Әдебиет | Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
Мазмұны
Кіріспе
1. Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
2.Айқын Нұрқатовтың шығармалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1950-1965.
Бұл - кең қолтық көне тарих үшін қас қағым сәттей ғана құны бар 15 жыл.
Бұл - күні кешегі кеңестік кеңістікте "бүкіл елімізде социализм толығымен және түпкілікті жеңіп шықты, кемелдемген социалистік қоғамды орнатып, коммунизм құруға бет аламыз" деп, жалаулатып, ұрандатқан кезеңнің бір бөлшегін құрайтын 15 жыл.
Бұл - "Халықтар көсемі" Сталиннің шексіз құзырының соңғы сәттеріне куә болып, қиялқанат Хрущев дәуренің бастап өткерген, он сегіз жыл бойы кеңестік-коммунистік тақта тапжылмай отырған Брежнев билігіне жол ашылған 15 жыл.
Осынау 15 жыл көлемінде жоғарғы билік басындағылар ауысқан сайын, елдің рухани өмірінің жетекшісі болып табылатын идеология да "сырты бүтін, іші тұтін" кейіпке түсіп, "заманымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы" болмаққа тырысқан коммунистік партияның, қабылдаған қаулы-қарарлары бір-біріне керегар келіп, тіпті бірін-бірі теріске шығарып жатты. Мәселен, БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы" (14 тамыз 1946 жыл), "Драма театрларының репертуары және оны жақсарту шаралары туралы (4 қыркүйек 1946 жыл), «В.Мураделидің «Ұлы достық» операсы туралы (10 ақпан 1948 жыл) қаулыларындағы тұжырымдар арада аздаған жылдар өтер-өтпестен, 1958 жылдың 28 мамырында СОКП Орталық Комитеті қабылдаған "Ұлы достық", "Богдан Хмельницкий" және "Шын жүректен" операларын бағалауда жіберілген қателіктер туралы" қаулысында жоққа шығарылды.
Билік тұтқасын ұстағандардың түпкі мүддесіне негізделіп келген коммунистік идеологияның қасаң қағидалары қоғамдық санаға, қоғамдық сананың бір тармағы - әдебиет пен өнерге де кесірін аз тигізген жоқ. Оның айқын дәлелін елуінші, алпысыншы жылдардағы әдеби өмірде болып өткен сыншылдық ойлар ағынына жүгірте көз салғанның өзінде таба аларымыз анық. Әрине, әдеби үрдіс нақтылы бір жылдар аралығымен шектелмек емес. Сондықтан 50-60-жылдардағы әдебиет пен әдебиеттану ғылымындағы ізденістер мен іркілістердің, жетістіктер мен кемшіліктердің түпкі себептерін олардың алдындағы жылдар ұсынған талаптардан іздеп, сол тұрғыдан өрбіте қарастырғанымыз ләзім.
Аталмыш кезеңдерде рухани игіліктерге баға беруші де, сол игіліктерді тудырушы өнерпаз күштерге бағыт сілтеп, талап жүктеуші де коммунистік партия болғаны аян. Көңілі көреген, санасы сара таланттардың талайы қоғамдағы үстем идеологияның шеңберінде шырмалғаны да ақиқат. Олай етпеске амалдары да жоқ еді. Демек қандай да болмасын дарын иесінің еңбегін бағалаған тұста оның өмір кешкен кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік ерекшеліктерді ескеріп отыру әділетті пікірдің орнығуына негіз салмақ.
Олай болса, 50-60-жылдар шенінде өнер мен әдебиет дүниесіндегі ахуал қандай еді?
Партияның 1946 жылғы аталған қаулысынан кейін, іле-шала Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті "Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының саяси өрескел қателері туралы" (21 ақпан 1947 жыл), "БК(б)П Орталық Комитетінің "Драма театрларының репертуарлары және оны жақсарту шаралары туралы" қаулысын орындау туралы" (29 сәуір 1947 жыл) қаулылар қабылдады. Бұл қаулылардың ақыры әдебиетші, зиялы қауым арасынан "ұлтшылдарды" іздеу, талқандау сияқты сорақылықтарға ұласып, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, О.Марғұлан. А,Жұбанов, Ә.Мәметова, Ә.Қоңыратбаевтар қызметтен қуылды. М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтар өз елінде "көзге күйік" күй кешіп, Мәскеуге бет түзеді. Ең сорақысы - танымал тарихшы-ғалымдар Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменовтерге «ұлтшылдық қамыты» кигізіліп жиырма бес жылға сотталып кетті.
Рухани өмірдің өскелең талаптарға жауап іздеу орнына, көбіне-көп өз ортасынан жау іздеуге ден қойып кетуіне "Қазақстан Жазушылар одағының жұмысындағы үлкен қателіктер мен кемшіліктер, оларды жою жөніндегі шаралар туралы" (17 маусым 1951 жыл), "Бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ әдебиеті мен тілі бойынша оқулықтардағы қателіктер мен кемшіліктер туралы" (28 тамыз 1951 жыл) аталатын қаулылар да қал-қадерінше "үлес" қосты. Соның салдарынан қазақтың төл перзенттері мектеп оқулықтарынан шығарылып, олардың орнына орыстың ағартушы демократтары қоныстанды. М.Әуезов, Ә.Марғұланнан бастап, қазақтың дарынды қаламгерлерінен тұрпайы сынның нысанасына ілікпегені кемде-кем.
50-жылдардың ортасына шейін әсіре билік құрған салсойыл сынға біршама тоқтау салып, мәдени-әдеби өмір дамуының оң арнаға бет түзеуіне "жылымық" жылдары бірқыдыру әсер етті. 60-жылдардағы әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымында маңызды зерттеулер жүргізуге, оқу орындарын қажетті оқу құралдарымен және оқулықтармен жабдықтауға, сол тұстағы әдеби өмірдің жағдайын бағдарлауға бағытталған ауқымды іс-шаралар қолға алынды. Әдебиетшілер қауымы үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық үшін бағалы игілікке айналған, алты кітапты қамтитын үш томдық қазақ әдебиеті тарихының жасалуы, белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілердің ой-пікірлері мен мақалаларының кітап болып жинақталып, жарық көре бастауы, әдебиеттанушы ғалымдар мен сыныпшылардың жеке жинақтарының жариялануы, белгілі қаламгерлер шығармашылығына әдебиетіміздің тарихи жолы мен теориялық, тақырыптық-идеялық шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты арнайы монографиялық еңбектердің дүниеге келе бастауы да - аталған жылдар жемісі Әдебиетші ғалым Т.Кәкішев сөзімен айтқанда: "Соғыстан кейінгі идеологиялық зорлық-зомбылықтардан құтылып, 50-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдардың ұзына бойына ақыл-ойға ептеп болса да осындай толастың болуы біршама ірі де сүбелі істерді атқарып тастауға мүмкіндік берді. Сын мен ғылым қай жағынан болса да толыса өркендеуге мұрсат алған шақта жетелі де білімді эстетикалық жағынан сауатты, ғылыми зерделі дарындар жауынгерлік сапқа тұрды. Олар оқу-ағарту, халық мәдениетін көтеру, қоғамдық сананы өрлету тұрғысынан едәуір қызмет атқарды" /37, 348/ шынында да, ұстараның жүзіндей алмағайын уақытта өмір сүре жүріп, әдебиетіміздің өркенді биіктерге бет түзеуіне үлес қосқан, туған әдебиетінің дамуына тура бағыт сілтейтін сүре жолды іздеу барысында кей-кейде бұралаң сүрлеулерге түсіп кетуден де кемде емес осы бір жауынгер мінез дарындар қатарында М.Қаратаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Т.Нұртазин В.Шалабаев, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, Қ.Нұрмаханов, Қ.Қуандықов, Н.Ғабдуллин, З.Қабдолов, Ы.Дүйсенбаев, Х.Әдібаев, М.Дүйсенов, Ә.Дербісалин, Ә.Қоңыратбаев, З.Ахметов, Ш.Сәтбаев, С.Таджанов т.б. әдебиетшілердің болғаны, олардың қай-қайсы да кейіннен қазақ әдебиетінің өркендеу тарихында өзіндік із қалдырғаны мәлім.
50 - 60-жылдар аралығында әдебиеттану ғылымының ауыр жүгін қайыспай көтеріп, қазіргі биігіне жетуіне үлес қосқан осы топтың бел ортасында жүрген жандардың бірі - үш мүшел ғана ғұмырының он бес жылын әдебиетке арнаған сыншы-ғалым Айқын Нұрқатов.
1950-1965.
Бұл - Айқын Нұрқатовтың қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы жолында аянбай тер төгіп, еңбек сіңірген, бойдағы қайраты мен білімін саналы түрде әдеби өмірге бағыштаған баянды ғұмырын қамтитын 15 жыл.
Ғылыммен айналысқан он бес жыл көлемінде ұшқыр ой, дәйекті пікірлерімен әдебиетші қауым ортасында ғана емес, жалпы жұртшылық арасында кеңінен танылып үлгерген Айқын Нұрқатовтың ғалымдық болмысы, сыншылық даралығы хақында кеңінен ой бөлісіп, сөз қозғайтын уақыт әлдеқашан жеткен.
Әдебиет әлемінде нұрлы ізін қалдырып кеткен жайсаң тұлғаның тірлікте атқарған істерінің ауқымына бір мәрте зер салар болсақ, бұл пікірдің ақиқат аулынан алшақ жатпағанын аңдаймыз.
Жазушы, аудармашы, әдебиет зерттеуші ғалым Айқын Нұрқатов 1928 жылғы қыркүйек айының тоғызы күні Көкшетау облысындағы "Шұқыркөл" деген ауылда дүниеге келген. Өзінің қатар-құрбыларымен бірге мектеп қабырғасын көрді. Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы бітіріп шықты. 1950 жылдан 1957 жылға шейін "Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жұлдыз") журналында сын бөлімін басқара жүріп, мерзімді басылымдарда алғашқы өлеңдерімен, сын пікірлерімен таныла бастады. Сонымен бірге ҚазПИ-дің аспирантурасын тәмәмдап, 1954 жылы жиырма алты жасында әдебиеттер байланысының өзекті мәселелері сөз болатын "Владимир Маяковский және қазақ совет әдебиеті" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды да, бұл жұмысы жеке кітап болып баспадан шығады. 1950 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін республика Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етеді.
Қысқа қайырылатын осынау ғұмырбаянның астарына зерделей, зерттей көз тіккен жан саналы ғұмырының он бес жылын әдебиет ісіне арнаған сергек сезім мен сарабдал сана иесінің, ғалым Айқын Нұрқатовтың түндер бойы том-том кітап ақтарып, ақ қағазға үңіліп, көрер таңды көзбен атырған ерен еңбегін көрер еді. Ерен еңбектің мәңгілікке ұласқан есепсіз өтеуіндей жемісін көрер еді.
Айтқан пікірімізге айғақ ретінде ғалымның бір ғана еңбегін, 1965 жылы баспадан шыққан "Ғасыр перзенті" атты кітабын /38/ алып қарастырғанның өзінде, зерттеүшінің таным аясының орасан кеңдігін де, тұжырым-пікірлерінің тиянақтылығын да, дерек-материалдарды елеп-екшеудегі тынымсыз еңбекқорлығын да көреміз. Ғалым А.Нұрқатовтың әрбір еңбегінің құндылығының сыры оның дерек көздерінің молдығына, ізденіс өрісінің ауқымдылығына қатысты екендігі күмәнсіз. Мәселен, "Ғасыр перзентін" жазу барысында ғана зерттеуші XIX ғасырдың ортасынан бастап өз заманы аралығында жарық көрген бірнеше еңбекті қарап шыққан. Бұл еңбектер Ресей географиялық қоғамының 1865 жылғы есебінен бастап, Г.Н.Потанин, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.Н.Пыпин, Н.М.Чернышевская, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, т.б. ірі-ірі ғалымдардың еңбектерін, сонымен бірге Ш.Уәлихановтың қазақша, орысша шығармаларын қамтитынын ескерсек, зерттеуші бойындағы қажыр-қайрат еріксіз таңдандырады.
Жиырма екі жасынан бастап әдебиеттану мен әдебиет сыны на бел шеше араласып, әр еңбегіне қисапсыз қуатын сіңірген Айқын Нұрқатов қаламынан "Мұхтар Әуезов", "Абайдың ақындық дәстүрі" аталатын екі монографиялық зерттеу, "В.В.Маяковский - совет дәуірінің аса талантты ақыны", "Сәбит Мұқановтың творчестволық жолы", "М.Әуезовтің творчествосы", "Ғ.Мұстафиннің творчествосы", "Қазақстанның Россияға қосылуының прогрессивті маңызы", "Сәбит Мұқановтың өмірі мен творчествосы", "Орыс халқы - ежелгі досымыз", "Маяковский және қазақ совет поэзиясы", "Мухтар Ауэзов", "Идея және образ", "Тарас Шевченко және қазақ әдебиеті", "Ғасыр перзенті", "Мұхтар Әуезов творчествосы" "Жалғасқан дәстүр" атты ғылыми зерттеулер жинағы жарық көріп, республикалық басылымдар бетінде екі жүзге жуық үлкенді-кішілі мақалалары мен сыни пікірлері жарияланды. Бұл еңбектерде әдебиеттің жалпы мәселелері де, әдеби үрдіс пен әдебиет өкілдері де, әдебиеттер байланысы проблемалары да, жеке шығармалар жайы да сөз болады.
1959 жылы Мәскеуде өткізілген қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі тұсында "Мухтар Ауэзов" деген еңбегі Рессейдің орталық баспасынан басылып шыққан отыз бір жасар жас ғалымның есімі кешегі Одақ көлемінде де жақсы танымал болып үлгереді. Аталған жұмыстардың қатарына А.Нұрқатовтың авторлық ұжым құрамында болып шығарысқан IX, X сыныптарға арналған "Қазақ әдебиеті" оқулықтарын, 1961 жылы жарық көрген "Қазақ әдебиеті тарихын" (2 том, 1-кітап) қосар болсақ, тынымсыз еңбектің ұлан-ғайыр нәтижесін тани аларымыз хақ.
Ғалым еңбегінің дәреже-деңгейі жазғандарының санымен емес. сапалық құндылығымен, яғни ойының ұшқырлығымен, пікірінің уәжділігімен, дерек-дәйегімен, парасат-пайымымен, тұжырым тиянақтылығымен, әділдік-ақиқаттығымен таразыланары аян жәйт. Бұл тұрғыда А.Нұрқатов жазбаларының қай-қайсы да, мейлі шағын мақала, рецензия болсын, яки салмақты монография, ғылыми жинақ болсын, барлық болмыс-бітімімен сындарлы ой иесінің парасат сүзгісінен өткенін аңғартады. Әдебиетті "ардың ісі" деп білген арлы ғалым өз еңбегінің өзегіне алынған шығармаға да, шығармашылық тұлғаға да "тура би" тұғырында тұрып, көркемдік шеберлік биігінен қарайды. Көзжұмбайлыққа салынбай, көркем туындының жетістігі мен жетімсіздігін саралап көрсетеді. Шымбайға батса да, шындыққа жүгінеді. Мәселен, С.Мұқановтың "Сырдария" романы жарыққа шығып, бұрынғы Кеңестер Одағы көлемінде "кеңес әдебиетінің батагөйлерінің" (К.Федин, А.Фадеев, т.б.) он қабағына ілініп жатқан тұста Айқын Нұрқатов аталмыш шығарманы жан-жақты, талдай отырып, сөз түйінінде романға объективті баға береді:
"Сырдария" романы өзінің көркемдік жетілуі жағынан "Ботагөзден" көп төмен дәрежеде.
"Сырдарияның" көркемдік кемшілігі, ең алдымен, оның, тілінен байқалады. Романда көркем де шұрайлы тіл арқылы берілген образды бейнелеулер, әсем көріністер тым аз. Жазушы образды бейнелеуден гөрі жалаң баяндауға, өз тарапынан түсіндіруге көбірек бой ұрады. Жазушының тіліндегі, сөз қолданыстарындағы салақтықтың салқыны тек кейіпкерлердің тілдерінен ғана емес, сонымен қатар анторлық суреттеулер мен баяндаулардан да байқалады. Бұл кемшілік тілдің халықтығы және қарапайымдылығы туралы жазушының теріс түсінікке бой ұруынан туғанын атап көрсету қажет.
Романда өмір шындығынан алынған тартыс жоқ..." /39, 39/,- дей келіп, романның композициялық түзіліміндегі селкеуліктерді және олардың туындының көркемдік сипатына кері әсерін де дәл көрсетіп өтеді.
Ертеректе жарық көріп, қазіргі таңда көкейтестілігі озған туынды жайында жазылған сыни пікірден ұзақтау үзінді ұсынып отырғандағы мақсатымыз - Айқын Нұрқатовтың ғалымдық келбетін танытар кейбір қасиеттерді аңдату. Үзіндіге зер сала қараған жан А.Нұрқатов бойынан екінің бірінің еншісіне бұйыра бермейтін несібе - "туғансыз бидің" тура тартар принципшілдігін жазбай таныры анық. Олай болса, сыншы, әдебиетші Айқын Нұрқатовтың әдеби туындыға жүктер салмағы, көркемдік танымының өлшемі қандай мәселелер?
Өзі қалай көрсетіп тұрғанындай, ең алдымен, шұрайлы тіл. Жазушы тілі не қатысты мәселе оның әрбір еңбегінде айрықша мәнге ие. Әдебиеттанушы Нұрқатов үшін кестелі тіл жоқ жерде көркем шығарма да жоқ. Оның өз еңбектерінде де зерек ой мен зерлі тіл ұдайы жарасым тауып отырады. Сондай-ақ, шұрайлы да шырайлы тілмен зерленген жалпы суреттер, суреткердің көркемдік елегінен сүзіліп шыққан сом образдар, сол образдардың болмыс-бітімінен туындап жатқан соқталы тартыс, шынайы да шымыр сюжет, он саққа жүгірген оқиғаларды жіпсіз байлап тұратын ұтымды композиция, қаламгердің қасиетті тұғырындай авторлық позиция, міне, Нұрқанов - әдебиеттанушының көркемдікті бағалар критерий-таразысы.
Зерделі жанға Айқын Нұрқатов әлемінде үлгі тұтар тағылымды үрдіс көп. Оның бәрін сарқып айту мүмкін де емес, шарт та емес.
Біздің ниет үлкенді-кішілі еңбектеріне сүйене отырып, А.Нұрқатовтың зерттеушілік, ғалымдық, сыншылық болмыс әлемінің өзіндік қыр-сырына қанығу, танығанымызды, тапқанымызды қауым игілігіне ұсыну, жұртшылық кәдесіне жарату. Нақтылай айтқанда, А.Нұрқатовтың ғылыми-зерттеу еңбектерін талдай қарастырып, өзара сабақтастық, өзіндік ерешелік сипаттарын ашып тану арқылы олардың қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму жолындағы орнын анықтау. Осы мақсатымызға орай:
1. А.Нұрқатов өмір кешкен кезеңнің өзіндік сипатына сай оның ғылыми еңбектерін қарастыру арқылы қоғамдық-әлеуметтік, танымдық көзқарасының қалыптасу жолдарын анықтау;
2. Қазақ қоғамының дамуында маңызды орын алатын демократ-ағартушылар мен кеңестік дәуірдегі көрнекті қаламгерлер шығармашылығы, олардың әдеби процесс дамуындағы өзіндік ізденістері, алатын орны, әсер-ықпалы туралы еңбектерін талдай қарастыру нәтижесінде А.Нұркатовтың сыншылық, зерттеуішілік ролін анықтау;
3. М.Әуезов шығармашылығының ерекшелігі жайындағы зерттеулерінің өзіндік мән-маңызын анықтап, сараптап көрсету;
4. Абайдың шығармашылық ерекшелігі, ақынның шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық, ақындық айналасы, ақын дәстүрінің жалғастығы, ақынның өзге әдебиет өкілдері шығармашылығымен байланысы, ақын шығармаларындағы тілдік-көркемдік сипаттар туралы зерттеу еңбектерінің маңыз-мәнін саралау;
5. Әдебиеттің теориялық мәселелеріне байланысты тұжырым- пікірлерін талдап қарастыру міндеттерін шешуге әрекеттендік.
Айқын Нұрқатовтың дүниеге келуінің 50 жылдығына орай жазған мақаласында белгілі ғалым Т.Көкішев оның қазақ әдебиеттану ғылымы тарихындағы орнына әсіре бояусыз, әділетті баға береді: "Айқын Нұрқатов - қазақ әдебиетінің өркендеу барысындағы бір қиын кезеңде қалам жебеп, қатарға қосылған дарын. Сол кездегі жалпы әуен-сарыны кейбір мақалаларынан аңғарылып қалғанымен, кейінгі кезде Айқын әдебиет сыны арқылы өзінің өнерпаздық дарын-қуатын бар ажар-көркімен таныта білді. Бүгінгі әдеби дамудың барысына үлес боп қосылатын туындыларды қошеметтеп күріш арасында күрмек боп жүрген мәнсіз, дәмсіз шығармалардың дәрменсіздігін көрсетуден тайынбады. Жауынгер сыннын, алдыңғы санында болды" /40, 299/.
Осы тұста келтірілген пікірде кездескен қазақ әдебиетінің өркендеу барысындағы бір қиын кезең", "сол кездегі жалпы әуен-сарыны кейбір мақалаларынан аңғарылып қалғанымен" деген тіркестерге зейін аударып, мәнін түсініп алған дұрыс болмақ. Себебі - А.Нұрқатовтың алда сөз болар еңбектерінің мән-маңызын дұрыс бағамдау үшін ол өмір кешкен кезеңнің қайшылықты сипатын, сол кезең жүктеген талаптардың қазіргі талаптардан өзгешелігін, өзіндік ерекшеліктерін танып-білгеніміз жөн.
Айқын Нұрқатовтың кәмелетке толып, азаматтық саналы ғұмырының басталуы Ұлы Отан соғысының соты жылдарымен орайласып келеді. Жеңімпаз елдің перзенті ретінде балаң бозбаланып бойында кеңестік патриотизмнің, коммунистік партияға деген кіршіксіз сенімнің қалыптасуы да заңды құбылыс. Және де бұл жағдай жекелеген адамдардың бойында ғана емес кешегі кеңестік жандардың бәрінің дерлік санасында болған жалпыхалықтық құбылыс болатын. Алайда ел сеніміне еніп алған аз ғана шоғыр - "коммунист көсемдердің" еркінсігені соншалық, олардың бойында самодержавиелік көңіл ауаны асқына түсті. Соның салдарынан бүкілхалықтық Ұлы Жеңістегі орыстардың орны асыра көрсетіліп, тіпті оларды кеңестік жүйедегі өзге халықтардың өркендеу тарихында жарылқаушы, ағартушы халық ретінде танытуға күш салынды. Ұлт зиялылары арасынан "буржуазиялық ұлтшылдар" іздеу науқанының соғыстан соңғы жылдары қайтадан асқынуының астарында да "орыстандыру саясатының" салқыны жатқан болатын. Таптық көзқарасқа қабаттасқан "орысшылдық" сана әдебиет пен өнердің өрісін тарылта түсті. Рухани дүние идеологияның әзірлеп берген қалыбынан аспауы керек болды. Руханиятқа қатыстм ой-пікірлердің барлығы таптық көзқарасқа негізделді. Үстемдік ступи идеологиямен көзқарасы кабыспағандар Сталиндік лагерьлерде ұсталды. Бұл кезең, яғни 40-жылдардың екінші жартысы мен 50-жылдардың басы лагерьлер жүйесінің қаулай көбейген дәуіріне айналды. Тарихи дерек көздеріне сүйенер болсақ, 1948 жылы "контрреволюциялық" және "антисоветтік" әрекеттері үшін айыпталғандарға арнап "арнайы режимдегі лагерьлер" кұрылып, "қызмет еткен". 1949 жылы бір ғана Стеилагта 200 мың тұтқын қамалған екен /41, 356/.
Сталиндік биліктің күні біткен соң, 50-жылдардыц бастапқы тусы тоталитарлық жүйсні реформалау, саяси өмірді тұрақтандыру, қугын-сүргін саясатын айыптау әрекеттерімен ерекшеленді. Дегенмен түп-тамыры тереңге кететін "орыстандыру" пигылы "совет халқы" аталатын жаңа адамдар қауымдастығын құру ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?