Дальгона: "Кальмар ойынындағы" тәттіні қалай пісіреміз?


Netflix ағынды платформасы тарихындағы ең танымал сериал атанған "Кальмар ойынының" (Squid Game) 3-сериясында қатысушыларға дөңгелек ыдыс беріледі. Олар ішіндегі тәттіден түрлі қалыптағы бейнелерді сындырмастан бөліп алуы керек еді. Премьерасынан кейін 10 күн ішінде әлем бойынша көрілім санына қарай көшбасшы сериал дәрежесіне көтерілген туындыдағы шекер кәмпиттерді бәрі жасап көруге талпынды. Оның кең тарағаны сонша, видео-рецепттерті миллиондаған  адамдар тамашалай бастады. 


Дальгона атауымен белгілі тәттіні жасау үшін алдымен ½ ас қасық қантты карамельге айналдыру қажет. Ол үшін қант салынған ожауды немесе кез келген ыдысты газ оттығының үстінде ұстап тұруға болады. Қантты баяу отта қыздырып, үнемі араластырып тұрыңыз, күйдірмеуге тырысыңыз.

Кейін қантты оттан алып, бір шымшым сода қосып, мұқият араластырыңыз. Одан соң қоспаны бәліш пісіруге арналған силикон кілемшеге құйып, үстін тегіс затпен басыңыз.


Қажетті пішінді шығару үшін арнайы қалыптарды пайдаланыңыз. Тәттілер қатайғанша күтіңіз және шеттерін ине немесе тіс тазалағышпен қажет пішінді жонып шығыңыз.


Қазір желіде қант пен ас содасынан жасалатын бұл тәттіні даярлау жолын көрсететін видеолар көп-ақ. Бірақ, оның бірінші талпыныстан-ақ шыға қоюы екіталай. Егер сіз кәріс халқының Дальгона шекерінің дәмін көргіңіз келсе, төмендегі кеңестерді мұқият оқып шығыңыз.


Сонымен, бірінші, видео рецепттерде көрсетілгендей қантқа су қосудың қажеті жоқ, оның өзін ғана ерітіңіз. Екінші ескеретін жайт, қантты оттан жоғары ұстаңыз, бұл оның күйіп кетпеуіне көмектеседі. Үшінші, тәттіге түрлі пішін беретін қалыпты міндетті түрде майлап алыңыз. Сонда ғана ол карамельденген ыстық шекерге жабыспайды.

дереккөз


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу