Өміріңізді өзгертетін 20 дағды
Мен өзім осылардың бәрін істеймін. Бірақ кейбіреуінің әлі дағдыға айналмағаны қынжылтады. Яғни мен оларды ылғи емес, анда-санда жасап тұрады екенмін. Бірақ дағдыға айналдыру үшін барымды саламын. Сонымен осы дағдыларды тізіп шығайын:
1. Таңертеңгілік жаттығу жасаңыз.
2. Шет тілін оқи бастаңыз. Нәтиже болу үшін күнде оқыңыз, ең болмаса күнде жарты сағат бөліңіз.
3. Компьютер ойындарынан бас тартыңыз.
4. Дұрыс тамақтана бастаңыз. Фастсуд пен пайдасыз тағамдарды жемеңіз, мысалы, дөнер, көшеде сататын самса, газды сусындарды ішпеңіз (кокакола, спрайт т.с.с.)
5. Күнде бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұруға даңдыланыңыз.
6. Тамақты ылғи бір уақытта ішіңіз. Ең болмаса таңғы ас пен түскі асты.
7. Ұйқыға 8 сағат бөліңіз. Бұл өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі.
8. Ақшаңызды үнемдеңіз. Әсіресе саяхатқа деп ақша жинай бастаңыз. Басқа елдерге саяхат жасау көзқарасыңызды өзгертіп, ой-өрісіңізді кеңейтеді.
9. Тек жақсылық туралы ойлаңыз. Жақсы ойларыңыз жүзеге асады, көп күліп жүріңіз.
10. Күнделік жүргізіңіз, оған жетістіктеріңізді (тіпті кішкентай болса да) жазып жүріңіз.
11. Өмірді жақсартуға көмектесетін «дұрыс» кітаптарды оқыңыз. Уақытыңызды нашар детектив, мелодрама т.с.с. нәрселер оқуға құртпаңыз.
12. Интернетке (соның ішінде әлеуметтік желілерге) 1 сағаттан артық уақытыңызды бөлмеңіз.
13. Таза су ішіңіз. Ұйқыдан тұрғанда, тамақтың алдында су ішуді ұмытпаңыз. Күніне кем дегенде 2 л cу ішу керек. Бұл ағзаңыздың жақсы жұмыс істеуіне көмегін тигізеді.
14. Мақсаттарыңызға сай келетін суреттер тауып көрінетін жерге іліп қойыңыз. Күнде көзбен көріп жүрсеңіз мақсатыңызды ұмытпайсыз.
15. Істеймін деген, бірақ жүзеге асыра алмай жүрген жұмыстарыңыздың тізімін жасаңыз. Бір-бірлеп істеп тастаңыз, жеңілдеп қаласыз.
16. Жаман, дөрекі және тұрпайы сөздерді қолданбауға тырысыңыз. Қалай сөйлейтініңізге мән беріп жүріңіз.
17. Күн сайын бір кішкене болса да жақсы іс жасаңыз, қайтарымын күтпеңіз. Бұл жақсы іс, мысалы, уикипедияға мақала жазу, жазылған мақаланы толықтыру да болуы мүмкін. Немесе көшеде жатқан қоқысты жинай салу, жолдан баланы немесе қарт кісіні өткізу т.с.с.
18. Мүмкіндігінше күнде жеміс-жидектер, көкөністер жеуге тырысыңыз. Жаман әдеттерден арылыңыз (шектен тыс көп тамақ жеу, темекі шегу, арақ-шарап ішу т.с.с.)
19. Түзу жүріңіз, сымбатыңызға мән беріңіз.
20. Адамдарға жағымды, мақтау сөздерді көп айтыңыз, мысалы, бүгін өте әдемісіз; сізге бұл киім жақсы жарасып тұр; мұны істегенің қандай жақсы болған т.с.с.

Осы тізімді сақтап қойыңыздар, керегінше толықтырып отырсаңыздар да болады. Уақыт өткен сайын осы тізімге қайта оралып, өзіңізді тексеріп тұрыңыз. Бұл дағдылар өміріңізді өзгертетіні сөзсіз.
Құрметпен, Бақытгүл Орынбасарқызы, дереккөзі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?