Наполеон тортын дайындау
Торт Наполеон
Қамыр құрамы:
Ұн - 750 грамм
Сары май немесе маргарин - 600 грамм
Жұмыртқа – 2 бас
Тұз - 1 шай қасық
Сірке қышқылы (уксус) 5 - 7% - 1, 5 ас қасық
Су - шамамен 220 миллилитр
Екі жұмыртқаны жарып үстіне тұз, сірке қышқылы және суды құйып жақсылап араластырып тоңазытқышқа салып қоямыз. Ұнды електен өткіземіз оның үстіне сары майды үккіштен өткіземіз де ұнмен майды араластырамыз, мыжымаймыз. Үстіне тоңазытқышта тұрған суды әкеліп құямыз да ұнды біріккенше жаймен араластырамыз. Мұқият илеу қажет емес. Ұн шашылмайтындай болып тұрса жеткілікті, содан соң, целлофанға орап тоңазытқышқа кем дегенде 4 - 5 сағатқа салып қою керек.
Тоңазытқыштан қамырды шығарып қалауыңызша бөлікке бөліп жұқалығын 3 - 4 мм болатын етіп жаямыз, жайылған қамырды шанышқымен тесіп - тесіп қойған дұрыс, 200 градус ысытылған пеште 20 минуттай пісіреміз. Бетіне себуге арналған пәтірді 25 минуттай пісірген дұрыс, қаттырақ қызарып піскені дұрыс.
Наполеон тортының крем құрамы:
Сүт - 1 литр
Шекер - 300 грамм
Жұмыртқа - 4 бас
Ұн - 120 грамм
Сары май - 320 грамм
Ванильді қант - 10 - 15 грамм
Шекер ұнтағы бетіне себуге - 3 ас қасық
Кастрөлге сүтті құямыз үстіне шекерді саламыз да отқа қоямыз, шекер ерігенше араластырып тұрамыз. Отты жай басып қоямыз. Бөлек ыдысқа жұмыртқаны жарып саламыз да үстіне ұнды салып араластырамыз, отта тұрған сүтті ожаумен жайлап жұмыртқа үстіне құямыз, араластырып тұру қажет (жұмыртқа пісіп қалмас үшін). Түгел араластырып болған соң отқа қойып, крем дайын болғанша яғни қоюланғанша пісіреміз. Оттан түсіріп салқын жерге шығарып қоямыз.
Кремге қосатын сары майды тоңазытқыштан шығарып қойған дұрыс, жұмсарып тұруы керек. Сары майды миксермен жақсылап араластырамыз да үстіне аздап алдында дайындаған кремді салып тұрып араластырамыз, арасында ванильді қантты да қосып жібереміз, мұқият араластырылған соң крем дайын болады.
Дайын болған кремді пәтірдің арасына, сыртына түгел жағамыз. Қалған пәтірді мыжып майда үлпіршек қылып шекер ұнтағымен араластырып торттың бетіне, сыртына түгел сеуіп шығамыз.
Дайындаған: Асыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?