Экономика | Ақшасыз есеп айырысулдардың есебі

 Экономика | Ақшасыз есеп айырысулдардың есебі

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................3
І. Ақшасыз есеп айырысулардың мәні, маңызы, сипаты.............5

ІІ. Ақшасыз есеп айырысулдарды есепке алу нысандары.................7

2.1.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі....................................7
2.2.Инкассолық өкілдермен есеп айырысу есебі.................................12
2.3.Чектермен есеп айырысу есебі.........................................................14
2.4.Векселдермен операциялар есебі......................................................22

Қорытынды...........................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................32

Ақшасыз есеп айырысулардың мәні, маңызы, сипаты.

«Төлем мәні» бөлігінде акша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ «Код –төлем мәні» бөлігінде - төлемнің кодтық белгіленуін көрсетуге міндетті.
Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша аударымына өтінішті (7-қосымша) ұсынады. Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады.
Алушы-банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап етуге міндетті. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша төлем тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін' көрсетеді.
Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны орындаумен байланыстарды шығындар үшін ақша алу құқы беріледі.
Алушы-банк телем тапсырмасын акцептеуі үшін, аталған төлем тапсырмасын орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің банктік шотында болуы тиіс. Қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ету ақша жөнелтуші қаржысының есебінен немесе келісімде көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.
Телем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:
-алушы-банк акцепт туралы жөнелтушіге хабар жіберсе
немесе төлем тапсырмасын төлеу туралы хабарлау жолдаса;
-алушы-банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде
ақшаны шоттан алса (банктік шотты дебеттейді);
-төлем тапсырмасын алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде
алушы-банк акцепт туралы немесе акцептен бас тарту
туралы хабарлама алмаса;
Қазақстан Республикасының заңдылығымен немесе алушы-
банк пен жөнелтуші арасындағы келісімде көрсетілген
жағдайларда.
Бенефициар банкте келесі жағдайлардың бірі орын алса, төлем құжаттары акцептелген болып саналады:
-бенефициар банк акцепт туралы хабарламаны жөнелтушіге
хабарласа;
-бенефициар банк бір кезекте алушы-банк болып саналып,
жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны алса
(банктік шотты дебеттесе).
ІІ. Ақшасыз есеп айырысулдарды есепке алу нысандары.

2.1.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі.

Қазақстан Республикасы заңдылығымен немесе бенефициар
және бенефициар банк арасындағы келісімде қарастырылған
басқа да жағдайларда.
Төлем құжатының акцепті, егер бұл жөнелтуші және алушы банк арасындағы келісімде қарастырылса, оны қабылдаған кезде жүргізілуі мүмкін.
Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептінен бас тартуы мүмкін:
-егер жөнелтуші аударым үшін қажетті ақша сомасымен кам-
тамасыз ете алмаса;
-егер төлем тапсырмасында жалған белгілер болса, ол жөнелтуші және алушы-банк арасындағы келісімде белгіленбеген төлемдерден қорғау әрекетін бұзып жолданса;
Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол емес төлем
және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелері және біздің Республиканың бекітілген төлем тапсырмасын құру және ұсыну талаптары, жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы келісімшарттарды жөнелтуші орындамаған жағдайда;
Қазақстан Республикасының заңдылығы және келісім талаптары орындалмаған жағдайда.
Егер алушы-банк төлем құжатын акцептеуден бас тартса, онда төлем тапсырмасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жөнелтушіге тиісті жазбаша немесе электронды хабарлама жолдауы тиіс. Ол үшін алушы-банк пен жөнелтуші арасында қарсылық туралы хабарламаны женелту тәртібі қарастырылады, бұл кезде хабарламаны жіберу күні акцептен бас тарту күні болып саналады.
Төлем құжатының акцепті мына жағдайларда жүзеге аспайды:
-жөнелтушінің банктік шоты тұтқындалған болса немесе
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығына сәйкес
оның банктік шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылса;
-егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасындағы көрсетілген деректемелер сәйкес болмаса.
Егер бенефициар емес алушы-банк жөнелтушінің банктік шотында аударым жасауға ақшалай қаржысы жеткілікті бола тұрып, төлем тапсырмасын орындамаса және алушы-банк өзінің акцептен бас тартатындығын уақытында хабарласа, егер бұл Қазақстан Республикасының заң актілерімен қаралмаса, онда араларында болған келісімге сәйкес жөнелтуші аударым сомасының мөлшерінен айып төлейді.
Мемлекеттің заң актілеріне, алушы-банк және жөнелтуші арасындағы келісімге сәйкес, алушы банк төлем тапсырмасын акцептеуден негізсіз бас тартқандығы үшін жауапқа тартылады.
Акцептелген төлем құжаты бойынша төлем келесі тәртіппен жүргізіледі: жөнелтуші өзі мен алушы-банк арасында жасалған келісімге сәйкес, акцептелген төлем тапсырмасының сомасына алушы банкке төлем жүргізуге және санкцияланған төлем тапсырмасын іздестіру немесе орындауға байланысты шығындарды қалпына келтіруге міндетті. Бұл кезде жөнелтуші төлем тапсырмасын орындаған кезден бастап алушы банкте төлем жүргізу міндеттемесі пайда болады. Алушы банкке жөнелтуші төлемі алушы банк жөнелтуші шотын дебеттегенде жүргізіледі.
Төлем құжатын бюджет және басқа да ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен заңдылығында қарастырылған мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе төлем ордері қолданылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы № 133 қаулысымен бекітілген, клиент пен оған қызмет көрсетуші банк арасында қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру Ережесіне сәйкес).
Төлем кұжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады:
1. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі өткізбе құрылады:
-Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары» ақша жөнелтуші
-Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары» бенефициар
2. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банк
қызмет көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:
-Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты» Немесе Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспондентгік есепшоты»
3.Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық
ақы ұстайды:
-Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» Кт 4601 «Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен кызметі үшін есептелген комиссиялык кірістер»
Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың жөнелтушіге жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу құжаттары негізінде берген талабы (8-қосымша).
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар бланкте жазады және бенефициар банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге төрт данада ұсынылады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада (9-косымша).
Бенефициар банк төлем талап-тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкассолаушы банк міндеттемесін алады.
Инкассолаушы банк міндеттемесі төлем талап-тапсырмасын инкассоға1 алумен байланысты, бенефициармен жасалған келісім немесе колданыстағы заңдылық негізінде пайда болады. Бұл кезде инкассолаушы банк өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:
-төлем талап-тапсырмасын телемге немесе акцептке кезекті ұсыну;
бенефициарға акцептен бас тарту немесе төлем туралы
төлем талап-тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау;
-төлем талап-тапсырмасының орындалғандығы туралы бене-
фициарға хабарлау.
Тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассолаушы банк төлем талап-тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей қызметтің орындалуын анықтайды. Инкассоға инициатордан инкассолаушы банктің төлем талап-тапсырмасын қабылдау инкассолаушы банктің операциялық күні ағымында жүргізіледі және оны инкассоға қабылдау кезінде тізілімнің барлық данасына күні және түсу уақыты қойылады. Ал жөнелтуші-банк аталған құжатта төлем талап-тапсырмасын алған күні мен алу уақытын белгілейді.
Бенефициар банк ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?