Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін», – деп биылғы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.
Әрбір адам осы өмірде ізгі іс жасап, сауап алып, ұрпағына, отбасына, әулетіне, тіпті еліне өнегелі із қалдырып кетуге тырысады. Дінімізде үзілмейтін сауаптың бірі – мешіт салу.
Жастық шақтағы ең терең әрі салиқалы ойлардың төресі – «жарымды қалай таңдаймын?», «жар таңдағанда неге мән беру керек?» деген сауалдар төңірегінде. Әйтеуір, біріміз Төлегеннің Жібегіндей, Абайдың Әйкеріміндей аруды аңсап жүрміз, ал екінші тарап қиялына Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пен оның сахабалары секілді иманды, парасатты жігіттердің образын сақтап қойған.
«Жігіт сүйсе алады, қыз сүйсе қалады» деген сөздің мағынасы тереңде жатыр. Расымен де, қазақ халқында арулар құлай ғашық болса да, өз сезімін ешқашан да ашық айтып білдірген емес. Олай жасау – біздің мәдениетімізге жат қылық. Сезімді алғашқы болып білдіруде жігіттердің жолы болғыш ақ. Алайда, сол сезімді білдірудің өзі кейде жігіттерімізге де оңайға соқпайды.
Қадір түнінің мың айдан артық екендігі Қадір сүресінде ашық баян етілген. Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын мәнісінде (көп нәрседен) мақұрым қалғаны[1]. Бұл түннің “Қадір түні” деп аталуының екі мәні бар: Біріншісі – адамдардың келесі жылғы өмірі мен өлімі, ризық-несібесі, тағдыры белгіленетін түн. Екіншісі – Қадірлі, қасиетті, ұлық түн. Мың айдан артық бұл түн – өзге түндерден қадірі.....
2014 жылы ғаламдық дау туды. Даудың басы дайрабайдың сиыры емес, хакерлер болды. Голливудтық жұлдыздардың жеке ақпарат қорына енген хакерлер олардың түрлі суреттерін жүктеп, мазақ қылды, қала берді ақпараттар ішінде құнды дүниелер де болған. Айта кету керек, бүгінде «облако» аталатын бағдарламада........