Психолоия | Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігі

 Психолоия | Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігі

Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................................2
І. Тарау.Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Түйсік туралы жалпы түсінік...............................................................................3-5
1.2 .Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар...........................................................6-8
1.3.Түйсіктің физиологиялық негіздері....................................................................9
1.4. Түйсіктің түрлері мен қасиеттері, жалпы заңдылықтары..............................10
ІІ. Тарау. Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігінің дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы сезгіштікпен түйсігінің
дамуы.......................................................................................................................16-19
2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сезгіштігінің дамуы.........................20-21
2.3. Мектепке дейінгі кезеңдегі түйсіктің дамуындағы іс - әрекеттің ықпалын алмастыру.................................................................................................................22-23
2.4. Бастауыш мектеп кезіндегі балалардың
сезгіштігінің дамуы...................................................................................................24
Қорытынды...............................................................................................................26 Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................27

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мсн қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейпеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу үрдісінің алғашқы баспалдағыекендігі, түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдісі, түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болуы, сол шындық пен болмыстың адам сезім мушелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсіктің тууы, яғни түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі екендігі, баланың дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік екендігі, нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де балаға осы баспалдақ арқылы жетуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Түйсік қарапайым психикалық үрдіс деп аталғанымен, ол – баланың шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі екендігі, физиологиялық жағынан сезімдік таным үрдісі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отыруы, сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жанурлар мен адамдарға ортақтығы, алайда, сезімдік бейнелеу түрлері - түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей еместігі, егер сезімдік үрдістер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным үрдістері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отыруы осы жұмыстың міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігінің дамуын зерттеуде психологияның зерттеу әдістері эксперимент әдісі, байқау әдісі және әңгіме әдістерін қолдану.
І. Тарау.Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Түйсік туралы жалпы түсінік
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол-білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одаң оның не екенін сұрасаң, ол: «Қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Түйсіктер-заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секунттың 1/100 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді.
И. П.Шавловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің, пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б үш бөліктен құралады. Олар: бірінші сезім мүшесі (репептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркеидіргіштерді нервтік қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі — миға баратын нерв талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті (құрамы) — мидағы түрлі нерв орталықтары. Бұл тітіркендіргіштерді нәзік айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.
Егер осы айтылған анализатордың үш бөлігінің біріне зақым келсе, (мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсігіне нұқсан келеді. Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға да қабілетті. Мұны ми қабығының компен-саторлық функциясы деп атайды. Сезім мүшелерінің мимен байланыстылығы жәйлі Ш. Құдайбердиев: «Тән сезіп, көзбен кермек, мұрын-исі, тіл — дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мұндағы ой хабар алып, жақсы жаман әр істі сол тексермек»,— деп мидың жетекші, басқарушылық ролін ерекше атап көрсетеді.
Кейбір философтар мен психологтар адам түйсіктері заттардың объективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді дейді. Олардың айтуынша, түйсіктердің мазмұны сыртқы тітіркендіргіштер-дің, яғни сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байла-нысты емес, түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің қасиеттері-мен белгіленетін болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгі-лер, символдар, иероглифтер болып шығады. Бұл түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені бейнелейтінін, оларға не сәйкес келетінін де, заттарды қалайша танып-білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз. Мұндайда тіпті біз заттардың өзінің қандай нәрсе екенін де біле алмайтын боламыз. Өйткені белгі дегеніміз қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бірақ оның өзі таңбалайтын затына ұқсас бола бермейді.
Түйсік жөніндегі осы теориялардың қай қайсысы да сезім мүшелерінің көрсеткеніне сенбейді, заттар мен кұбылыстардың бізден тыс өмір сүретіндігіне күдік туғызады, егер түйсіктер заттардың объективті касиеттерін бейнелемейтін болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып білудегі табыстары мен олардың белгілі бір мақсатқа сай еңбек етуі мүмкін болмас еді.
Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи - әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсік-терінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлде қашан дәлелденген жәйт.
Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасында айқындайтын негізгі факт- олардың әуелде ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтседе, құстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі-олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығында.
1.2. Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар.
Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады. Бірақ аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамастан, философия тарихында олар бірнеше рет күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз, - деп топшылаған. Рационализм философиясының негізіне алынған мұндай көзқарас мәні: психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратын жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтің пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келеді.
Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (д. Беркли, Д.Юм, З.Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер. Г.Гельмгольц) "сезім –мүшелерінің ерекше энергиясы" деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлак тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны - сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген -пікір жатыр. Бұған идеалистердің келтіретін дәлелі: көзге қандай да әсер болса, жарқыл туындайтынын, құлақта механикалық не электрлі әсерден ызың пайда болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің объектив әсерлеріне ұшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін бейнелейтін өзінің субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезім көзі-түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олардың арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізіне алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек кезіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды.
Субъектив идеализм теориясы адамның сыртк,ы дүниені объектив бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі ретінде объектив болмыстағы материя қозғалысы-ның формаларын қабылдайтын органдардың (рецепторлар), дыбыстық тербелістерге жауап қатушы тері рецепторларының, сондай-ақ белгілі диапазондағы электр магниттік толқындарды бейнелеуші көру рецеп-торларының қалыптасқаны белгілі болып отыр. Организм эвалюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқа энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді. Ал, құлақ не көзде қандай да әсерден ызың не жарқылдың пайда болуы сол қабылдаушы аппараттың жоғарғы «мамандандырылғнын» сонымен бірге өздерінің жұмыс атқару сипаты-на тура келмеген әсерлерге жауап қатпайтынын көрсетеді.
Әр түрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жетілуі олар негізінде ерекше құрылым - «рецепторлардың» болуынан ғана емес, сондай – ақ шеткі сезім органдары қабылдаған сигналдарды орталық жүйке аппаратына жеткізуші жоғары дәрежеде «маманданып», детілген нейрондарға да байланысты.
Түйсік пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыстары. Бұлардың екеуі де біздің санамыздан тәуелсіз жасап, түйсік мүшелеріміздің әсерленуінен туындайтын объектив шындықтың сезімдік бейнесі. Бұл тараптан түйсік пен қабылдау өзара жақын келеді. Бірақ қабылдау - нақты затты немесе құбылысты сезімдік тануға негізделеді, қабылдауда біз көз алдымызға белгілі мағынаға толы адамдар, заттар, құбылыстар әлемін келтіреміз және олардың бәрінің де өзара күрделі, әрқилы қатынастарға түскенін байқап, білеміз. Осы қатынастар арқасында куәсі мен қатысушысы өзіміз болған мәнді де маңызды жағдайлар (ситуация) түзіледі. Ал түйсіктер болса - қоршаған орта әсерінен болатын, бірақ толық жетілмеген, нақты заттық кейіпке келмеген жеке сезімдік қасиеттердің бейнеленуі. Бұл тұрғыдан түйсік пен қабылдау сананың екі әртүрлі формалары немесе заттық дүниеге деген екі бір-біріне ұқсамаған қатынастарын білдіреді. Осыдан, "түйсік пен қабылдау өзара бірлікте де, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктеріне ие. Олар психикалық бейнелеудің сезімдік - қабылдау (сенсорно-перцептивный) деңгейін құрайды. Бұл деңгейде әңгіме біздің сезім мүшелерімізге заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінен пайда болатын бейнелер жөнінде болуы мүмкін.
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектті арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикапық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?