Қаржы | Ақша реформасы

 Қаржы | Ақша реформасы

Мазмұны

Кіріспе.
1. Ақшаның мәні және түрлері.
1.1 Ақша реформасының қажеттілігі мен түрлері.
2. Қазақстандағы ақша реформалары.
1922 жылғы ақша реформасы.
2.1 1947 жылғы ақша реформасы.
2.2 1961 жылғы ақша реформасы.
2.3 Теңге – тұрлаулы валюта.
2.4 ҚР 1993 жылғы ақша реформасы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

1. Ақшаның мәні және түрлері.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынандай үш қасиеттің біртұтастығынан байқалады:
жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
айырбас құнының дербес формасы;
еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады. Алғашқы монеталар ҮІІ ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай обьективті қажеттіліктері болған:
алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады;
Алтын айналысы не бары бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты.Соның нәтижесінде, алтын айналыстан шыға бастады.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:
құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар; мысалға жез, алюминий, т.б
құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Метал ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері:
металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
бағалы металлдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбаттылығы;
эмиссиондық табыс алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылуы;
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарды. Олардың айналыста көбеюі мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарумен түсіндірілді. Қағаз ақшалар тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептері:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитетке деген сенімнің төменденуінен төлем баланысының қолайсыздық жағдайынан болды.
Несие ақшалар – тауарлардың сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Несиелік ақшалардың басты мақсаты – ақша айналымын икемді ету, ақшаларды үнемдеу, қолма – қолсыз ақшалардың дамуына мүмкіндік жасау. Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келді. Сол кездегі төлем міндеттемесінің жай түрі қолхат болды. Қазіргі несие ақшалардың эвалбциясы: Вексель, Банкнота, Чек, Несие карточкалары болып есептеліненді.
1.1 Ақша рефомасының қажеттілігі мен түрлері.
Ақша реформасын өткізудің қажеттілігі ревалюцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895 – 1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 %алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдыры құрады, яғни оларға деген халықтың сенімі мол болды.
...1924 жылдың ақпанында майда ақшалар: 1 рубль құнындағы күміс мәнеттер, 50 тиындық шығарылды. Бұрынғы Одақтық Қаржы халық комиссариаты мен Мемлекеттік банкінде кеңестік белгілерді қазынашылық билеттерге айырбастау 1924 жылдың 30 мамырыа дейін жүргізілді. Осы уақыттан бастап 1919 жылдың наурызынан күшіне ие болған кеңестік белгі айналыстан алынып тасталды. Кейінірек, кеңестік кезеңде екі рет 1947 және 1961 жылдары ақша реформасы жүргізілді. Осынау реформаларды жүргізудің кейбір шарттары мынандай:
1947 жылдағы ақша реформасы:
– жаңа үлгідегі ақша билеттері;
– 1 жаңа рубль 10 ескіге теңестірілді; – бұрын шығарылған металл мәнет айырбасқа жатпады
және өз атауын айналасыта сақтады;
– салымдар жеңілдетілген арақатынастар бойынша
айырбасталды;
– 300 – ге дейін мүлдем қайта бағаланбады;
– 3 – тен 10 мың рубльге дейін – 3: 2:
– 10 мың рубльден жоғары – 2 :1 .
1961 жылдағы ақша реформасы:
– бағалар мен ақша міндеттемелерін бір мезеттік қайта бағалағандағы 10 ескі рубльдің 1 жаңа рубльге арақатынасы;
– жаңа рубльдің алтындық маңызы 10 есе емес, 4,7 есе көтерілді.
. . . Өз ұлттық валютамызды енгізу қажеттігі 1991 жылдың аяқ шені мен 1992 жылдың бас кезінде айқын болды. Валютамыздың күрделі процесі ақша реформасымен тұспа – тұс келіп және сонымен ілесе жүргізілу тиістілігінің мән – жайы белгілі бір қиындық туғызды. Оның үстіне ақша реформасы өз ақшасы, өз валютасы бар жерде жүргізілетінні белгілі ғой.
Сонымен бірге, алтынның, күмістің және басқа да асыл металдардың жекеменшік банктер мен жеке тұлғаларға жылыстауы туралы қауіптер айтылды. Бұл қауіптер Мәскеудегі Орталық, Ұлттық, Резервтік және басқа да Мемлекеттік банктерді орағыта алтын – құймалық жинақтамалардың даму ү.рдісін ескере отырып, орын алды. Осы жағдайда республикамызда Жоғарғы Кеңес төралқасы мен сессиясының шешімін шапшандатқаннан басқа амал қалмады. 1991 жылдан 1993 жылдың бас кезіне дейін 1 доллардың шамамен 100 рубльге арақатынасы 1 доллар – 980-990 рубль арақатынасына дейін көтерілді. Уақыт өтіп жатты және жорамалданған 1 теңге – 100 рубль арақатынасының орнына 1993 жылы 1 теңге – 1000 рубль арақатынасы туралы айтуға тура келді.
Күндер сырғи берді, ал жорамалданған қаржылық және материалдық шығындардың көлемдері өсе берді. Бұл кезеңде Ресейде және оның үкіметтік пен қаржылық топтарында негізінен жаңа рубль аймағының идеологиясы, тұжырымдамасы белсенді түрде жасақталып, насихатталды. Өз ұлттық валютамысын енгізген және бұрынғы тәуелсіз мемлекеттермен көпвалюталық ақшалай айналыс кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз ұлттық валютасы мен алтын – валюталық қорын рынокқа республиканың валюталық биржасы арқылы шығаруы және басқа елдердің қажетті валютасын: РФ рублін; Украина гривнасын; литтерді; латтарды; манаттарды; сомдарды; маркаларды; юаньдарды; швейцар франкілерін; йендерді және тағы басқа алуы тиіс болды. Мәселе өте күрделі бола бастады, сондықтан Достастық елдерінде жаңа рубль енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның валюталық биржасы теңгенің айырбас бағамының 1 – ші сатысында теңге тек ғана РФ рублімен, АҚШ долларымен және ФРГ маркасымен жұмыс істейтін болды
2. Қазақстандағы ақша реформалары.
1922 жылғы ақша реформасы.
Өскелең халық шаруашылығына тұрақты ақша қажет болды, онсыз қала мен ауыл арасындағы тауар алмасуы қалыптастыру, өндірісте есеп жұмыстарын ұйымдастырып, оған шаруашылық есепті енгізу, еңбекке экономикалық жағынан ынталандыру мүмкін емес еді. Сондықтан рубльді, тұрақтандыру мақсатында 1922 жылдың күзінде ақша реформасын жүргізу басталды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтамыз. Ақша реформасы жүргізілгенді бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементерін өзгертеді.
1922 – 1924 жылдардағы ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?