Құқық | Айыпталушыдан жауап алу тактикасы
Мазмұны
Кіріспе
I ТАРАУ
ЖАУАП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1. Жауап алудың түсінігі, маңызы және
процессуалдық негіздері
1.2.Жауап алар алдында жүргізілетін
дайындық жұмыстары
1.3.Жауаптың калыптасу кезеңдері
II ТАРАУ
Куәдан, айыпталушыдан, сезіктіден және жәбірленушіден
жауап алу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер
2.1. Куәдан,айыпталушыдан, сезіктіден, жәбірленушіден
жауап алудың тактикалық әдістері
2.2. Кәмелетке толмаған айыпталушы мен куәдан жауап алудың ерекшеліктері
ІІІ ТАРАУ
ЖАУАП АЛУДЫ БЕКІТУ ӘДІСТЕРІ
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
ТАРАУ
ЖАУАП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1. Жауап алудың түсінігі, маңызы және
процессуалдық негіздері
Жауап алу дегеніміз — занда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пай-даланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбір-ленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бүл тергеу әрекеті төрттүрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғүрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бүған тиімді, ыңғайлы тактикалық әдістер қол-данылады. Бірақ ол каншалықты тиімді болғанымен ол занда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда кылмыстық оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқа-ны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмыстық оқиғаның басқа да мән-жайлары анықтала-ды. Бүлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмыстық оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүр-генін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралық түрінің, қылмыстық оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып үстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, соттың оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Де-генмен, болған қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз қателігін дүрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелде-мелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылығы жоқ. Сон-дықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан қүтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің түжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс.
Жауап алу - ең көп тараған, ал тактикалық мағынада - ең күрделі тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады.
"Жауап алу - бұл дәлелдемелерді алу және тексеру жөніндегі тергеу әрекеті. Жауап алудың көмегімен қылмыстық істің дұрыс шешілуі үшін қажетті қылмыс туралы мәліметтердің айтарлықтай бөлігін алуға және белгілеуге, қылмыстың ниеті мен мақсатын, сондай-ақ оған түрткі болған жағдаяттарды анықтауға болады.
Әдебиетте кездесетін әр авторлардың түсінігінде, жауап алу, қылмыстық іс жүргізу нормаларын қатаң түрде қолдану арқылы, сонымен қатар, жауап берушіге психикалық, физикалық зорлық, не болмаса қандай да бір күштеу сияқты заңсыз әрекеттерді қолданбай жүргізу керектігі айтылады.
Практикада жауап алу процесінсіз қылмыстық істің болуы тіпті мүмкін емес. Яғни, қандай да болмасын қылмыстық істі тергеген кезде, тергеуші куәдан, айыптаушыдан, жәбірленушіден жауап алады.
Жауап алу, сипатына байланысты - көп жоспарлы, күрделі, процессуалдық, криминалистикалық, ұйымдастырушылық және этникалық аспектілері бар әрекет жауап алу - бұл жоғары шеберлікті талап ететін өнер болып табылады.
Жауап алудың түсінігі туралы пікірлерін басқа да көптеген авторлар өз еңбектерінде білдірген. Досболов Г.Г. психологиялық
тұрғыдан алғанда жауап алуды - жауап берушінің қабылдаған және ойында сақталған қылмыс жөніндегі толық мәліметін Заңға сәйкес жауап алушыға беру деп сипаттайды.1
Жәкішев Е.Ғ.: Жауап алуды - жасаған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтерді алуға бағытталған, Заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті деп санайды.2
Осы келтірілген түсініктерге ұқсас пікірлерді Заң әдебиеттерінде басқа да авторлар береді.3
Психологиялық жағынан алғанда жауап алудың негізгі мақсатының сипаты, тергеушінің айыпталушының психикасына еніп, оған белсенді түрде әсерін тигізуін талап етеді.4
Жауап алу кезінде криминалистік тактика, сот психологиясы, логика, педагогика және сот этикасы кең қолданылады.
Жауап берушілер (куәлар, жәбірленушілер, айыпталушылар, сотталушылар) бір-бірінен өмірлік тәжірибесімен, мамандығымен, білімімен, психикасымен ажыратылады, әрі ерекшеленеді.
Жауап алуды ойдағыдай дұрыс жүргізу үшін, тергеуші, жауап берушіге сенімсіздік білдірмейтіндей жеке қасиеттерге ие болуы керек, яғни ол, объективті, зергек, ұтқыр, ақылды, тәкәппар болуы тиіс. Тергеушінің жағымсыз, жат қылықтары жауап берушінің шынайы және толық айғақ
беруге, тіпті айыпталушының тергеушіні ауыстыру туралы берген өтінішін
қанағаттандыруға әкеп соғады.
Жауап алу кезінде сөйлеу және өзін-өзі ұстай білу мәнерінің де
жауап берушінің психологиясын зерттеп қоймайды, сонымен қатар
_________________
1 Досбулов Г.Г. "Психология допроса в Уголовном процессе", "Ғылым", А., 1996, 7 бет.
2Жәкішев Е.Ғ. "Криминалистік тактика" "Жеті жарғы", А., 1997, 46 бет.
3Порубов Н.И. "Допрос" Минск, 1973, 10 бет.
4 Васильев А.Н. "Тактика отдельных следственных действий". М., 1981, 8 бет
айыпталушы да өз тарапынан тергеушінің психологиясын, әрекеттерін, әрбір мимикасын, қимыл-әрекетін зерделеп отырады.
Жауап алынатын адамдардың әрбіреуіне қатысты, олардың қуқтарына қатысты, заңды мүдделеріне қатысты өрескелікке, менмендікке, келесітушілікке жол берілмейді.
Екінші жағынан жауап берушіде өз тарапынан шектен шығып кетпеуі тиіс. Кейбір жауап берушілер жауап алу кезінде өзін жүгінсіз үстап, тергеушінің күйгелектеуіне және күйіп-пісуіне әкеп соғады.
Ұрлық қылмысын жасаған айыпталушы Сабиров, жауап алу кезінде өзін тыныш, тіл алғыш үстады, айғақтарды еркін баяндау жолымен берді, бірақта келесі күні іске қатысты белгісіз болған мән жайларды анықтау қажеттілігі туған кезде Сабиров түйық болып, айғақтарды бергенін мойындамады. Осының салдарынан тергеуші күйгелектеп, жауап алуды келесі күнге ауыстыруға тура келді.
Толық әрі шынайы айғақ алуға, тек, тергеушінің қүққа сай белгілі бір тактикалық тәсілдерді қолдану кезінде ғана жетуге болады. Тергеушінің таңдап алған тактикалық тәсілі жалпы талаптарға, сондай-ақ жауап берушінің түлғасының ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.
Жауап алу процесін тактикалық магынада төмендегідей сатыларға бөліп, қарастыруға болады:
Кіріспе
Жауап берушінің еркін баяндауы
Тергеушінің сұрағына жауап беру.
Осы жұмыста келтірілген және алда кездесетін мысалдардың барлығы өндірістік практикамнан алынған.
Кіріспе сатысында, жауап алуға келген тұлғаның жеке басын анықтау, жауап берушіге оның процессуалдық құқтарын және міндеттерін түсіндіру, жауап беру тілін анықтау мүмкіндігі туады.
Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тілді білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауап бергісі келетіні анықталады.
Жауап алуға шақырылған адамға одан кім ретінде, қандай қылмыстық іс бойынша жауап алынатыны хабарланады, Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға белгі қойлады..." (ҚР ҚІЖК 213-бап 1,2 тармақтар).
Екінші сатысы, жауап берушінің жауапты еркін баяндау түріндегі, өзіне белгілі мән-жайларды, яғни іс бойынша мән-жайларды айтумен басталады. Еркін баяндау кезінде тергеуші жауап берушіні бөлмей, мұқият тыңдайды. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертілуі қажет. Еркін баяндау жауап алудың барлық мәселелерін шешіп қоймайды. Сондықтан, жауап берушіге нақтылаушы сұрақтар қою қажеттілігі туындайды, бұл сұрақтар жауап берушінің жауабындағы қайшылықтарды болдырмау үшін қолданылады.
Тергеушінің жауап алынатын адамға қойылатын сұрақтары: негізгі, қосымша, нақтылаушы, еске түсіруші, бақылаушы сұрақтар болып бөлінуі мүмкін.
негізгі сұрақтар - жауап алу пәнінің толығымен бір бөлігін қамтиды;
қосымша сұрақтар - жауап алынып отырған адамның еркін баяндау кезінде ұмытып кеткен мән-жайларды анықтау үшін қолданылады;
нақтылаушы сұрақтар - жауап алынып отырған адамның берген айғақтарын анықтау, нақтылау үшін қолданылады;
еске түсіруші сұрақтар - ұмытылғанды еске түсіру үшін қолданылады;
бақылаушы сұрақтар - жауап берушінің іс үшін маңызы бар берген айғақтарын тексеру үшін қолданылады.
Өз еңбектерінде Карнеева Л.М., С.С.Ординский, С.Я.Розенблит сияқты авторлар криминалистердің пікірлеріне сүйене отырып, жауап алудың түсінігін 2 мағынаға бөліп қарастырады. Тар мағынада және кең мағынада. Тар мағынадағы жауап алу - жауабы алынатын адамға сұрақ қойып, оған берілген жауапты тыңдауды айтса, кең мағынадағы жауап алу бұл айғақты жауап берушінің еркін баяндауымен қоса, жауап берушіге сұрақ қойып, ал өз тарапынан қойылған сұраққа жауап беруі, сондай-ақ жауапты хаттамаға тіркеп, жауап берушінің айғағын алу деп түсіндіреді.
Жорғарыда аталғандарды қарастыра келе, жауап алу - бұл құқ қорғау органдарының іс үшін маңызы бар нақты және шынайы мәлімет алу үшін жүргізетін тергеу әрекеттері деген қорытындыға келдім, жауап алудың қылмысты тез, әрі толық ашу үшін маңызы зор. Оның маңызы мыналардан тұрады:
.Жауап алудың көмегімен: -Болған қылмыстың көрінісін
анықтауға болады.
-Кінәліні жауапқа тартуға болады.
- Нақты мәлімет алуға болады.
- Жасалған қылмыстың механизмі мен ескіру мерзімін анықтауға болады.
Жауап алу тергеу органдарының немесе соттың іс жүргізу заңдарымен белгіленген жауап алынатын адамның дәлелдеу пәніне кіретін мәліметтері туралы айғақтарын, тергеу органдарының және соттың әрекеттерін анықтай алады.
-Жауап алуға шақыру тәртібі келесідей жүргізіледі:
Куә, жәбірленуші, сондай-ақ бостандықта жүрген сезікті, айыпталушы жауап алуға олардан қол хат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы шақыртылады, ал олар болмаған жағдайда кәмелетке толған отбасы мүшелерінің, көршілерінің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірі арқылы немесе олардың жұмыс немесе оқу орындарының әкімшілігі арқылы тапсырылады. Жауап алынытын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы мүмкін.
Хабарлау қағазында кімнің және кім ретінде, кімге және қандай мекен жай бойнша шақыртылатыны, жауап алуға келетін уақыт (күні, сағаты), сондай-ақ дәлелсіз себептермен келмеудің салдары көрсетіледі.
Кәмелетке толмаған адам оның ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері арқылы шақыртылады.
Күзетпен ұстаудағы сезікті және айыпталушы жауап алуға ол күзетте ұсталып отырған орынның әкімшілігі арқылы шақыртылады.
-Жауап алудың орны мен уақыты:
Жауап алу алдын ала тергеу өтетін жерде жүргізіледі. Тергеуші қажет деп тапқан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргізуге құқылы. Жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі.
Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс. Жауап алуды дем алу мен ас ішүге арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі, мұның өзінде жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс. Медициналық дәләлдер болған жағдайда жауап алудың ұзақтығы дәрігердің жазбаша қорытындысының негізінде белгіленеді.
Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тіл білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауп бергісі келетіні анықталады. Жауп алу жауап алынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертілуге тиіс.
Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу оның белгілерін түсінетін және онымен белгілер арқылы сөйлесе алатын адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болғанда одан жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады. (ҚР Қылмыстсқ іс жүргізу Кодексі 211-214 б.б. )
1.2.Жауап алар алдында жүргізілетін
дайындық жұмыстары
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселе-лерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алуға дайындық үстінде қажет адамның мінез-қүлқы, моральдық және зияткерлік (интеллектуалдық) қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, кай күні алу керектігін шешу керек. Бүл мәселені шеш-кенде, жауап алуға шақырылатын куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн.
Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шар-шап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине, төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарла-нады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы тол-маған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да қатысады.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқтала-ды. Жауап алынатын әр адамға арнап кұрған жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі қандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте қажет. Көп көріністі істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық зерттеп, анықтауға көмектеседі.
Айыпталушыдан жауап алудың жалпы тәртібі ең бастысы ҚР ҚІЖК-нің 217-бабында қарастырылған, осыған сәйкес, айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ал айыпталушы келуден жалтарған жағдайда немесе оған іздеу салынған жағдайда ол айдап әкелінгеннен немесе ұсталғаннан кейін дереу жүргізіледі. Айыпталушыдан жауап алудың көлемі айыпкер ретінде тану туралы қаулымен шектелген. Бұл дегеніміз, айыпталушы осы қаулыда қалыптасқан жағдайлар, мән-жайлар бойынша жауап беретіндігін білдіреді.
Айыпталушының ойынша, іс үшін шындыққа жеткізетін маңызы бар мән-жайларды, айтуға құқылы. Айыпталушыдан жауап алу пәні, куәден жауап алуға қарағанда кең ауқымды, фактілі жағдайларға байланысты болады. Айыпталушы өзі жасаған әрекеттері үшін ғана емес, сонымен қатар осы іске қатысты басқа да айыпталушылардың айыбын мойнына салу фактілер мен жағдайлар туралы жауап беруі мүмкін.
Айыпталушының айғағы іс бойынша орынды дәлелдеме болып табылады, барлық дәлелдемелер сияқты тексеруді және бағалаүды қажет етеді.
Айыпталушының берген айғағын дұрыс бағалау керек. Оның өз кінәсін мойындауы жәй ғана дәлелдеме болып табылады.Бірақ та тергеуші айыпталушыдан мойындау мен шынайы айғақ алу маңызды болып табылады: айыпталушы, басқаларға қарағанда өзі жасаған қылмысының мән-жайын жақсы білетіндіктен, тергеушіге белгілі болмаған қылмыстың жасалу ниетін, оның айғағын дәлелдейтін тұлғаларды және т.б. дәлелдемелерді анықтап бере алады. Сонымен қатар, айыпталушының кінәсін мойындаудың үлкен тактикалық маңызы бар.
Айыпталушыдан жауап алуға дайындық және жауап алудың өзіне тән сипатты белгілері бар: айыпталушы, сезікті ретінде бұрындары жауап берген, мүмкін осы тергеуші жауап алған да шығар. Бір жағынан, тергеуші айыпталушыны танығандықтан, бұл тергеушінің жауап алуға дайындығын жеңілдетеді, ал екінші жағынан - іс бойынша жауап алудың өзін қиындатуы мүмкін, себебі тергеушінің қолданғалы отырған дәлелдемелері, осы тұлғаны сезікті ретінде жауап алу кезінде қолданылады. Осыдан, біріншіден, осы тұлғадан алдыңғы жауаптарын бағалап, осыған байланысты енді болғалы отырған жауап алу тактикасын құру, екіншіден, іске байланысты тергеуді бір ғана тергеуші жүргізуі керек, істі бір тергеушіден, екінші тергеушіге себепсіз беру келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін (айыпталушымен қатынастың бұзылуы, тергеу мерзімнің созылуы, тергеудің толық еместігіне әкелуі т.б.).
Л.Р.Шейнин айыпталушыдан жауап алуға мұқият түрде дайындалу қажеттігіне байланысты, тергеушіге: "Бір сағаттан кейін сені жауап алу күтіп тұр. Сен оған дайындалып, мықты қарулануың керек. Айыпталушыдан жауап алған кезде, сен онымен жекпе-жекте кездесетініңді есте ұста. Бұл жекпе-жекте ол күшті қарсылас, себебі ақиқатты біледі және де ол ақиқатты сенен жасыруға тырысады, ал сен ол шындықты кейде аңғарып қаласың, сол себепті оны алуға
тырысуың керек. Сондықтан, жауап алуды қалай жүргізетініңді мүқият ойланып ал. Ол үшін, сен қарсыласыңның осал жерін тауып, біліп алуың керек".1
Жауап алуға мүқият дайындалу көп жағдайда табыстарға әкелетіні анық. Ол жауап алынатын адамның процессуалдық жағдайымен және жауап
_________________________
1 Шейнин Л.Р. Советский следователь. "Настольная книга следователь". М., 1969, 11 бет.
алудың пәнімен анықталады. Істің нақты мән-жайларына байланысты жауап алуға дайындықтың тактикалық тәсілдері: іс үшін маңызы бар мән-жайларды білетін адамдар тобын анықтауға, болғалы отырған жауап алудың пәнін анықтауға, жауап алу орнын, уақытын анықтау және оларды жауап алуға шақыру тәсіліне; заттай дәлелдемелер мен басқа да заттарды жауап алуда пайдалану үшін дайындауға, шешілуі үшін арнайы білімді қажет ететін сүрақтарды белгілеуге және қажетті көлемде арнайы әдебиеттермен, терминологиямен таныстыруға бағытталуы керек.2
Дайындықтың негізгі элементі болып, жауап алу кезінде айқындалуға қажетті, мән-жайларды анықтайтын және нақты айғақ алуды қамтамасыз ететін тактикалық тәсілдерден түратын жауап алу болып табылады. Алдын-ала мақсат қүрып алмай және жүргізілу жолын белгілемей жүргізілген жауап алу, қайта жауап алуға, әкеп ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?