,— дамудың мұндай «киын-қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезге қарай негізінен мидың анатомиялық сөйлеу желісінің жетілуі аяқталады, бала ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті қыруар күш-жігер жұмсауға тура келеді».[1. 25-28б].
Баланың қалыптасуы көбіне педагогикалық ықпал етуге және оның қаншалықты ерте басталуына байланысты. Осыны ескере отырып, біздің елде балалар бақшалары (сәбилік және балабақша топтарымен) бастауыш, орта және жоғары мектептердің іргетасы, аса маңызды буындарынын бірі ретінде халық ағарту жүйесіне енгізілген.
Балалар бақшасы балалардың жан-жақты дамуын — дене, ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды, оны тілді үйрету процесі кезінде жүзеге асырады.
Ясли мен балалар бақшасындағы мектепке дейінгі сәбилер мен балаларды тілге үйретудің мазмұны, жұмысты ұйымдастыру мен оқытудың негізгі әдістері «Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» анықталған.
Мектепке дейінгі жастағы және сәби баланың үйренген тілінің мазмұны сезім органы арқылы қабылданған, санасында көрініс берген қоршаған болмыс болып табылатындығы белгілі: оның өзі, денесінің бір бөлігі, жақын адамдар, өзі тұратын бөлмесі, ол тәрбиеленетін балалар бақшасының ішкі бөлмесі, аула, парк, жақын маңдағы «көшелер, қала адамдардың еңбек процестері, әлі және тірі табиғат. Мектепке дейінгі ересек балалардың сөзінің мазмұнына айналадағы адамдар, табиғат жөніндегі аламның парызын түсінумен байланысты этикалық ұғымдар, қоғамдық өмірдің құбылыстары, мерекелер кіре бастайды. Сондықтан «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» тілді дамыту жұмысын балаларды айналадағы ортамен таныстыру жөніндегі жұмыспен, сондай-ақ көркем әдебиетпен біріктіреді және осы жұмыстың формасын анықтайды. «Программада...» тілді оқытудың негізгі екі формасы аталған: біріншісі — тәрбиешінің балалар бақшасының басқа қызмет-керлерімен еркін сөйлесуі, әңгімелесуі арқылы балалардың тілін дамыту жұмысы, екіншісі — тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтар.
Балалар бақшасында баланың еркін сөйлеу: а) тұрмыста (таңертеңгі, кешкі жуыну, тамақ ішу т. б.), б) серуендеу кезінде, в) ойын процесі кезінде, г) айналадағымен танысқанда (қоғамдык өмірмен және жылдың барлық мезгілінде табиғатпен танысқанда), д) еңбек процесі кезінде (шаруашылық-тұрмыстьгқ, қол еңбегі, табиғатта еңбек еткенде), с) мерекелер мен көңіл көтеру кездерінде, ж) мынадай арнайы сабақтар кезінде: математнкалық, сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, дене тәрбиесі, музыкалььқ сабақтарда қарапайым түсініктерді қалыптастыру кезінде болады. [3. 146-181б].
Еркін сөйлесіп тіл үйренуге, қарым-қатынас пен танысу, сондай-ақ өз мінез-құлқын басқара білу құралы ретінде тілді үйренуге баланы анағұрлым қабілетті ете түсу үшін үш жастан бастап тілді дамыту жөнін дегі арнайы сабақтар енгізіледі. Сабақ үстінде бала өзінің сөйлеу қимылын тәрбиеші көрсеткен үлгімен оның айтқан сөзімен (не істеу керек? және қалай істеу керек?) салыстыруға үйреніп, оқу іс-әрекетін басқа балалармен бірігіп орындай білуді үйренеді:түсін діруді, әңгімені, музыканы бәрі бірге тыңдауды, суретерді диафильмдерді бірге көруді әңгімелесе білуді, дидактикалық ойындарға қатысуды, бірігіп ән салуды үйренеді; ол белгілі бір объектіге назар аударуға, өзін-өзі ұстай білуге, кезекпен сөйлеуге үйренеді. Сабақ үстінде балалар (болмыс құбылыстарындағы қарым-қатынастарды білдіретін жаңа сөздермен және грамматикалық формалармен бірге) жаңа білім алады, оқу жұмысын сөзбен ескерту мәліметтеріне сәйкес орындауға, өз жұмысын бағалай білуге үйренеді. Сабақтарда балаларды тәртіпті болуға үйретеді. «Программада,..» балалардың әрбір жас кезеңіне арналған баланың тілін дамыту жөніндегі арнайы сабақтардың мазмұны: «Айналадағымен таныстыру және тілді дамыту», «Табиғатпен таныстыру және тілді дамыту», «Тілді дамыту», «Көркем әдебиет», «Ана тілі» деген рубрикалармен беріледі.
Айналадағымен және табиғатпен таныстыру сабақтарында балалар бақылаған заттар мен құбылыстар, олардың іс -әрекеті, белгілері, қарым-қатынасы «зерттеу» объектісін құрайды, ал тәрбиешінің, ата-ананың балалар көрген нәрсені атаған сөздері олардың лексикасын байытудың бірден-бір көзі олардың диалогтік және монологтік тілін дамытудын өзіндік күш берушісі болып табылады.
Көркем әдебиетпен таныстыру жөніндегі сабақтарда баланың тілін байытудың негізгі көзі көркем шығарманың тексі болады (оны тәрбиеші балаларға оқып немесе әнгімелеп берді), ал тәрбиешінің тексті түсіндірудегі сөйлеген сөзі оған қосымша болып табылады.
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» көрсетілген «Тілді дамыту» сияқты сабақтар балаларға өз сөзін «аңғаруға», оған объективті болып жатқан құбылыс ретіпде қарауға сөздің сапасын бағалауға бірте-бірте үйретуге көмектесу мақсатын көздейді.
«Ана тілі» деп аталатын және мектепке дайындалатын топта ғана жүргізілегін сабақтарда сауаттылықтың бастамасы беріледі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?