Жігітті қалай сынау керек?
Сіңлілеріме кеңес болсын деп жаздым...
Бір жап-жас сіңлім: "Жігіттің сезімі рас-өтірігін қалай тануға болады? Жақсы жігітті қалай тануға болады?" деп сұрады.
1. Жұмыс істемейтіндерге жолама. Арба сүйресе де, еңбекқор болса - жақсы адам.
2. Арба сүйреп тапқан табысына сылқиып сыраға тойып алса - жаман адам. Жалпы, ішетіндерге жолама. Бір тиынын екі тиын етуді ойлайтын, алдына үлкен мақсаттар қоя білетін және сол мақсатына жету үшін ерінбей еңбек ететін жігіт - жақсы жігіт.
3. Әлеуметтік желіде үздігіп отыратындарға ешқашан сенбе; өмірде көріп, танып, біліп, өзіне қарата алса - сөз басқа...
4. Желіде "күйіп-сүйіп", ал өмірде сені көрген жерде қашып-пысып жоғалатындарға ешқашан сенбе;
5. Өзіңе сөз айтып, ыңғай танытып жүрген жігіттен "өте шұғыл түрде ақша керек еді" деп, көп те емес, аз да емес, 20-30 мың тг. қарыз сұрап сына. Беруі де мүмкін, "отмазка" жасауы да мүмкін. Шын сүйсе - өзінде болмаса, өзгеден сұрап тауып береді. Сүймесе, сенің ақшадан қысылып тұрғаның оған бес тиын... не "жоқ" дейді, не сол күні өзі де жоғалуы бек мүмкін, не ақшасы болса да бермейді. Сен сұраған ақшаны тауып беріп, көп ұзамай ақшасының "қарымына" - төсектес болуыңды қалауы ғажап емес. Ондай бейшараға қарызын сол сәтте қайтар да, мәңгілікке "прощай" де! Жағдай басқаша өрбуі мүмкін: қарыз берген жігіт "қарызымды қашан қайтарасың?" дегенін күт. Солай десе, ол адамнан аулақ жүр. Ол сұрамай қойса, ара-тұра оған қарыз екеніңді ұмытпағаныңды, есіңде екенін оның да есіне салып тұр. Оның жауабы қандай болатынына мән бер... Араға біраз уақыт салып, алған қарызыңды қайтар. Қайтып алса - ол жігітпен өмірлік бас қосудың қажеті жоқ. Өйткені, сенімен шынайы бас қоссам деген жігіт саған өтіп кеткен теңгесін қайтып алмайды. Әртүрлі достық, тілектестік, позитив сөздер айтып, қарызын қайтып алудан бас тартса - ол жақсы жігіт. (Бәрібір қарызыңды қалайда қайтарудың ретін тап, тіпті болмаған жағдайда сол ақшаның көлемінде сыйлық жаса).
6. Ақшадан қысылып жүргенін (тұрғанын) байқасаң, шамаңа қарай қолдап жібер (ақшалай не заттай... бірге киноға барсаң билетті ала сал, кафе-мейрамханаға барсаң - төлей сал т.б.) Егер ол сенің қалтаңнан шыққан шығынды жігіттік намысына салып кері қайтарса - онда жақсы жігіт. (Кері алу-алмау өз еркің). Егер сенің ақшаңды қайтарудың орнына, керісінше, ондай жағдай қайталана берсе, жігіт намыстанбай сенің есебіңнен қыдыруға, ішіп-жеуге, соткасына бірлік толтыруға т.б. кетәрі болмаса - ондай альфонстан бірден құтыл.
7. Бүгін кафе-мейрамханаға шақырып, кешкі астың қарымына төсектес болғысы келсе, оны қалай "отправиттасаң" да жарасады.
8. "Досым... достарым..." деп, сені достарынан кейінгі 2,3,...10-шы орынға ысырып қойса - ол жігітпен отбасылық бақыт болмайды.
9. Ата-ана деген сыйлы да, құрметті адам. Бауыр да... Дегенмен, әрқайсысының өз орны, өз жөні, өз жолы, өз өмірі бар. Сүйген қызының қай елден шыққанын, қай жерден шыққанын, ата-анасының әлеуметтік статусын т.б. мәселелерді алға тартып, өздерін артық, сені кем санап, орталарыңа киліге беретін туыстары болса және жігіт сол туыстарының сөзіне еріп, нақты шешім қабылдай алмай мияулап жүре берсе, "давай, досвидания" деуге болады...
10. Сенің әлеуметтік, қоғамдық, діни т.б. қалыптасқан көзқарастарың болса, ол саған өз көзқарасын күштеп таңбауы тиіс. Мысалы: "Мен намаз оқыдым, сен де оқы... хиджаб ки... менімен бірге Сирияға бар... менімен бірге өл..." дейтін адаммен бірге болуға дайын болсаң - өзіңнің емес, өзгенің өмірін сүруге дайын бол. Бірақ алла тағала екеуіңе екі өмір берді... Ол - сен емес, Сен - Ол емессің... Сен де өз көзқарасыңды таңбай, "мендей бол, мен сияқты ойла" демей, оның жеке көзқарасын, наным-сенімін сыйлауың керек. Ол сендей болмайды. Сен - ол болмайсың.
11. Сөзі көп жігіттерден қаш. Еркек адамның сөзі аз, ісі көп болар.
12. Егер бірінші кезекке өзін емес, сені қойса, "мен, мен.., менің..." дей бермей, сен туралы - сенің жайыңды (өз жағдайыңды, таныса - туған-туысыңның жағдайын) жиі сұраса, қас-қабағыңды бақса, көңіліңді ауласа - қысқасы, сені өзінен артық жақсы көрсе, ол жігіттен айырылма. Ақшасы болмай-ақ қойсын, атағы болмай-ақ қойсын, сен - Батыста, ол - Шығыста тұрсын, мейлі... Ең бастысы, саған деген адал жүрегі, бір отбасын асырай алатын күш-қуаты, балаларын жаутаңдатпайтын мейірімі, не нәрсені де байыппен шешетін ақылы, сабыры болса, әңгімелерің жарасса, одан артық адам таппайсың. Ондай адамға сен он есе ӨЗІНДЕЙ бол! Яғни, төбесіне шығып, "ырбаңдамай", дұрыс Әйел, дұрыс Ана бол...
* Өз сөзім... Керегіңді аларсың, керек емесін өзіме қалдырарсың...)
Сәуле Әбілдаханқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?