Қаржы | Ақша айналысы

 Қаржы | Ақша айналысы

Мазмұны

Кіріспе
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік.........................5
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен мазмұны................................5
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі.......................................................7
1.3 Консолидацияланған қаржылық есеп беру................................................12

ІІ. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі.................16
2.1 «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік.....................................16
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарының есебі..................................................27
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары................31
Қорытынды.......................................................................................................35
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................37
Қосымшалар

. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік

Бұл тарауда ақша қаражаттар козғалысы туралы мәліметтер толық ашып көрсетіледі.

1.1. Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен мазмұны

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айыру белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр.
Ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшалар айналысы – нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар қызмет етеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айнасы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы. Оған: чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір қозғалыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.
Мысалы, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 ‘Ақша – қаражаттарының қозғалысы туралы есеп’ - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша – қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша – қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады» делінген.
Жалпы ақша қаражаттары ҚЕХС-ң шоттар кестесіндегі 10.1 «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив,егер:
Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынса;
Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішіңде күтілсе;
Пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
1000 – «Ақша қаражаты» кіші бөлімі - ақша қаражаттарын есептеу үшін қолданылады және өзіне мына 7 топты кіргізеді.

1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Жалпы касса операцияларының есебі 1010 (451) «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 (452) «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» - деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
1020 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты», бұл жерде кассадағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есептелінеді. Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
1010 (451) «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 (452) «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» - деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал – ордері, ал дебеті бойынша осы журнал – ордердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал – ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал – ордерде есептеліп жүргізіледі.
1030 «Жолдағы теңгемен ақша қаражаты», бұл жерде жолдағы ақша қаражаттар қозғалысы көрсетіледі. Бұл шот аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналады.
1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», онда банктік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді. Жалпы субъектілердегі есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040 (441) – шотта жүргізіледі. Бұл шот дебеті бойынша 1210,2110 (301), 1420 – 2810 (331-334), 1010 (451), 3010-3020 (601-603) және т.б шоттардың кредитімен, ал кредиті бойынша 1040 (141-143), 1610 (351-352), 1150 (401-403), 1010 (451), 3010,3020 (601-603), 3310 (671) тағы басқа шоттардың дебетімен корреспонденцияланады.
1040 – шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2 – журнал – ордерде, ал дебетінде жазылған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.
1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты», мұнда ағымдағы банктік шоттардағы шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі.
1060 «Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаты», бұл жерде депозиттік банктің шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есептеледі.
1070 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаты», бұл жерде арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады.
Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнайы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді. Шаруашылық субъектілері 1070 (421) – «Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» - деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
Ашылған аккредитив сомасы 1070 – «Аккредитивтегі ақшалай қаржылар» шотының дебетіне қай шоттардан аударылғанына қарай, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 1040 – шотынан, валюталық шоттардан 1020-1050 аударылса, банктерден алынған несиелердің есебінен аударылса, 3010 (601) – шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердің несиелері есебінен аударылған болса: 3020 (602) – шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен төленген сома бухгалтерияда 3310 (671) «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу» шотының дебетіне 1070 (421) «Акредитивтегі ақшалай қаржы» - деп аталатын шоттың кредитіне жазылады.
Ақша қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол ақша санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.
Ақша қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею көздерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы - тапқан табысы – егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егерде олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюымен байланысты болады.
Ақша қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстардың көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:
- амортизациялық аударымдар;
- провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;
- есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түріндегі жұмсалған шығындар;
- сыйақы төлеумен және алумен байланысты емес, алынбаған табыс немесе кеткен шығындар сомасы
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі, оларды операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері бойынша жіктей отырып кезеңдегі ағымын көрсету қажет.
1.3 Консолидацияланған қаржылық есеп беру

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мына сұрақтар баяндалуы керек:
- операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады (тікелей ме, жоқ әлде жанама ма);
- түсетін ақша қаражаттары мен клиент атынан төленетін ақша қаражаттары нетто-негізінде ашыла ма, әсіресе, кәсіпорынның өз ақша қаражатынан клиенттердің ақша қаражаты асып кеткен жағдайда;
- ақша қаражатының ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?