Макаронды дәмді етіп пісіру
Макаронды дәмді етіп пісіру
Сәбіз – 1 бас
Пияз – 1 бас
Болгар бұрышы – 1 - 2 бас (қызыл, көк)
Қызанақ – 1 бас
Сұйық май – қалауыңызша
Тұз – қалауыңызша
Макарон – 200 - 250 гр
Етсіз тамақтың дәмі болмайды деп отырамыз, алайда ет болмай қалған сәтте де макаронды дәмді етіп пісіруге болады.
Көкөністердің бәрін тазалап алыңыз да ұзынша етіп тураңыз. Сәбізді үккіштен (терка для корейской моркови) өткізсе әдемі болады. Табаға қалауыңызша сұйық майды құйып көкөністердің барлығы салып 2 - 3 минуттай қуырыңыз. Макаронды салып 1 минуттай жақсылап араластырыңыз. Суды құйып қайнаған соң тұз салып отты жай қойып 15 - 20 минуттай пісіріңіз.
Ескерту: Егер макаронның сорты ұзақ пісетін түрінен болса, макаронның өзін тұз қосылған суда қайнатып пісіріп алып, судан сүзіп алып қою қажет. Суы құрғаған соң қуырылған көкөністердің үстіне салып 5 - 10 минуттай жай отта бұқтырып алуға болады. (Макаронды аса көп салуға болмайды, өлшемі көкөністердің өлшемімен бірдей болғаны жөн).
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жадыра
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?