Қаржы | Ақша қаражаттырынң есебі мен аудитін жүргізуді жетілдіру жолдары

 Қаржы | Ақша қаражаттырынң есебі мен аудитін жүргізуді жетілдіру жолдары

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………...................................................3
І – тарау. Ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру
1.1. Ақша қаражаттарының есебі, оның маңызы мен мақсаты.........................4
1.2. Касса операцияларының есебі...............…………………..........................13
1.3. Ағымдағы, корреспонденциялық шоттағы қолма-қол ақша есебі...........16

ІІ – тарау. Ақша қаражаттарының аудитін жүргізудің тәртібі
2.1. Аудиттің маңызы мен мақсаты..............…………............................…......26
2.2. Аудиттің бағдарламасы мен әдістері..........................................................28
2.3. Ақша қаражаттарының аудиті…………….................................................30

ІІІ- тарау. Ақша қаражаттырынң есебі мен аудитін жүргізуді жетілдіру жолдары(«ИНК» ЖШС материалдары негізінде)
3.1 Ақша қаражаттар есебінің талдауы.................................................................33
Қорытынды………………………..…………..................………………..…......43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………..........................46

І – тарау. Ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру
1.1. Ақша қаражат есебі, оның маңызы мен мақсаты

Барлық кәсіпорын өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егерде заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 есе төменгі айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте есеп айрысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір келісім шарт бойынша жүргізіледі. Егер де келісім шарт сомасы көрсетілген лимиттен аспайтын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 4000 есе АЕК-тен (Айлық есептік көрсеткіш) аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шотттары теңге мен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Есеп айрысу шоттары - шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарына тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;
Ағымдағы шоттар – жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
Бюджеттік шоттар – Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары, бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, содай-ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлімшелірі үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылу мүмкін. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшалап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; векселдерді немесе олардың индосаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банк шоттарына аударуды; төлем тапсырмаларын ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республикалық заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма талап төлемдері, кеден мен салық қызметі органдарының инкассалық жабдықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп-айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды.
Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және олардың мақсатында сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы ақша аудару жолымен жасау болып табылады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, пошта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы. Ұйымдардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына және басқалары) деп бөлуге болады.
Ақшасыз есеп-айрысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем тапсырмалары, чектер, аккредитивтер, төлем талап-тапсырмалары, көлікпен және темір жолмен айырысу жөніндегі жиынтық талаптар.
Ақша қаражаты мен есеп айырысу нысандары төлеуші мен алушының арасындағы шартпен (келісіммен, жекелеген уағдаластықтарымен) айқындалады.
Субъектілердің арасындағы келісім бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді есептеу жүргізілуі мүмкін.
Ақшасыз есеп айырысу нысандарын қарастырайық.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмасы субъектінің қызмет көрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы тапсырмасы болып табылады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысанадығы бланкілерде тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша банктің шолып қарауы үшін (кейін қайтартып кетіп) шарттарды, салықтық шот-фактурларды және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды тапсыруға міндетті. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күн есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады.
Тараптардың уағдаластығы бойынша төлем тапсырмалары жедел мерзімді, мерзімнен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болуы мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни, тауар тиеленгенге дейін; тауар тиеленгеннен кейін, яғни, тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімінен кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмей жүргізілуі мүмкін.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іссапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекеленген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелері жоқ жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөніндегі шығыстарды субъектілерге қаражат аударуды байланыс ұйымдары арқылы жүзеге асыра алады.
Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп-айырысу.
Төлем талап тапсырмасы төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және тиеу құжаттарының негізінде келісім-шарт бойынша жөнелтілген өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құнын төлеу туралы жабдықтаушының сатып алушыға талабын білдіреді. Төлем талап тапсырмаларын төлем жасаушы банкке жазып, жабдықтаушының банкіне тізімдемемен бірге төрт дана етіп береді. Жабдықтаушының банкі барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп, талап-тапсырманы сатып алушының банкіне жібереді, екінші данасы жабдықтаушыға қайтарылады. Сатып алушының банкі талап-тапсырманы алған соң, оны тіркейді, барлық даналарға алынған күнді қойып шығады (жоғарыда оң жақта) және оны төлем жасаушыға келісімін алу үшін береді.
Төлем талап тапсырмасын толық немесе ішінара төлеуге келіскенде төлем жасаушы барлық даналарға шотқа билік жүргізуге уәкілеттілігі бар адамдардың қолын қойғызумен және мөр басумен рәсімдеп, оны қызмет көрсетуші банкке өткізеді, олардың:
біріншісі – төлем төлеушінің шотынан қаражатты есептеп шығару үшін негіз болады жғне операция жүргізілгеннен кейін банк құжаттарына тігіледі;
екіншісі – жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке жіберіледі;
үшіншісі – тиеу құжаттарымен бірге тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге және есепке қабылдануына болатындығын растайтын қолхат ретінде төлем жасаушыға қайтарылады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысанадығы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы бланктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын ғрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойлып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБЕ) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОД) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады:
біріншісі- резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар – аудару жасалғанкезде ақша қаражатын алушы;
- банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген идентификацияланған банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
- төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үшін символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюталанған күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез-келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен, ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімінен кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында талаптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына, х-жалақы төлеуге арналған, банк мекемелеріне аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс ұйымдары ұйымдарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп-айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлнеді. Бірінші – депозиттермен қамтылған, ал екінші – қамтылған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкті белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқықығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан “бүлінген” деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай көріністер анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардыңбелгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса);
- чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен ем болмауы керек);
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жызылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуі тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі – банкте қалса;
екіншісі – көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі – Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі – чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу.
Көлік ұйымдарының тапсырыс берушілермен (жүк жөнелтушілермен немесе жүк алушылармен) жүк тасмалдағаны үшін, сондай-ақ көліктік-экспедициялық қызмет көрсетулері үшін орталықтандырылған есеп айырысулары жиынтық талаптар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Айыппұлдар жөніндегі сома жиынтық талапқа енгізілмеуге тиіс. Көлік қызметіне тапсырыс жасаушыларға қызмет көрсетуші банк мекемесі тиісті шоттан қаражаттың депоненттелгенін, көлік ұйымдарының қызметіне ақы төлеу тапсырыс берушінің тиісті шотынан бұл шотта уақытша қаражат болмаған кезде банктің кепілділігінің жүзеге асырылғандығын куәландыратын кепілділікті анықтама береді. Анықтаманың күшінде болу мерзімі тараптардың келісім-шартымен айқындалады.
Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу.
Өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген есеп-айрысулар деп борышкерлер мен несие берушілердің бір-біріне қойылған талаптары мен міндеттемелері тең сомада өтелетін және осы талаптар мен міндеттемелердің арасындағы айырмаға ғана төлем жасалатын нақты ақшасыз есеп-айырысулар жатады. Өзара талаптарды есепке алу бойынша есеп-айырысуларды банктер субъектілердің өтініші бойынша нақты тиелінген немесе босатылған тауарлы-материалдық құндылықтар және негізгі қызметі бойынша көрсетілген қызметтер үшін жүргізеді.
Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда, ұсынылғаннан кейін белгілі бір уақытта, вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе бір уақытқа белгіленген аударма вексельді ұстаушы вексельді төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп-айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанымен бірдей болып есептелінеді.
Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса, онда оның сомасы жергілікті валютада төлем мерзімі келген күніндегі бағам бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерзімін өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын жергілікті валютада төлеу мерзімі келген күнгі бағаммен төлеуді талап етеді.
Вексель ұстаушылар индосанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады.
1) акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
2) егер де төлем жасаушы вексельді акцептегіні немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп алынған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен оның жағдайын сот анықтамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз болмаған жағдайда;
3) вексель беруші ацепте жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға регрестік талабы (иск) вексель бойынша мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту факті куәландыратын актімен расталады.
Акцептемеу қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауға тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатылады. Бірақ бұл қарсылық алдын-ала тіркеуден өте керек, онсыз оның күші болмайды.
Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойындағыдай еместігі байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да, немесе төлем жасаушы басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола тұрса да, немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.
Төлем жасаушы оның вексельді акцептелуіне немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылғанда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда, вексель ұстаушының өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот шешімін ұсынуы керек.
Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушінің акцептемеу немесе төлем жасамайтыны туралы қарсылық білдірген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінің ішінде “шығынсыз айналым” деп хабарланған жағдайда, онда оның қабыл алынуы мүмкін. Әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі екі жұмыс күнінің ішінде алдыңғы хабарламаны жібергендердің аттары мен мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссатына одан әрі вексель берушіге алынған сәттен бастап жүре бастайды.
Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық белдірген жағдайда нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды. Мұндай хабарлама жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылады.
Вексель беруші индоссант немесе авальшы құжатқа енгізілген және қол қойылған “шығынсыз айналым”, “қарсылықсыз” деген немесе басқадай мағыналас сөздар арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босатады. Бірақ вексель беруші енгізген ескертуге қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірсе, онда қарсылық бойынша қажет шығындар өз қолдарын қойған барлық адамдардан талап етеді. Аудару векселін беруші, акцептеуші, индосаттаушылардың барлығы немесе онда аваль қоюшылар вексель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндетті болып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға құқылы.
Вексель ұстаушы өзі талап қойған адамнан мыналарды: аударма вексельдің акцептелмеген немесе төленбеген сомасын, пайызымен қоса, егер олар белгіленген болса, вексель сомасына ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?