Жас келінге арналған 15 кеңес
Келін болу – тек өз ұрпағының ғана емес, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін мойынға жүктеу. Бүгінгі келін – ертеңгі ана, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі. Әрбір бойжеткен тұрмыс құрып, келін атанып, ана болғысы келеді. Жас келін жаңа отбасына сіңісіп, жақсы келін атану жолында қаншама қиыншылықтар мен кедергілерге кездеседі. Осы тұрғыда қыздарымызға септігі тиер деген оймен бірнеше есте ұстарлық кеңесімізді ұсынамыз.