Сәнді 10 тренд: Қыс 2021-22
Суық мезгіл – сән әлеміндегі жарқын образдардан бас тартуға себеп емес. Мәселен, айтулы маусымда жарқыраған жасыл түсті total look немесе қалада тауға арналған шаңғы костьюмін киюдің еш әбестігі жоқ, деп хабарлайды "Сырласу" сайты. Себебі – биыл олар трендте! Айтулы маусымда сәннен қалмау үшін тағы қандай трендтерді білу қажет? Қызық болса, назар сал!
Тренд №1. Жасыл түс.
Жалпы жасыл түс сенімділікті, табандылықты әрі “Мен” деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Жасыл түсті киім кисеңіз, кез келген ортада тек жақсы жақтан ғана көзге түсеріңіз анық. Сол себепті суық ауа райында ашық-жасыл түсті киімдерден қашпай, керісінше, трендке жақын болуға тырысыңыздар.
Әрине, көп адамдар ашық түстерді суық күндері емес, жылы маусымда кигенді құп көретіндігі рас. Десек те, түс маусым таңдамайтындығын ұмытпаңыздар. Сол себепті бүгінгі санымызда изумруд түсті киім-кешектерді назарларыңызға ұсындық.
№2 Тренд: Ішіктер мен тондар
Қылышын сүйретіп қыс келгенде бірден жылы сырт киімдерімізді шығаратынымыз анық. Басым көпшілігіміз алдымен, теріден тоқылатын тондарды кигенді жөн көреміз. Себебі, оның жылулығы мен сұлулығы керемет. Дәл осы себепті бүгін трендтегі тондарды назарларыңызға ұсынып отырмыз.
№3 Тренд: Үлбірлі аяқ киім
Қысқы киім үлгісінің ең басты құраушысы – жылы аяқ киім. Себебі, суық алдымен аяқтан өтетіндіктен, қыста аяқты жылы ұстаған жөн. Сайып келгенде, аяғымыздағы етігіміздің жылылығы денсаулығымыздың кепілі болмақ. “Сырласу” ұсынған үлбірлі (мех) етіктер топтамасына назар сала отырып, трендтегі аяқ киімдермен таныс болыңыздар.
№4 Тренд: Графика
№5 Тренд: Ерлер шалбары
Қысқы трендтегі тағы бір қызық: әйелдердің ер адамдарынан сұрап алып, киіп алғандай көрінетін ерлер үлгісіндегі шалбарлар. Десек те, әйел адамдар мұндай образда сәнді ғана емес, сондай-ақ талғампаз әрі аса нәзік жан ретінде көзге түседі.
№6 Тренд: Қолтырауын/жылан терісінен тігілген сөмке
Сән биігінде “қолтырауын” әрі “жылан” бедерлі былғарыдан, сондай-ақ, табиғи аллигатор терісінен жасалған аяқ киім мен сәнді аксессуарлар тұр. Олардың арасында қара, күрең қызыл және қоңыр түсті сөмкелер сұраныста.
№7 -№8Тренд: Сәнді көйлек пен массивті әшекей бұйымдар
№9 Тренд: Көлемді сөмкелер
Суық ауа райында қолымызға ұстаған сөмкеміздің көңілімізден шығуы аса маңызды. Түпнұсқаны құп көретіндерге экзотикалық былғары мен неон түстеріне баса көңіл бөлген жөн. Ыңғайлы әрі сәнді сөмке күзгі-қысқы маусымда таптырмас көмек болары анық. Басты тренд – сөмке көлемі мен түсі.
№10 Тренд: Тауға киюге арналған киім
Таулы маусымның да трендті топтамалары ерекше. Мәселен, суық күндердегі көлемді сырт киімдер, жылы етіктер , комбинезондар мен тоқылған күртешелер енді тек көше сәні ғана емес, сонымен қатар таулы киімдер топтамасынан бой көрсетуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?