Педагогика | Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттырудың педагогикалық ерекшелігі

 Педагогика | Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін  арттырудың педагогикалық ерекшелігі

Мазмұны

Кіріспе
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары мен іс-әрекет бағыттары.
Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары.
Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың іс-әрекет бағыттары.
2. Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттырудың педагогикалық ерекшелігі.
Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшелігі.
Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттыру жолдары.
Балалардың танымдық ойлау қабілетін әуенді қимыл-қозғалыс ойындары арқылы қалыптастыру.
Мектеп ал даярлық балаларының ойын тілін дамыту.

1 Мектеп жасына дейінгі балардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттарымен іс-әрекет бағыттары
1.1 Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Өйткені, қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты. Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары баладардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі кезеңнен бастап баланың шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көп көңіл бөлуді міндеттейді. Осы орайда біздің мектепке дейінгі мекемеміздегі шығармашылықты дамыту жұмыс бағыты төмендегі моделге сәйкес жүзеге

Ғалымдардың айтуынша "шығармашылық қабілет" түсінігіне еніп тұрган бар қасиеттер кешенін бір мезгілде қамту мүмкін емес.

Бұл мақсатты түрде ұзақ мерзімде жүзеге асатын жұмыс болғандықтан, эпизодты түрде қолданылатын шығармашылық тапсырмалары біз күткендей нәтижені бере бермейді.Сондықтан мектепке дейінгі мекемеміздегі педагогикалық ұжымымыз танымдық тапсырмаларды бір жүйеде құрып, балалардың әр бағыттағы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып қалыптастыратындай жұмыс бағытын ұстанып отырады. Сонымен қатар, педагогтар репродуктивті, формальді-логикалық іс-әрекет түрін шығармашылық іс-әрекетке айналдырып қолдануды жұмыс тәртібіне енгізген. Балалардың таным кызығушылықтары мен белсенділіктерін, шығармашылықпен ойлауын дамыуда педагогтар алдына мынадай шарттар қойылады:
Таным қызығушылығын дамыту шарттары:
- интеллектуалдық қысым және интеллектуапдық тартыстар жағдайын туғызу;
- шығармашылық және зерттеу іс-әрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру;
- өзіндік таным мен зерттеу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;
- балалардың танымдық бастамалары мен өз бетінше жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мақтау, мадақтау.
Таным белсенділігін дамыту шарттары:
- әрбір бала үшін даму жұмысының траекториялары;
- әрбір баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсетудегі жоғары педагогикалық іс-әрекет;
- білім беру үрдісінің ерекше формалары мен білім берудің спецификалық мазмұнының сипатын беретін арнайы педагогикалық жағдайлар.
Шығармашылық ойлауды дамыту шарттары:
- шығармашылықтың тууына ішкі кедергілерді жою;
- жұмыс істеу барысында бала зейінін ақыл-ойға шоғырландыру;
- қиял ширақтығын қолдау;
- жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар беру.
Психологиялық және педагогикалық зерттеулер мен мектепке дейінгі мекемелер жұмысының тәжірбиесі балалардың шығармашылық қабілетін ойын негізінде мектепке дейінгі кезеңнен бастап дамып қалыптасатынын дәлелдейді.
Ойын барысында балалардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді Түрде артады. Сондықтан қандай да болмасын ұйымдастырылған іс-әрекет мекемемізде ойын негізінде жүзеге асырылады.
Өз жұмысымыздың барысында төмендегідей шығармашылық ойындарды пайдапанып отырамыз.
Жоғарыда аталған подагогикалық іс-әрекеті бағыттары ең алдымен педагогтың өзінің шығармашыл болуын талап етеді. Педагогтың жеке шығармашылығы ең алдымен оның озін-езі танытуға деген қажеттілігімен сипатталады.Яғни ол педагогтың кәсіби іс-әрекеттегі мүмкіндігін толық аша білуге ұмтылысынан туындайды. С.Л. Рубинштейн айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы бар қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.. Осы орайда педагогтың шығармашылық кәсіби іс-әрекетке деген қажеттілігінің туындауына ЫҚПАЛ ететін мынадай шарттарды атауға болады:
- өзіне-өзі іс-әреквттің субьектісі ретінде қарау;
- қайшылықтарды жеңе білу;
- рефлексияға қабілеттілік;
- өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу;
- іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу,
Баланы мектепке даярлауда, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылыкдары мен икемділіктерін арттыруда ата-аналар мен балабақшаның бірігіп жұмыс істеуі балабақшамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Соған сәйкос бала шығармашылығын дамытуда да ата-аналардың атқаратын рөлінің ерекше екендігі мекемедегі әрбір іс-әрекетімізде ескеріліп отырылады.
Шығармашылыққа негізделген тапсырмалар үлгісі
(мектепке даярлық тобы үшін)
Мектепке дейінгі тәрбие факультетінде маман кадрларды даярлауда негізгі ролді мектепке дейінгі педагогика пәні аткарады. Бірнеше жылдар бойы мектепке дейінгі педагогика пәнінің бағдарламасына елеулі өзгерістер жасалған жоқ дәлірек айтсақ дәстүрлі тақырып таңдау, оның мазмұны, сағат саны, сабақтардың логикалық байланысы өзгеріссіз келе жатыр.Қазіргі жағдайда заман ағымының өзгеруіне орай мектепке дейінгі педагогика пәнінің(курс) бағдарламасына жаңа материалдар мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындап отыр. Мұнда басты назарды негізгі мәні бар мәселелер мен педагогиқалық құнды идеяларға аудару қажет.
Халық мұрасына тән халықтық педагогиканың өзіндік ерекшеліктерін ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан барлық жағынан прогресшіл идеяларды басшьшыкқа ала отырып зерттеп, соның негізінде ғылыми нсгізделген ұсыныстарды талдап енгізу қажет-ақ топырағында тұңғыш педагогика,психология ғылымдары саласында құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазған көрнекті қайраткер, ғалым Жусіпбек Аймауытов бала тәрбиесіне туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін дәлелдей келе: "Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы, өнерге бейім болады. Жастайынан кемдік,қағажу,жоқшылық көріп өскен бала жасқаншақ, бұйығы болады; "баланы бұзуға" немесе түзеуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешесінің тәрбиесі арқылы қальштасады. Ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" дегендей балаға қайырымдылықты, кішіпейілділікті, адалдықты, ұқыптьшықты, өтірікшілікті, күйгелектікті беретін ата-ана өнегесі, тәрбиесі", -деген құнды тұжырым жасайды.
Сондай-ақ ең көкейтесті мәселе ретінде ескеретін нәрсе ірі-ірі тақырыптарды оқытуда педагогика ғылымы саласында казақ топырағында дүниеге келген үнемі дамып, жетіліп отыруға тиіс, өзіндік үлесі бар, ұлттық педагогиканың шамшырақтарын, олардың еңбегін болашақ әрбір маман біліп шығуы керек. Сондықтан да педагогика, дидактика ғылымы саласында бүгінгі уақыт талабына сай болып жатқан жаңалықтарды, жаңа зерттеулер нәтижелерін әрбір оқытушы педагог өз ісінде тиімді пайдалана білгені абзал.

1.2 Балалардың белсенділік қабілеттерін дамытудың іс-әрекет бағыттары.

Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойып баланың психикасында сапалы өзгеірістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады.Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда,мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады.Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойыннан басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс- әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сйнымен біріге баланың өзіндік санасында жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив пікіріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.
Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және өзінің Жеке-дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-төстеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орны оның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.
Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет продесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу («идентификация») күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді.Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдапа алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі тепловоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.
Сонымен, ойын бұл кезеңде өзінің мәнісі жағынан снмволикалық болады. Символикалық ойын, баланьң символдарды қолдануы — оның психикасының дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді. Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану «балалар ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бер- мейді. Бала орынбасар-заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен, дүкен ойнына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш, шұжық орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл дөңгелектер қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған жағдайда адамға, жәшік — үйге айнала салады. Барлық, осы және осыған ұқсас ауысулар формасы, түсі немесе функциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып шығады. Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат қойған соң енді онымен бастапқы қасиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айналса, ол одан атады, атқа айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі тиіс.
Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан зейінін жақсы жинақтайды. және кебірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына ететін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда кұрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психикалық нашар даму оқиғасы суреттелген. Өзара қарым-қатынас жасауда бүл егіздерде өздерінің, екеуіне ғана түсінікті автономиялық тілі
қалыптасқан. Егіздерді белгілі уақыт ажыратып, басқа балалар коллективіне қосқаннан кейін ғана олар дұрыс тілдік қарым- қатынас жасау қабілетіне ие бола бастаған.
Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті әз атын бермей (тіпті бала оны жақсы біліп тұрса да) қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?