Тұрмысқа шықпас бұрын қойылуы керек 8 сұрақ
1. Отбасындағы қарым-қатынас қандай ? Қандай қағидалары бар ? Ата-анасының сценарийі сіздің некеңізде қайталануы мүмкін.
2. Қандай жағдайда бір-біріңізді ешқашан кешіре алмайсыздар ?
3. Отбасылық қаржы кімге тиесілі ? Сіздің жұмыс жасауыңызға қарсы ма, әлде қарсы емес пе ? Сіздің табысыңыз сізге ғана, күйеуіңіздің табысы ортақ па ? Әлде барлық табыс ортақ болуы қажет пе ?
4. Қалай демалып, босаңсуды ұнатасыздар ? Сіз массажға барып демалып, жігіт достарымен ойын ойнаудан сергіп қалуы мүмкін. Осы тұста оның демалу қажеттілігін білу маңызды.
5. Қандай құндылықтары бар ? Мысалы, сізге бөтен қыздармен амандасқаны ұнамайды, ал ер адам 2-3 әйел алуды жоспарлайтын болар ? Оның көзқарасын қазірден сұрау қажет.
6. Отбасында қандай шектеулер бар ? Не нәрсе болады ? Не нәрсені жасауға болмайды ?
Мысалы, кейбір ер адамдар болады : “Қашан келесің? Қайда бара жатырсың?” деген сынды сұрақтарды ұнатпайды. Сәйкесінше, бұл сұрақты қою оның ашуына тиюі мүмкін.
7. Алдағы 5 жылға қандай мақсаттары бар ? Үлкен өмірге бірге қадам басатын болғандықтан, мақсаттарыңыз да ұқсас болуы керек.
8. Оның “махаббат тілі” қандай ? Кейбірі құшақтауды, кейбір ер адамдар жылы сөйлеп, комплимент айтуды ұнатады. Өз ғашығыңыздың “махаббат тілін” анықтаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?