Психология | Ата ана қамқорынан қалған балалар психологиясы
Мазмұны
КІРІСПЕ .........
1. Ата-ана қамқорынан қалған балалардың туындауы, тарихи дамуы және әлеметтенуінің ерекшеліктері......
2. Әлеуметтік педагогтың қызмет түрлерінің мазмұны және ата-ана қамқорынан қалған балалардың әлеуметтену ерекшеліктері ................................................................
3. Ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі жасөспірімдермен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері.........
4. Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің психикалық ерекшеліктері............
Қорытынды...
Әдебиеттер тізімі..................
Дүниежүзінің барлық елінде балалардың жақсы өмір сүруін мақсат тұтады. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне жағдай жасауға тырысады. Қай халық болмасын, өз ұрпағын өмірлерінің жалғасы деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасауға ұмтылады. Әрине, жақсы өмір сүру дегенді әркім өзінше түсінетіні де баршамызға мәлім. Біздіңше, жақсы өмір сүру дегеніміз, қоғамда өзін еркін сезініп, оған жауап бере алу және рухани жетілу. Мұндай жағдайға қоғамның барлық мүшесі ие бола алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған жетім-балалардың өзіндік тұрғыдан дамуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін тәжірибеден көруге болады. Тіпті, бұл балалардың да қоғамның белді мүшелері, ел басқарар азаматтары боларына ешкім күмән келтірмесе керек. Осы тұрғыдан алағанда біздің қарастырып отырған мәселеміз қоғам сұранысына байланысты өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары ата-ана қамқорынан қалған балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен.Сонымен қатар, жылдан-жылға олардың санының артып жатқандығы да құпия емес.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы жасөспірімдердің арасында заң бұзушылық, қылмыстық істерге баруға мүмкіндіктер туғызуда. Әсіресе, ата-ана қамқорынан қалған балалар арасында дөрекілік күйдегі жасөспірімдер саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау қасиеттерімен сипаттайды. Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азғындау және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға бейім болып отыр. Бұл жағдайдың өзі қоғам дамуын шиеленістіреді. Әрине, қарастырылып отырған мәселе мүлдем зерттелмеген деуге болмайды. Айталық, ата-ана қамқорынан қалған балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін А.Адлер, А.Фрейд, Дж.Боулби, Р.Шпиц, В.Винце, М.Лисина, С.Ю.Мещерякова, Н.М.Щелованов және т.б. ғалымдар қарастырды. Ата-ана қамқорынан қалған балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И. Жолдак, С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан.
Ғылыми зерттеу нәтижесінде көпшілік мектептердегі жасөспірімдермен ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі жасөпірімдердің әлеуметтік дамуының ерекшелігі олардың : біреулері отбасында, ал екіншілері отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленуінде емес, сондай – ақ олардың қоғамда қол жеткізген дәрежедегі орынды иеленулерінде. Осыған байланысты отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жасөспірім тұлғасының педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік – педагогикалық даму мәселелеріне тоқталып, жан – жақты зерттеу қажеттілігін байқадық.
Ал, жастардың қоғамға әлеуметтенуіне келер болсақ, алдымен бұл ұғымның туындауына тоқталу қажет. “Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар А.Бондураның, Д. Доллэрдтің, Дж.Кольманның А.Парктің, В.Уолтерстің және басқалардың аттары атала бастады.
Зерттеу объектісі: ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі жасөспірімдерді тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні: жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтену процесі
Зерттеудің мақсаты: жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеу және оларды әлеуметтендірудің тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеудің міндеттері:
- жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтенуі туралы зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы «жетім», «әлеуметтік жетім» ұғымдарының мәнін ашу, өзіндік ғылыми анықтама беру;
- жасөспірімдердің әлеуеттену процесін сипаттау;
- жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттарын айқындау;
- жасөспірім жетім-балалардың тұлғалық әлеуметтенуін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
1 Ата-ана қамқорынан қалған балалардың туындауы, тарихи дамуы және әлеметтену ерекшеліктері
Бұл бөлімде біз ата-ана қамқорынан қалған балалардың туындауы және олармен әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметін және жұмыстар жүйесін қарастыруды жөн көрдік.
Қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі – ата-ана қамқорынан қалған балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие. Алдымен кілттік сөздердің мәнін түсіндіріп өтелік. “Жетім” ұғымының анықтамасына келетін болсақ, ерте кезде яғни Х-ХІҮ ғасыларда “жетімдер” деп - кедей шаруа балаларын атаған. Кейіннен жетім термині шаруа терминімен алмастырылып, басқару орындарының қызметкерлерімен феодалдарға қатысты атау ретінде қолданылды. Ал, ХІҮ-ғасырдың соңы мен ХҮІІІ-ғасырларда
“ жетім” cөзі тек басқару орындарының қызметкерлері мен феодалдарға ғана қатысты емес, жалпы екі немесе бір ата -анасынан айырылған балаға қатысты қолданыла бастады./Большая советская энциклопедия . –М., 1976.-Т. 23.-С.461, Ожегов С.И. Словарь русского языка. М-, 1978. –С. 661 /
Яғни, жетім – ата-анасының екеуі де немесе жалғызілікті шешесі (әкесі) қайтыс болған 18 жасқа толмаған бала.
Қазақстан Республикасында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды кәмелетке толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына қабылдануына, жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген негіздерде түрлі жеңілдіктер көрсетіледі.
“Әлеуметтік жетімдер”, деп – белгілі бір себептерге байланысты, ата -аналары құқығынан айырылған балаларды айтамыз.
Әлеуметтік жетімдер – балалардың ерекше категориясы. Олардың рухани және адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс, себебі олар толық жанұялық тәрбие көрмеген яғни ата-аналары ішімдікке, нашақорлыққа, жеңіл жүріске салынып,балаларына дұрыс тәрбие бере алмағандар. Оларға тән қасиеттер – агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Аталып отырған мәселе қоғамда кеңінен орын алуда, сондықтан да одан сырт айналу қажет емес, тіпті олай істеу мүмкін де емес. Осы тұрғыдан алғанда алдымен мәселеге байланысты үкімет шараларына талдау жасауды жөн көрдік.
2004-05 оқу жылында Республиканың білім беру жүйесінде 660 интернаттық мекемелер қызмет етті, онда 79 мың тәрбиеленушілер мен оқушылар оқытылды және соларға пана болды. Оның ішінде 73 –і балалар үйі және ата-ана қамқорынан қалған балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 12574 бала болды. 45-і таза балалар үйінің саны онда 6419 ата-ана қамқорынан қалған балалар қамтылған. 11-і жалпы интернаттар 2508 баланы қамтамасыз еткен. 17-сі түзету мекемелері 3647 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекеме. 33-і отбасылық типтегі балалар үйі онда 261 бала қамтылған. 69-ы арнайы түзету мекемесі 12599 бала тәрбиеленген. 10-ы девиантты міне-құлықты балаларға арналған, онда 884 бала болған. 99 мектеп-интернаттары болған және 37541 бала қамтылған. 12 санаториялық типтегі мектеп-интернаттыры болған, 3398 бала ем алып, оқып, тәрбиеленген. 359 жалпы білім беретін мектептердің қарамағында болған, онда 15096 бала қамтылған.
Ата-ана қамқорынан қалған балалар мәселесені байланысты бірқатар нормативтік құжаттар бар. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйі туралы заң. Бұл № 113-ІІ заң 2000 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған, 2004 жылғы 20-шы желтоқсанда № 13-ІІІ болып толықтьырылған.
Бұл заң аталған мекеменің қызметі мен құқықтық ережелерін белгілейді. Яғни, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша, түпкілікті отбасында тәрбиеленулерін реттейді, сонымен қатар олардың рухани-адамгершілік, еңбек тұрғысынан жан-жақты дамуларын, білім алуларын қамтамасыз етеді.
Заң бес тарау және 36 баптан тұрады. Бірінші тарауда жалпы ережелер көрсетілген. Аталмыш балалар Конституцияға сәйкес барлық құқыққа ие екендігі айтыла отврвп заңның ұстанатын негізгі ұстанымдарын атап өтеді. Олар: гуманистік, әділеттілік, тұлғаның еркін даму, тәрбиеленушілердің құқының шынайы қорғалу, отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйі субъектілерінің өзара көмек, қолдау көрсету т.б. Заңда баллар үйінің бірте-бірте балалар ауылына айналуын, осылайша келешекте бұл балалардың отбасы типтес орында оқып, тәрбиеленуі көзделеді. Екінші тарауда Балалар ауылында тәрбиеленушілердің құқықтары көрсетілген. Яғни, мұндай орынға 18 жасқа дейінгі барлық ата-ана қамқорынан қалған балалар қабылданады. Тәрбиеленушілер: оны адамдық тұрғыдан құрметтеге; тәрбиеші-ананың қамқорлығына онымен бірге өмір сүруге; тәрбиеші –ана мен әкімшілік тарапынан қызметтерін пайдаланып, қоқан-лоқы көрсетуден сақтануға құқылы. Сонымен қатар, тәрбиеленушілердің өзіндік көзқарастарын білдіруге де құқылы екендігі баяндалған (6-шы бап). Тәрбиеленушілер тұрғылықты мекен-жайға, белгілі бір заттарға, әлеуметтік төлем ақыларға да құқылы. Үшінші тарау жалпы отбасылық балалар ауылына түсініктеме берген. Яғни, балалар ауылындаға отбасы дегеніміз – бірге өмір сүретін, заттарды ортақ пайдаланатын, іс-әрекеттер мен еңбекті бірге бөлісетін, тәрбие және білім алатын орта. Бұл орын құқықтық заңды орын болып табылады, сондықтан да оның белгілі территорриясы, пәтерлері, шаруашылық орындары бар. Балалар ауылы бірнеше отбасылардан тұрады, демек кіші-гірім ауыл ретінде ортақ тәрбие процесі іске асырылады. Бұл тарауда тәрбиеші-анаға қойылатын талаптар да айтылған: біріншіден ол ҚР азаматы боуы тиіс; екіншіден 30-дан асқан жоғары білімді, некеде жоқ, өзінің немесе бағып алған баласы жоқ әйел. Оған қоса сот үкімі бойынша еңбекке жарамсыз деп табылса, ата-ана құқынан айырылған болса, асырап алушы ретінде құқынан ажыратылған болса, сотталған болса, денсаулығына байланысты асырап алуға рұқсат етілмеген болса мұндай аналар тәрбиеші-ана бола алмайды. Отбасына баланы таңдау тәрбиеші-ананың құқында және баланың қалауы да есепке алынады. Сонымен қатар 16-шы бапқа сай құжатттарды реттегенде және келісім шар бойынша ғана бала отбасына беріледі. Тәрбиеші- ана тәрбие әдістерін өзіндік тұрғыдан қолдануға және тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруға құқылы. Баламен ақылдаса отырып, оқу орнын, қосымша білім алуды таңдай алалы. Төртінші тарау тікеле» Жастар үйіне арналған немесе оны әлеуметтік бюейімделу орталығы деп те атайды. Бесінші тарау, Қазақстан Республикасының отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйііндегі балларға мемлекеттік гарант болу баяндалған.
Ал, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2002 ж. 8 тамыз №345 бұйрығымен қол қойылған «Қазақстан Республикасының бала құқы туралы» заңының 5 тарауының 30 бабының (Бала құқын қорғауға байланысты функцияларды іске асыру, ұйымдастыру) 1,2 пунктерінде Балалар үйіне қабылданатын балалар және оларды қорғау, мекемедегі жағдайы туралы айтылған. / Қазақстан Республикасының бала құқы туралы заңы. –Астана, 2002. - 12 б./. Яғни, балалар үйіне ата-ана қамқорынан қалған балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған туғаннан 3 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Ал уақтылы қабылданғандар үшін, арнайы бөлімшелер ашылады. Сонымен қатар, интернаттық ұйымдар мен отбасы типтегі балалар деревнясына (ауылына) ата-ана қамқорынан қалған балалар мен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған туғаннан 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады деп көрсеткен. Мұндағы балалардың жағдайы бала құқын қорғауға байланысты заңдарға сай іске асырылатындығы көрсетілген. Осы заңның 7-ші тарау 34 бабында мемлекет барлық балалардың Қазақстанның тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын үйретуді көздейді деп көрсеткен /бұл да сонда/.
Ерте кезде көптеген мемелекеттерде ата-ана қамқорынан қалған балаларды әлеуметтік қорғау діни салт-дәстүрге бағындырылған.
В.В.Беляков /Беляков В.В. Сиротские детские учреждения России: Исторический очерк.-М.:Дом,1993.-24 с./пен Е.А.Горшкованың /Горшкова Е.А. Из истории развития детских домов. // Проблемы и перспективы совершенствования воспитательной работы в детских домах.-М.,1990.-С.12/еңбектерінде жетімдер үйімен қоғамдық орта айналысты олар «балалардың тәрбиесіне аса мән берген»-деп көрсетеді. Ал, Дж. Харвиннің зерттеуінде ағылшындардың жетім-балаларды қорғау, орналастыру жүйесі сипатталған. Сонымен қатар «балалар үйінің түлектері -әлеуметтік риск топтарын құрайды яғни, ағылшындық мемлекеттік жүйеге сай, бұл үйлердің түлектері көбіне әлеуметтік тәуекелге (риск) ұшырайтындар деп пайымдаған. Олар жиі жұмыссыз, баспанасыз қалатын болғандықтан әртүрлі қылмысқа барады, психикалық ауыруларға душар болады, сондай-ақ отбасын құру, бала тәрбиесінде тығырыққа тіреледі», /Харвин Дж. Английская государственная система устройства детей, оставшихся без родительского попечения // Проблемы сиротстива и организация государственной помощи детям, лишившимся родительского попечения. –М.,1992. –С.52-61/ -деп көрсетеді.
Панасыз қалған жетім, тастанды балаларға мемлекеттік қамқорлық көрсету қайырымдылық көрсеткенмен пара-пар. Ертеректе ауқатты адамдар өз қаражаттарына барлық жастағы ата-ана қамқорынан қалған балаларға арналған мекемелер салған. ХХ ғ. 30-шы жылдарының ортасында, балалар үйлері оқу-тәрбие мекемелерінің ең жақсы түрлерінің бірі болған. Сонымен қатар, олар коммунистік тәрбиенің талаптарына толықтай жауап бере алған //Беляков В.В. Сиротские детские учреждения России: Исторический очерк.-М.:Дом,1993.10-13,90 бб./. Бұл пікірден біз ата-ана қамқорынан қалған балалар үйінде қатаң тәртіп болғандығын және тәрбиеші, басшылардың бұйрығын бұлжытпай орындаған, өзіндік көзқарастары болмаған балалар бейнесін көре аламыз. Әсіресе, интернаттық мекемелердің құрылуы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін оңтайлы құбылыс болды.
Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғарғы оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белсене араласып жатқандары белгілі. Дегенмен, қазіргі кездегі балалар үйіндегі балалардың барлығы бірдей толық жетімдер емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқығынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары тастап кеткен балалар, ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы бас құқығынан ажыратылғандардың балалары, жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді. (бұларды «әлеуметтік жетімдер») ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?