География | АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ
Мазмұны
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Қаланың географиялық орны мен табиғаты, тарихы
1.2. Алматы - рекреациялық экскурсиялық өлкетануы
2-ТАРАУ. ТУРИСТІК ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ
2.1. Рекреациялық және экскурсиялық объектілер
2.2. Алматы ауасын тазарту өзекті мәселе
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласы, Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-900 м жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Солтүстік жағында қала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласты. Атырабының 600 метрден жоғары орналасқан өңірі – қалың ағаш өскен шұрайлы алқап. Алматы альпілік сипаттағы тау массиві – Іле Алатау антиклинорийінің солтүстік қанаты етегінде.
Жер бедері. Алматы төңірегінде негізінен таулы келеді. Оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі – Іле Алатауы жатыр.
Үлкен және Кіші Алматы өзенінің аралығы дөңбектасты-малтатасты шөгінділерден түзілген. Қала негізінен осы ысырынды конус пен лайлы тасқындар әрекетінен жиналған жыныстар қабатының үстінде орналасқан.
Климаты. Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы – желсіз тымық ауа райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді. Ауаның көпжылдық орташа температурасы +9 +7.
Алматы қаласының тарихына тоқталамыз. Алматы қаласының ресми түрдегі тарихы 1854 жылы Кіші Алматы өзені маңында қаланған Верный атты орыс қамалынан басталады.
Алайда қала тарихының тамыры тереңге кеткен. 16 ғасырдың бірінші жартсында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын, әрі жазушы Захириддин Мұхаммед Бабырдың еңбегінде мынадай мәліметтер кездеседі: Ферғана – бесінші климаттағы облыс, игерілген жерлердің шекарасына орын тепкен; оның шығысында – Қашқар, батысында – Самарқанд, Баданқаш шекарасының оңтүстігіндегі тауларда, солтүстікте атаулар Таразкент кітаптарында жазылған Алмалық, Алмату және Янги сияқты қалалар ертеректе болғандарымен, бірақ оларды монғолдар қиратып, жермен-жексен еткен. Қазір аталған жерлерде елді мекен мүлдем қалмаған. Мұнда болашақ Алматының орнында орналасқан және Алмату деген атқа ие болып келген ортағасырлық қала туралы айтылады. Алмату елді мекені жөнінде Бабырдың замандасы Мұхамед Хайдар Дулати да өзінің “Тари-и-Рашиди” шығармасында қолтаңба қалдырған.
Бүгінгі Алматы – жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібінің аса ірі орталығы болды. Алматы – темір жолдардың, автомобиль жолдарының және әуе қатынасының маңызды тарабына айналды.
Тарихи шолуда Алматының байырғы кезеңнен бері қала болып келетіндігін аңғардық. Ғасырлар бойы күйреп, қайтадан қалыптасып отырған қаланың мәңгілер санатына жатқыза алатынымызға көз жеткіздік. Тарихтың Алматыға мыңдаған туристерді тартпауына кім кепіл!
Табиғаттың осындай әсемдігіне ата-бабаларымыз өткен ғасырларда-ақ назар аударған.
Бұл аймақтағы денсаулықты сауықтыру, емдік мақсатындағы рекрациялық объектілердің дамуына климаттың қолайлығы және минералды бұлақтардың болуы тікелей әсер етеді.
Екінші тарауда біз рекрациялық және экскурсиялық объектілерге тоқталып, олардың туризм негізгі функциясы ретінде қалыптасуына қандай жағдайлар әсер ететініне сипаттама жасаймыз.

Алматы қаласы өзінің рекреациялық және экскурсиялық объектілерге молдығымен де ерекшеленеді. Рекреациялық объектілер денсаулықты сауықтыру, спорттық сауықтыру, танымдық, мәдени және табиғи мақсаттағы деп сипаттауға болады. Осыған қарай адамдардың жиі сұраныстарын тудырып отырған негізгі он рекреациялық объектілерге шолу жасаймыз.
“МЕДЕУ” - жасанды мұз айдыны бар, дүние жүзіндегі ең ірі қыстық спорт комплексі. Кіші Алматы өзенінің Медеу қонысына иек артқан жерінде, Алматыдан 18 км, теңіз деңгейінен 1691,2м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 жылдан жарыстар өткізіле бастады. Тау суының мөлдір мұзы, айдынның жарыс өткізуге қолайлы, жел өтінен қаға беріс, әрі ауа қысымы сирек жерге орналасуы. “Медеу” мұз айдынының орнынан “Медеу” спорт комплексі ашылды. Жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м², коньки жарысына лайықталған 3 сырғанау жолы бар.
Сайран бөгені – Үлкен Алматы өзенінің арнасындағы жасанды су айдыны. Қаланың оңтүстік-батыс жағында, 1971 жылы арнаға бөгет салынудың нәтижесінде қалыптасты. Бөгеннің жалпы ұзақтығы 3,6 км, енді жері 1,4 км толған кездегі көл 2,3 млн. м³, терңдігі 12,1м, ең терең жері 18м. Демалыс зонасына айналдырылған.
Орталық мәдениет және демалыс паркі. Қаланың шығыс жақ бөлігінде орналасқан, 100,4 га жерді алып жатыр (1981), оның ішіндегі жасыл желек массиві 70 га-дан астам. 1856 жылы Кіші Алматы өзенінің Верныйдан өтер тұсындағы оң жағасына “Қалалық қазына бағы”.
Осындай қиын кезеңде, яғни 1882 жылы бақтың меңгерушілігіне Э.О.Баум тағайымдалды. Оның ғылыми басшылығымен бақ аз уақыттың ішінде қалпына келтірілді, кейбір ағаш қайта отырғызылды, ағаш және гүл түрлері көбейтілді.
Бұл күнде парк – еліміздегі аса көрікті және демалуға қолайлы бақтардың бірі. Мұнда 2-мыңнан астам өсімдік түрі кездеседі, жасанды су айдыны, 16 ірі аттракционы, оқу және шахмат павильоны, кинотеатр, спорт комплексі (Спартак стадионы және велотрек), ашық эстрада, би алаңы, тамақтану орындары (ресторан, кафе) т.б. халыққа мәдени-ағарту және тұрмыстық қызмет көрсететін орындар бар.
Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар атындағы парк, Гоголь мен Қонаев көше қиылысында орналасқан. өткен ғасырдың 70-80 жылдары 10 га жерге отырғызылған бұл жасыл желек массиві алғашқыда А.С.Пушкин сквері аталады. Конфигурациясы реттелген сквер 1900 жылы Федерациясы паркіне айналды. ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамындағы 1075 полкі 4-ротаның 2-взводы жауынгерлерінің Москваны қорғаудағы көрсеткен ерлігі құрметіне 1942 жылы 29 сѕуірде Ж.с.г.п.а.п. аталады. Ауданы 18 га шырша, көк терек, үйеңкі, қарағаш, емен және қарағай басым өседі.
“Түркісіб” санаторийі. Қаладан 8 км, Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. 1934 жылы ұйымдасқан “Түркісіб” демалыс үйі негізінде 1946 жылы құрылған. Санаторий жыл бойы істейді. Мұнда өкпе, тыны органдары және нерв жүйесі ауруларына шалдыққандар қабылданады. Негізгі емі – жеңіл теріс заряды аэроионды иондағы тау ауасы, ионбронды, оттекті, көмірқышқылды, азотты т.б. ванналар, сондай-ақ физиотерапия.
“Каменское плато” - қымыз және ауа райымен емдейтін санаторий. 1932 жылы ашылған. Іле Алатауының солтүстік беткейінде, теңіз дейгейінен 1370 м биіктікте, қаладан 10км. жыл бойы жұмыс істейді, бір мезгілде 350 адам қабылдайды. өкпе туберкулезбен ауырғандар, қол-аяқ, бүйрек т.б. туберкулез ауруларынан емделеді. 1971 жылы 75 төсектік урогинеколог бөлімі ашылды. Жақсы жабдықталған рентген, физиотерапия, функциональды диогоностика, емдік физкультура, тіс т.б. кабинеттер және клиникалық, биохим, бактериология лабораториялар бар.
“Алмаарасан” курорты. Іле Алатауының көркем табиғатты алқабына, теңіз деңгейінен 1800-1850м биіктікте. Алматыдан 26 км. 1931 жылы ұйымдастырылды. Емге пайдаланатын шипалы суында радон, сульфат, карбанат, натрий қосылыстарының әлсіз минералданған ертінділері. “Алмаарасан” курортында нерв жүйесі, буын зақымдары, тері аурулары және әйел аурулары мен сырқаттанғандар емделеді. “Алмаарасанда” арнаулы бұлақ, әртүрлі лабораторлар мен емдеу бөлмелері, емдік физкультура бөлмелері бар.
Орталық стадион ірі спорт комплексі. 1955 – 1967 жылы іріге көтерді. Абай пр. мен Есентай өзенінің қиылысында бір кварталы алып жатыр. Комплекс құрамына спорт аренасы – стадион, футболшылардың жаттығу алаңы, спорт ойындарының Кіші стадионы, Жабық және ашық жүзу бассейні, Спорт сарайы, жеңіл атлетика манежі, ашық теннис корты, спорт аландары енеді. Негізгі спорт аренасы 1958 жылы арх. А.Қ.Қапанов пен А.Я.Коссовтың жобасы бойынша салынды.
Стадионның спрот аренасы футбол алаңы мен 400 және 100 метрлік жүгіру жолынан, оған қосымша жеңіл атлетика мен түрлі спорт ойындарына арналған секторлардан тұрады.

Қаладағы экскурсиялық объектілердің өзі түрлі мәнде сипатталады. Экскурсиялық объектілер – табиғи, тарихи әдебиет пен өнертану, өндірістік мақсатта қарастыруға болады.
Алматының экскурсиялы объектілері кімді болса да қызықтырып қоймайды. Осындай негізгі он объектіге шолу жасаймыз:
Орталық мемлекеттік музей – табиғи, тарихи, меатериалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін – Қазақстан территориясындағы ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі адамзат қоғамы мен табиғаттың дамуы туралы деректерді жинақтайтын, сақтайтын, зерттейтін көпшілікке көрсететін және насихаттайтын ғылыми, өлкетану, мәдени ағарту мекемесі.
19 ғ-дың 30 жылдары Орынбор қаласындағы Неплюев әскери учелищесі жанында “Орынбор өлкесінің музейі” ретінде құрылды.
1929 жылы, майда Орталық музей Орынбордан Алматыға көшірілді. Мұнда оның қорына бұрынғы Жетісу облыстық музейі мен Жетісу қазақ әскерлері музейінің, ал 1941 жылы республикалық дінге қарсы музейдің қорлары қосылды. 1944 жылдан Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейі деп аталды.
Қазақтың ұлттық музыка аспаптар музейі. 1980 жылы ұйымдастырылды. Музей қорында 400-ден аса экспонат бар. Экспонаттар негізгі 4 залға қойылған. Мұнда қос ішекті, үш ішекті, қуыс мойын, кең шанақты, ішкі ішекті, шіңкілдек, екі жақты деп аталатын домбыра турлері, сондай-ақ нарқобыз, қылқобыз, желқобыз, сазген, шертер, дұдыға тоқылдақ, тұяқтас, шартылдауық, сақпан, асатаяқ, шың, шаңқобыз, сырнай, ауыз сырнай, қамыс тілік, қос қамыс, сыбызғы, жетілген желбуаз, даңғыра, дабыл, шыңдауыл, кепшік сияқты қазір халық арасында сирек кездесетін, не мүлде ұмытылған музыка аспаптарының 40-тан астам түрлері жинақталған. Мұнда белгілі ақын, композиторлар мен орындаушылар – Біржан, Абай, Жамбыл, Ықылас, Сейтек, Дина, Қызыл жырау, Мұрын жырау, А.Жұбанов, Қ.Әзірбаев, Ә.Қасенов, М.Ержанов, Д.Мықтыбаев пайдаланған домбыралар мен қобыздар, сол сияқты орыс, украин, ұйғыр, дүнген, корей халық музыка аспаптары да бар.
А.Қастеев атындағы Қазақстанның өнер музейі. 1976 жылы ашылды. Қазақтың көркемсурет галереясы мен қолөнер музейі құрылды. Музейді бейнелеу өнері мен сән және қосалқы өнер салаларының 17000-ға жуық туындылары жинақталған. 14 залында бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларынан, ревлоюцияға дейінгі орыс, совет, шетел өнерінен үлкен мағлұмат беретін 1500 шығарма бар. Қазақстан өнері білімі палеолит дәуірінен қазіргі кезге дейінгі ұлттық өнердің туып қалыптасуын сипаттайды.
Ағаш, сүйек, тері ұсақтау және тоқымашылық секілді қазақ халқының дәстүрлі өнер түрлері музей экспозициясының бірден-бір мақтаныш саналады. Музей ғимараты 1976 жылы (арх. Э.К.Кузнецов т.б. жобасы бойынша) қазіргі архитектура үлгімен тұрғызылған. Астыңғы үш қабатты шаршы көлемінің төбесі перамида пішінді шынымен жабылған.
Геология музейі, Қазақстанның Қ.И.Сатпаев атындағы геологиялық ғалымдар институтының гнологиялық музейі 1940 жылы құрылған.
Музейдің аумағы ұлғайып, 1945 жылы 300 м болды. 4 мыңға жуық коллекциялық және көрмелік материалы 60 витринаға орналастырылды. Ал 1965 жылы музей ауданы 1000м²-ден астам 5 залы бар арнаулы үйге көшті. Көрмеге қойылатын қатты материалдар 252 витринада көрсетіледі, экспонаттың жалпы саны 46 мыңға жетті.
Музейдің ең ірі экспозициясы – Қазақстан жерінде көп кездесетін пайдалы қазындылар. Мұнда руданың көптеген коллекциялары: темірдің, марганецтің, хромның, никельдің, мыстың, қорғасын – мырыштың, асыл металдардың т.б. көптеген түрлері бар. Олардың арасында, әсіресе Жезқазғанның, Кенді Алтайдың, Орталық Қазақстанның, т.б. рудалары маңызды орын алады.
Археология музейі. Қазақстанның ғалым академиясы археологиялық музейі 1973 жылы 30-ші тамызда құрылған. Экспозицияда Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының аса көне заманнан орта ғасырларға дейінгі дамуы көрсетілген. Музейдің төрт бөлімінде тарихи материал әртүрлі аймақтар бойынша және хронологиялық кезеңдерге ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?