Биология | Айғырларды пішу

 Биология | Айғырларды пішу

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................ 6
Негізгі бөлім
1.1 Айғырларды пішу...................................................................................... 7
1.2 Ашық тәсілмен пішу операциясының техникасы.................................. 9
1.3 Жабық тәсілмен пішу операциясының техникасы................................ 11
1.4 Айғырды түрегеп тұрған жайда пішу..................................................... 12
1.5 Еркек малды пішу және піштіру әдістері............................................... 13
2. Өзіндік зерттеу............................................................................................ 19
Техника қауіпсіздігі........................................................................................ 20
Қорытынды...................................................................................................... 21
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................ 22
3. Тіркелген мәліметтер............................................................................. 23-24
3.1 Айғырларды пішу (1- сурет).................................................................... 23
3.3 Айғырларды пішуге арналған аспаптар (2-сурет)................................ 24

Айғырларды пішу

Айғырларды қанды тәсілмен пішеді. Ашық әдіс практикада жиі қолданылады. Егер кейбір айғырлардың шап сақиналары кең болса, ондай малды жабық әдіспен пішеді.
Айғырларды пішу алдында шап сақиналарын тексеру керек, сонан соң мал дәрігері керекті тәсілді таңдап алады. Айғырды орыс немесе қазақ тәсілімен көгал жерге сол жағына жығады. Ол үшін айғырдың алдыңғы екі аяғын біріктіріп тұсайды да, артқы оң аяғын арқанмен іліп алып, малдың бауырына қарай қатты тартып жығады. Сосын төрт аяғын байлайды. Сонан соң ұманы зарарсыздандырады да, екі еніне 10 мл 4 проценттік новокаин беріп жансыздандырады. Сонан соң ұманы екі жерінен тіліп, оның ішкі кілегей қабығын қоса жарады да желбезегін кеседі. Сонан соң шәует бауын Занд қысқашымен мыжып, 5-6 минут ұстап тұрады да, екі енін кесіп тастайды. Операцияның соңында теріден аққан қанды тампонмен тазартып алып тастайды. Жараның ішіне йодоформ немесе стрептоцид ұнтағын себеді. Осылай ашық тәсіл орындалады.
Шап сақиналары кең айғырларды жабық тәсілмен пішеді. Бұл әдістің бір ғана ерекшелігі бар. Ұманы жарғаннан соң ішкі кілегей қабықтың үстінен оны жармай қалақша арасына салынады немесе шәует бауы жібектен жасалған жіп немесе жібек жіппен мықтап байлап тастайды.
Айғырларды пішкен кезде мынандай асқыну болуы мүмкін. Терінің қан тамырларынан қан атқыласа, оны қан тоқтатқыш пинцетпен қысып тоқтатуға болады немесе жібек жіппен байлап тастайды. Егер кесілген ұрық таспасынан қан атқыласа, онда қан тоқтатқыш пинцетті тығып, байлайды. Егер ертеңіне жараның ішінен жалпы қынап кілегей қабығы салбырап шығып тұрса, онда жараны ашып, сыртқа шығып тұрған қабықты кесіп тастайды.
Айғырларды (есектерді және қашырларды) әдеттегі ашық тәсілмен пішеді, яғни жалпы қынаптық қабықты тілумен. Ішкі шаптык сақиналары үлкейген, периорхитте немесе жалпы қынаптық қабық шеменінде малды жабық тәсілмен пішеді. Операцияны ашық тәсілмен жатқан немесе тұрған түрде орындауға болады.
Айғырды жатқан жайда пішуі. Малды орыс немесе Решетняк тәсілімен жығып, сол жағына жатқызады, оң жамбас аяғын жығатын қайыс арқаның сақинасына немесе арнайы жылқының мойынына киілген жіпке тартып операция орнын ашып қояды. Қалған аяқтарын бірге байланыстырады. Жығар алдында малдың ұма аумағын ластамау үшін, құйрық шаштарын бинтпен орап байлайды.
Жансыздандырудың маңызы өте зор оны әсіресе жауыз және күшті малды жығардан бұрын және пішу алдында жасалынады. Ол үшін аралас наркозды қолданады. Жергілікті жансыздануды төменде айтылған тәсілдермен істейді.
1) қолмен ұманы берік қысып ұстап алып, ұма терінің түптеріне 5%-тік йод ерітіндісін жағады. Осы орындарға әрбір ұмаға 10 мл 4 % - тік новокаин ерітіндісінің инъекциялайды бұл Л.С. Сапожниковтің интратестикулярдық жансыздану тәсілі.
2) новокаин ерітіндісін қосалқының сыртқа шығып тұрған құйрығынан денесіне бағыттап жібереді;
3) ұманы қолмен берік ұстап инені қосалқының басынан қадап, оның жең бауына қарай 4 см жылжытып 10 мл 4 % - тік новокаин ерітіндісін енгізеді.
4) Ұма мойындағы ұлпаларды инемен тесіп, ен бауының қалыңдығына сол мөлшерде новокаин ерітіндісін енгізеді.
Жансыздану 5-6 минуттан кейін болады. Егер алдын ала хлоралгидрат берілсе онда ұманы қосымша жансыздандыру қажеттілігі жоқ. Хлоралгидрат қолданбағанда тілетін орынға тері астынан 0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандыру қажет.

Ашық тәсіл операцияның техникасы. Операцияны бірыңғай жоспармен әртүрлі пішуге арналған қысқаштарды немесе эмаскуляторларды қолдануымен орындайды. Бұл аспаптардың мақсаты ен бауын мылжалау және қан кетуінің алдын алу үшін, тұрақты тромб жасауы.
Ұманы берік бекіту үшін жергілікті жансыздану қолдануға дейін бекіту оның мойнына икемді резеңке жгут салады. Оны қысқаштарды ең бауынан алғанға дейін қалдырады.
Ұманы, жалпы қынаптың қабығын және енді тіліп кесуі. Ережеде ұманың екі жартысын, сол қолмен мықтап ұстайды, еннің дөңес бетінен (ұма тігіске паралельді) алдыңғы және артқы полюстарына дейін тіледі. Құрсақты скальпельмен бірден ұма терісін, бұлшықеттік - икемді қабықты, фасцияны және жалпы қынаптық қабықты жарып ашады. Егерде кездейсоқ ен тілінсе оның оқасы болмайды. Жалпы қынаптық қабық кесуі тері кесумен бірдей болу тиісті. Егер бірдей болмаса қалта құрылады, оған кан және экссудат жиналып патогендік микрофлора дамуы мүмкін. Тілуді алдымен жалпы қынаптық қабық қабатына дейін кесумен қанағаттануға болады, содан соң скальпелімен шағын тіліп сол қуысқа қайшының браншын енгізіп, терінің алдыңғы тіліміне дейін жылдам жарып тастауға болады.
Қынаптың (өткіндік) будасын кесуі. Жалаңашталған енді сол қолмен алып, сыртқы ен көтергіштің кедергісінен өтіп қынап будасынан тарпып абайлап жарадан сыртқа шығарады. Қынаптық буданы қолмен немесе іскекпен түзетіп жалпы қынаптық қабық жақын маңында кеседі.
Байламды қосымша құйрығы жакын маңда кесуге болмайды, себебі ұрықөткізгіштің артериясына зиян келтіріп оны жалпы қынаптықпен қабықпен бірге бөліп алуы мүмкін. Қысқашты ең бауына салғанда артерия бранштың астына тимей қан кетуі тоқтамайды. Онан әрі сол қолмен енді ұстап будадан іскекті шешпей, оны қынаптық канал жағына жиіріп мезорхиум бойын 7 - 10 см жыртып, ен бауын жалпы қынаптық қабықтан бөліп алады. Соңғы кезеңде, бөлінген қынаптық қабықты, еннен проксималды келтіріп, қынаптық каналға іскекпен қайырады.
Енді алып тастауы. Жалпы қынаптың бұдаларын кесуінен кейін сол қолмен енді және ен бауын жалпы қынаптық қабықтан ажыратып ұманы жоғары шапқа қарай ығыстырады, ал оң қолмен енді ұстайды. Сол кезде ен бауы ашылады. Егерде бірден екі енге операция жасағанда, ен бауының екеуін де ашып қояды. Енді бұдан былай келесі құралдардың біреуін пайдаланады.
1. Зандтың қысқышымен ен бауын мыжу - қолдануға ең көп таралған әдіс. Еннен 7-9 см қашық ен бауына қысқыштардың бранштарын оларды бекітілген бұрандасының басын сыртқа қаратып салады. Екі қолмен қысқыштардың бұтақтарын тоқтағанша қысып, оларды тұтқасында болатын затворымен бекітіп қояды. Занд қысқышының бранштарымен ен бауының екеуінде бірден қысып қоюға болады, бірақ ол үшін екі браншты әрбір ен бауын бөлектік қысатын Амосов қысқышын қолдануы қолайлы келеді.
Қысқышты сыртынан қысылған ен бауын енмен бірге майлықпен немесе арнайы қысыммен жабып, саусақтармен 10-15 айналдырып үзілгенше бұрайды. Кейде тәжірибеде торзильдеудің орнына ен бауын браншқа жақын маңда қайшымен кеседі. Ен бауының культясына 5%-тік йод ерітіндісін жағады. Затворын бірте-бірте жылжыта қысқышты абайлап, өте сақ етіп шешеді. Қалған қуыстан қан ұйысқандарын тазартып, ұма қуысына және іштеріне асептикалық ұнтақтарды, дезинфекциялайтын маймен, немесе реверзибелдейтін ақ стрептоцид эмульсиясын, шприцтен резеңке трубка арқылы немесе қалақшамен енгізеді.
2. Эмаскулятор қолдануы Занд қысқышынан артықшылығы бұл жағдайда енді бұрамай бөліп алады. Эмаскулятордың бранштарында доғал және өткір бөлімдері болады. Эмаскуляторды ен бауына міндетті түрде бұранданың басын сыртқа қаратып салып аспаптың тұтқаларын баяулап қысады. Аспаптың доғал жағымен ен бауы қыспақта болады, ал өткір оның бөлімі енді бөліп алады. Салынған аспапты 5-6 минут ұстайды. Аспаптың тұтқаларын баяу жіберумен шешеді. Жуандатылған қынаптық буда бөлімі әлі өте тығыз емес жас айғырларды, қынаптық буданы жармай эмаскулятормен пішуді жүзеге асыруға болады. Ұма қабырғаларын және жалпы қынаптық қабықты тілгеннен кейін оны қосымша ен бауының алдынан көлденең түзу қайшымен қосымша жарып ашады. Эмаскулятордың бранштарын ен бауының айналдырылған жалпы қынаптық қабық артқы бөліміне тиіп тұрған көлемге салады. Бранштарды жабылуының алдында қосалқының құйрығымен жабылған қабық бөлімі эмаскулятордан төмен орналасқанына көз жеткізу керек. Қысқыштардың бранштары жабылғаннан кейін ен және қосалқамен бірге қынаптық буда және оған жабысып тұратын жалпы қынаптық қабық үмеген соқыр қабығы қоса кетеді. Операцияның мына тәсілінде жалпы қынаптық қабық қапта, пішудің жара қуысы мүлдем болмайды.

Жабық тәсілмен пішу операциясының техникасы. Енді лешеткаларды немесе лигатураны қолдануымен алып тастауы.
Лещетканы қолдану мен пішу. Лещетканың бір жағын жіппен берік байлап автоклавта немесе стерилизаторда қайнатып зарарсыздандырады.
Тартып ұстаған ұманы қабаттарын абайлап жалпы қынаптық қабыққа дейін тіледі. Содан соң жараны доғал тәсілмен кеңітеді, ұма қабаттарын жалпы қынаптық қабықтан және сыртқы ен көтергіштен бөліп алады. Ұманы мойын бөліміне дейін ашады. Жалпы қынаптық қуыста бөтен еш зат қалмағандығына тексері (пальпациямен немесе қабықтардың қабырғаларын үмеген тесік жасап), оны ен мен бірге 180° бұрап одан 7 см жоғарырақ жануардың денесіне көлденең келтіріп лещеткаларды салады. Лещетканың соңыларын арнайы бұрандамен немесе қысқаштармен жақындатып мықтап берік байланыстырады. Лещеткадан 2-2,5 см төмен түсіп, жалпы қынаптық қабықпен жабылған ен бауын қайшымен кесіп тастайды. Ен бауының қалдығын 5% йод ерітіндісімен домдайды. Лещеткамен қысылған жалпы қынаптық қабықтың үштері қайтадан айналып кетпеу үшін, екі лещетканы стерилденген майлықпен жауып оның шеттерін ұма жаралардың шеттеріне жапсыра тігеді. Лещеткаларды 8 күннен кейін шешеді немесе қашан олар өздігінен құлап түскенін күтеді.
Лигатура қолдануымен пішу. Жалпы қынаптық қабықты тіліп ашқаннан кейін ұма қабаттарын құрсақ қабырғаға қарай тықсырып, жалпы қынаптық қабықпен жабылған ен бауына еннен алыстатын Занд қысқышын салады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қысқыштың браншын ашады, енді жалпы қынаптық қабықпен бірге 180° бұрады және қысқышпен ең бауын екінші қайтара жаншады. Қысқышты алып оның орнын жылдам жуан және ұзын кетгут жіппен тартып байлайды. Ен бауын үш саусақ енінен төмен эмаскулятормен немесе қайшымен кесіп тастайды. Лигатураны ен қалдығы бөлініп түскеніне дейін қалдырады.
Айғырды түрегеп тұрған жайда пішуі. Операцияны айғырларды жатқан жайда пішуден жеткілікті тәжірибесі бар хирург жасайды. Пішудің ашық тәсілін қолданады. Айғырды сол жамбас аяғын діңгекке көтеріп, станокта бекітеді немесе жай тұра береді тек басынан біреу ұстап тұру қажет. Күре тамырдың ішіне, торбуджик, ромпун немесе хлоралгидрат немесе литикалық қоспаны енгізеді. Новокаин ерітіндісі инъекциялайды. Жоғарғы ерінге бұрау салып оны көмекші ұстап түрады. Ұманың операция жасайтын орнын зарарсыздандырғаннан кейін еннің мойнына икемді жгут салып, операцияға кіріседі.
Операция жасаушы оның иығы айғырдың қарынының төменгі қабырғалар деңгейде болу үшін, тізелерін бүгіп, айғырдың сол бүйір жағында ұмаға бетпен қарай тұрады.
Содан соң ол сол қолымен ендерді қысып ұстап алып жылдам қозғалыспен кезекпен ұманы жалпы қынаптық қабықпен бірге краниокаудальдық бағытпен жүргізе отырып тіледі. Керісінше теріс бағытпен кескенде ол өзінің сол қолын зақымдауы мүмкін.
Енді ашқаннан кейін жедел қайшымен кезекпен өтетін байламдарды кесіп, ен бауына бірден немесе кезекпен Занд қысқышын қысып орналастырады. Операцияны ендерді бұрап алып немесе қайшымен кесіп тастаумен аяқтайды. Сондай әдіспен енді эмаскулятормен алып тастауға болады. Икемді жгутты қысқашты немесе эмаскуляторды алғаннан кейін шешуге болады. Операция барысында айғырдың әртүрлі қозғалыстары болуы мүмкін. Сондықтан хирург малды артық алаңдатпау үшін оның құрсақ қабырғасына иығын тигізбегені дұрыс болады. Егер жануар ерекше мазасызданса онда бүрауды шешіп, оған аздаған сұлы беруге болады.

Еркек малды пішу және піштіру әдістері

Еркек малды пішу тәсілдерінің саны өте мол. Бірақ олардың барлық негіздерін екі тәсілге біріктіруге болады — қанды және қансыз. Ол тәсілдерді пайдалануы және жүзеге асыруы операция жасалатын малға, шаруашылықтың жағдайына, ветеринар маманның шеберлігіне, операцияның мақсатына, операцияның аумағындағы патологиясына және қолданылатын құралдардың ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Малды қанды әдіспен пішуі кең таралған, жиірек қолданылады; ондайда ашық және жабық тәсілдердің қолдануымен көбінде енді және қосалқаны толық алып тастайды. Ашық тәсілде жалпы қынаптық қабын жарып ұманы ашып оны қосалқасымен бірге алып тастайды. Жабық тәсілде жалпы қынаптық қабықты кеспейді, енді және қосалқаны оларды жабатын жалпы қынаптық қабықпен бірге тіліп алады.
Жыныс бездердің элементтердің жарым - жарты жоюдың негізгі мақсаты - шәует бөлінуі тоқтауы, еркек жыныс гармон өндіруін сақтау. Қанға бөліп шығатын жыныс гармоны малдың үйлесімін молырақ дамытып қалыптастырады ал ұрықтандыруға қабілеттілігі болмайды. Осы тәсілді тап толық пішу деп есептеуге болмайды. Оны көбіне стерилдеу деп атағаны дұрыс болады. Ең көп таралғаны 2 тәсіл:
а) еннің тек қана паренхимасын жою (экспрессиялық пішу) оның болбыр ұлпасының негіздерін және қосалқасын сақтаулы.
б) еннің қосалқасының құйрықтарының резекциясы - операцияны кейде қойларда және өгізшелерге жасайды. Операция жасалған малда либидо сақталып олар ұрғашыларды ұрықтандыруға мүмкіншіліксіз болғандықтан, мына операцияны тексеретін қошқарларды дайындау мақсатымен ұсынылған болатын (жыныс стерилдеу).
Қансыз пішу әдіс, перкутарлық пішу — өнімді малға ең көп қолданылатын пішудің түрі. Ол негізі екі дербес тәсілдерден тұрады: ен бауының бүтіндігін перкутарлық бұзуы немесе еннің үзу.
Ен бауын бүтіндігін перкутарлық бұзуға негізі екі әдісі бар.
а) Ен бауының ұма мойын аумағында, терісінің сыртынан, арнайы қысқыш арқылы перкутарлық әдіспен мыжып жаншу немесе үзу арқылы. Ен бауын мыжып жаншығанда еннің қоректенуі бұзылып, одан кейін семеді. Сорылатын өнімдер малдың организімінің дамуына және өсуіне ынталандыру әрекет көрсетеді, енді толық алып тастағанда бұндай ерекше әсер болмайды.
б) эластрация — не бауына икемді резеңке сақина салып қысу, ол жағдайда ен ұма мен бірге толық некрозға ұшырап денеден бөлінеді.
в) крипторхизмды жасанды жасау - енді қынаптық канал қуысына итеріп салу және оны қайтадан шықпау үшін ұма төменгі бөліміне икемді сақина салумен бекіту.
Бұзауларды қанды және қансыз тәсілмен пішуге болады. Қанды тәсілдің ішінде жабық пішу ерекше орындалады. Ол үшін бұзауды сол жағына жығады, төрт аяғын арқанмен мықтап байлап, аяқтарын бауырына қарай қатты тартып, ұмаға кеңшілік жасалынады, сонан соң ұманы жылы сумен сабындап жуып, таза стерильді орамалмен сүртіп, бес проценттік йод тұнбасын жағады. Сол қолмен ұманың жоғарғы түбінен қысып ұстап, ұрық бездері терісінің астыңғы жағынан қатты тартып кеседі. Ұманың дәл ортасынан кесуге болмайды. Теріден аққан қанды тампонмен немесе қан қысқаш пинцетпен тоқтатады. Сонан соң ұрық тамырын жібек жіппен қазықбау шалып тастайды да, ұрық безін кесіп тастайды. Соңынан ұманың ішіне йодоформ немесе стрептоцид ұнтағын себеді. Жараның шетіне йод жағады.
Мал шаруашылығында тұқымға жарамсыз барлық еркек қозы мен бұзау пішіледі. Пішілген мал жуасып, жем мен шөпті онша көп талғамай жеп, жақсы семіреді. Және етінің сапасы да артады. Пішілмеген және түқымға жарамайтын қозы мен бұзауды мал арасында ұстау шаруашылыққа зор зиян келтіреді. Мұндай еркек мал етке өткізілгенде, оның қоңдылығы бір - екі сатыға кемітіледі.
Мал дәрігерлік және зоотехникалық практикада қозы мен бұзауды тым ерте пішу орынсыз .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?