Экономика | Алматы Құс ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын талдау

 Экономика | Алматы Құс  ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын талдау

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Қәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың
теориялық негіздері............................................................................................5
1.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеудің мазмұны және түрлері...................5
1.2 Қәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудыңпринциптері
мен әдістері .......................................................................................................8
2 «Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын талдау...........11
2.1 «Алматы Құс» ААҚ-ның шаруашылық қызметін талдау......................11
2.2 «Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруды талдау...........15
3 Несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.....................................19
3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары............................................................................................................19
3.2 несиелеуді ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі.................................20
Қорытынды......................................................................................................23
Әдебиеттер тізімі............................................................................................24

Кіріспе
Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ.
Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті.
Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде.
Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші «халықтың жинақ ақшасы» деп өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін орнамағанына еріксіз мойын.
Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау қажет.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. Несие алып өз қызметімен айналысатын кәсіпкер өзіне ғана пайда келтіріп қоймай, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосады.
Қазір Қазақстан Республикасының экономикасының негізін кіші, орта және ірі кәсіпорындар құрап тұр. Сондықтан бұндай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпкерлерге жағдай жасаудың бір жолы оларды ақша-қаражаттармен қамтамасыз ету. Несиелеу мәселесі қазіргі кезде алғашқы ағымдарда Президентіміздің 19-шы наурызда халыққа жолдаған жодауында бұл мәселе негізгілердің бірі болып табылады. Негізінен ипотекалық несие туралы сөз қозғалғанымен мемлекетіміздің несиелік механизмінің дамуына үлкен үлесін қосып отыр. Кәсіпкерлік қызметте несие алудың, неиелеуді ұйымдастырудың қаншалықты қиын екені келесі тарауларда қарастырамыз.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты ─ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды талдау. Қазіргі кезде кәсіпкерлік қызметте несиелеу қандай деңгейде жүргізіледі және несиелеу барысында қандай мәселелер тууын талдау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде несиелеудің теориялық жақтары, қазіргі кәсіпкерлік қызметтегі орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде кәсіпорын бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорындағы несиелеуді ұйымдастыруы және несие қабілеттілігі. Үшінші бөлімінде несиелеуді ұйымдастырудың жетілдіру жолдары қарастырылған.
Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі «Алматы Құс» ААҚ-ы болып отыр. Курстық жұмыста осы кәсіпорынның да мәліметтері пайдаланылады.
1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиені
ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеудің мәні, мазмұны және түрлері

Несие ─ нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сфераларын емес, олардың айырбас сфераларын іздеу қажет. Тауар айырбастау ─ бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді, және де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Несие ─ бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарыз) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып,несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстаушы экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар. Несие ─ бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда ─ бұл ссудалық шот алумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие ─ кәсіпорындар, ұйымдар мен бірлестіктер, сонымен қатар халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несие экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынандай қызметтерді атқарады:
• Қайта бөлу;
• Айналыс шығындарды үнемдей;
• Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• Капиталдық шоғырлануын жеделдету;
• Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, т.б.
Несиенің формалары, оның құрлымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты болып келеді.
Несиенің формасы ─ бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені – банктік деп атайды. Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туындайды.
Коммерциялық несие ─ бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. Комморциялық несие вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикада несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының негізгі мақсаты ─ тауарды өту процесінің жеделдету, сонымен бірге одан пайда табу.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынандай:
• Қарыз беруші ретінде банктік мекемелер емес, яғни тауарды немесе қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
• Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие ─ бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие. Бұл экономикада кеңінен таралған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынасың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк немесе арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады.мұнда қарыз берушінің басты мақсаты ─ пайыз түрінде табыс алу.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді, олар мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі.
І Қарыз алушылар категориясына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер;
• Мақсатты қорларға
• Банктерге
2. Қаржылық емес агенттіктерге берілетін несие;
• Өнеркәсіп салаларына
• Ауыл шаруашылығына
• Саудаға
• Дайындау ұйымдарына
• Жабдықтау-сақтау ұйымдарына
• Кооперативтерге
• Жеке кәсіпкерлерге
ІІ Мерзіміне қарай:
• Қысқа мерзімді (1 жыл)
• Орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін)
• Ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
ІІІ Тағайындау және пайдалану сипатына қарай:
• Негізгі қорларға жұмсалатын
• Айналым қаражаттарына жұмсалатын
ІV Қайтару дәрежесіне қарай:
• Стандартты несие – қайтару уақыты жетпеген, бірақ қайтуында күмән жоқ несиелер;
• Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер;
• Үмітсіз несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
V Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие;
2. Ипотекалық несие – қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып ұзақ мерзіиге берілетін несие;
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы;
4. Овернайт несие - өтімділікті қорғау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиесі;
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие;
6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі;
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепіл алып берілетін несие;
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие;
9. Рамбустық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді сыртқа шығару тәжірибиесінде пайдаланатын несие;
10. Сенім несие – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие;
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсім алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
1.2 Кәсіпкелік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістері

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдар талаптарын бейнелейді.
Несиелік принциптері негізінде нгесиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастар ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
І топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
• Несиенің мақсаттылығы
• Несиенің дифференциалдығы
ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
• Несиенің мерзімділігі
• Несиенің қайтарымдылығы
• Несиенің төлемділігі
• Несиенің қамтамасыз етілуі

Қазіргі несиенің дифференциалдық принциптерінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімдік принциппен байланысты. Яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілеті сипатталатын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұратып отырған несиенің қамтамасыз ету сипатын және олардың банк үшін пайдаланылған, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.
Мерзімдік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі, несие берушінің қарыз алушыға берген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытылады.Осыдан келіп несиенің қайтарымдылық принципі туындайды. Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да категорияларынан ажыратылатын ерекшелігінен сипатталады.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылғандығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы түрінде беріледі. Еркін реттелетін арық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескерілетін басты факторлар:
• Орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелер бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
• Банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшері;
• Өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
• Банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған;
• Несиеге деген сұраныс;
• Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
• Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?