ЖАҢҒАҚТЫҢ ҚАБЫҒЫНАН ЫДЫС ЖАСАҒАН АРУ: МҮМКІНДІКТЕРІМДІ ШЕКТЕГЕН УАҚЫТ.
ЖАҢҒАҚТЫҢ ҚАБЫҒЫНАН ЫДЫС ЖАСАҒАН АРУ МҮМКІНДІКТЕРІМДІ ШЕКТЕГЕН УАҚЫТ.
Жаңғақтың қабығынан ыдыс жасап, ғылым тұрғысынан жетістікке жетті. Өзінің ғылыми жұмысының авторлық құқығы қорғалды.
ЖАҢҒАҚТЫҢ ҚАБЫҒЫНАН ЫДЫС ЖАСАҒАН АРУ:
МҮМКІНДІКТЕРІМДІ ШЕКТЕГЕН УАҚЫТ.
Амангелдиева Жадыра – 16 жаста. Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы. Өзінің жаңғақтың қабығынан ыдыстар жасау жобасының авторлық құқығы қорғалған жетекшісі.
- Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегісіз, ол жақтың өзге мектептерден ерекшелігі қандай ?
- Біріншіден, ол әрине Өркен грантына түскен кездегі берілетін мүмкіндіктер. Екіншіден, шетелдік мұғалімдердің сабақ беруі. Сонымен қатар, мектебімізде барлық технологиялар қол жетімді. Шетелдегі нешетүрлі жаңа техникалар, технологиялардың бәрі жүзеге асырылған. Үшіншіден, барлығы тегін беріледі, яғни, 5 уақыт ішетін асымыз, киетін формаларымыз, бәрі – бәрі тегін.
- Осы Назарбаев Зияткерлік мектебіне қай жылы және қалай түстіңіз ?
- 2017 жылы 7 сыныпта, яғни, 4 жыл бұрын түстім. Өзімнің сыныптастарым, 2 құрбым Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуді шешкен болатын. Қабылдаған шешімдерін менімен бөлісіп, маған да айтқан болатын. Кейін сол сәттен бастап дайындықты бастап кеттім. Ол кезде тестке 2 апта қалыпты. Математикадан, ағылшын тілінен репетиторларға барып, дайындалып жүрдім. Негізінен, қатты түсуге ниетім болмады. Басында мен өз білімімді тексеруге, дайындық жұмыстарын жүргізіп барған болатынмын. Бірақ, соңынан осындай нәтиже болатынына сенбедім. Түскеннен кейін қатты қуанып, мектепке барамын деп шештім. Басында бұрынғы оқыған мектебіме осы Назарбаев Зияткерлік мектебін келіп жарнамалайтын, бассейн, басқа да неше түрлі қызықты дүниелер бар деп. Солайша, менің қызығушылығым артқан еді.
- Авторлық құқығы сақталған жобаңызды қалай бастадыңыз ? Идея қайдан келді ?
- Өзіме негізі бұрыннан бері экология мәселесі қызықты. Қазіргі таңда көбісі айтатындай: эко-френдли (eco-friendly) отбасымызбен ұстанамыз. Отбасымызбен бірге экологиялық заттарды қолдануға тырысамыз. Тіпті, мектепте құрбыларымызбен ашқан ЭКО клубымыз бар. Ең алдымен, интернет желісінен « пластикке байланысты әртүрлі елдердің не қолданатыны » жайлы көптеген ақпараттар іздедім. Алған ақпараттарыммен бөлісе кетсем, мысалы, Мексикандықтар авокадоның сүйегінен, Ресейлер нешетүрлі заттарды қолданады екен, ал кейбіреулері тіптен, сәбіздің қабығынан да ыдыстар жасайды. Бірақ, оның бәрі біздің елімізге қолайсыз болып келеді. Мысалы, авокадо біздің елде өспейді әрі тым қымбат. Грек жаңғағын зерттей келе, өзінің биология пәні мұғаліміме айттым. Мұғалімім мені бірден қолдап, осы жобаны дамытуға өзінің зор үлесін қосты. Біріншіден, осы жобаны ақпарат жинаудан бастадық содан кейін тәжірбие жұмыстарына көштік. Яғни, жаңғақтарды алып оны ұнтақтатып, содан ыдыс жасадық. Бұл 2019 жылы істелген іс болатын.
- 2019 жылы іске асырылған жоба неліктен 2021 жылы жарыққа шықты ?
- Осы жобаны аяқтаған соң, карантин басталып кетті. Мектепке бармадық. Жобаны ұмытып кетуге дейін барғанмын. 2021 жылы мектепке қосылғаннан кейін осы жобаны қайта қолға алып, жобаны авторлық құқыққа берген болатынбыз.
- Жаңғақтың қабығынан ыдыс жасау қанша уақытты алады ?
- Жалпы ыдысты жасау көп уақытты алмайды. 1 сағатта жасап шығаруға болады. Ал, ыдысты жасамас бұрын толықтай қағаздармен, ақпараттармен жұмыс жасау керек болды.
- Карантиндік шектеулер сіздің мүмкіндіктеріңіздің ашылуына кедергі жасап, жою қауіпін жоғарлатты ма ?
- Иә, солай десе де болады. Негізінен, карантиндегі ақаулар барлық әлемге үлкен әсерін тигізді. Көбісі өз үйлерінде отырып қалды. Аздап жалқаулықтары артты десем де артық етпес. Бүкіл әлемнің мүмкіндіктері ашылудың орнына, жабылып, кедергілер жасады.
- Мұғаліміңіз Гүлжан Жалғасовнамен жобаның жасалуында қандай мәселелер туындады ?
- Жалпы, құжаттармен, ақпараттарды талдаумен, анализдеумен ешқандай мәселелер тумады. Алайды, жаңғақтарды ұсақтауда қиындықтар туған болатын. Баршамыз білетін жаңғақтар – қатты әрі берік. Ең алдымен, біз оларды балғамен, жаңғақ ашқышпен, ет тартқышпен жасап көрген болатынбыз. Жаңғақтарды үгіту бізге тым қиынға соқты. Сол себепті, оны ет тартқышпен істеуге тырыстық. Бұл басқа тәсілдерге қарағанда ең тиімді жолы еді. Дегенмен, осы мәселені шешу бізге маңызды болып тұр. Өйткені ет тартқышпен істеу жаңғақтар үшін қолайсыз әрі ауыр. Салыстырмалы түрде айтсам, көп уақытты алады. Сондықтан біз үшін дәл қазіргі таңда бұл – жаңғақтарды ұнтақтату барысында, қандай да бір құрылғы ойлап тауып немесе зауыттардағы құралдармен жұмыс істеп көру қажет.
- Гүлжан Жалғасовнаға айтарыңыз бар ма ?
- Әрине, үлкен – үлкен алғысымды айтамын. Себебі мұғалімнің қолдауыңсыз жоба іске аспас еді. Іске асқанның өзінде көп уақытты алары сөзсіз. Мұғалімім дұрыс бағытты көрсетіп, алдымнан шыққан әрбір қиындықтарда өзінің көмегін беріп, мені жақсы жолға жетелеп отырды.
- Уақыт бөліп сұқбат бергеніңізге алғысым шексіз !
Мөлдір Жеңісқызы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы.
№ 5 ЖББ орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?