Жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмаудың дәрісіз әдістері қандай?

Жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмаудың дәрісіз әдістері қандай?

Көптеген әйелдер жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмау үшін түрлі амал-тәсілдер мен зиянды дәрі-дәрмектерді қолданып жатады. Алайда, олардың көпшілігі денсаулық үшін қауіпті. Мұндай зиянды салдарды болдыртпау үшін БҰҰ-ның арнайы мекемесі әйелдер қауымына оңтайлы тәсілдерді ұсынды деп хабарлайды cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жыныстық қатынас кезінде жүктілікті болдыртпайтын денсаулыққа зияны жоқ тәсілдерін ажырата білу маңызды. Соған орай, олардың қайссы оңтайлы екенін келтірілген топтама арқылы білуге болады.

1. Алма сірке суы

Молдавиялық әйелдер арасында кең қолданыс тапқан. Жыныс мүшесіне жағылған алма сірке суы ұрықтарды жойып, жүктілікті болдырмайды. Оған қоса бұл тәсіл табиғи әрі арзан.

2. Сабын су

Бирмада әйелдер қауымы жыныстық қатынастан кейін жыныс мүшелерін сабын сумен жуады. Бұл әрекет арқылы олар ер адам ұрықтарыншайып тастауға тырысады. Алайда, сабын суды қолдану оңтайлы әдіс емес. Өйткені мұндай сумен жуу арқылы жыныс мүшелеріндегі ісіктің пайда болуына әкеп соқтырмақ.

3. Антисептиктер

Бұл әдісті Шри-Ланкадағы әйелдер қолданады. Антисептиктер зиянды бактериялар, ұрықтар мен қауіпті инфекцияларды жойып жіберуге қауқарлы. Бірақ, бұл әдіс әйел терісінің қызаруына әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

4. Аспирин қосылған кола

Анголада аса кең қолданыс тапқан тәсіл. Бұл елдің әйелдері жүктілікті болдыртпау үшін жыныстық қатынас алдында екі аспиринді коламен қосып ішіп алады. Алайда, мамандар бұл амал бала көтермеуден бұрын жүрек талмасын тудыруы мүмкін екенін айтуда.

5. Лимон

Кейбір елдерде алма сірке суы іспетті әйелдің жыныс мүшесіне лимон салынады.

6. Куркума

70-80 жылдары көптеп қолданған әдіс қазіргі таңда аса танымалдылыққа ие емес. Әйлдер жыныстық қатынастың ертесіне куркуманы суға қосып ішкен. Солайша баоа көтеруден сақтанған.

7. Манго тұқымы

Бұл Йеменде көптеп қолданылыған тәсіл. Манго тұқымын езіп оны сумен ішіп алған жағдайда бала көтеру қауіпі азайған. Алайда, оны қолданғаннан кейін бір апта бойы бал, сүт және дәрі-дәрмек ішпеу керек.

8. Шөптер

Жүкті болмаудың бұл әдісі Вьетнамда аса танымал: арнайы шөптер жиынтығын қайнатып алып ішу керек. Ол өз кезегінде эмбрионның құрылуына кедергі келтіреді. Алайда, бұл тәсіл арқылы бүйрек пен бауырды зақымдап алу қаупі бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?