file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Құрма туралы сіз білмеген пайдалы ақпарат!


Құрманың денсаулыққа пайдасы зор. Ас қорыту, жүрек-тамыр жүйесін және ми жұмысын жақсартады. Бұл жайында медицина ғылымдарының докторы және диетолог Синтия Сасс «Health» порталына берген сұхбатында айта кетеді.


Маманның пікірі бойынша, құрманың құрамында көптеген дәрумен (калций, темір, магний, калий, мырыш, марганец) және табиғи антиоксиданттар бар. Олар қабынуға қарсы қасиетке ие және жұқпалы аурулармен күресуге көмектеседі.


Күніне 3 құрма жеген пайдалы. Асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмыс істеуіне зор себеп болады, — дейді Синтия Сасс.

 Құрма туралы пайдалы видеолар

00:00
00:00
  • Вот что нужно сделать чтобы усвоить из фиников все полезные вещества
  • ЕШЬТЕ ПО 2 ФИНИКА В ДЕНЬ И СМОТРИТЕ ЧТО БУДЕТ С ТЕЛОМ
  • ФИНИКИ ПОЛЬЗА и / или ВРЕД?


Көптеген халықтарда құрма қасиетті тағам саналады. Жоғарыда маман айта кеткендей, бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне үш құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады. Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді.


Құрма — адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін жақсартады. Жүрек ауруы түрлерінің алдын алады, холестеринді, қандағы қантты реттейді. Сонымен қатар Альцгеймер ауруы бар адамдар үшін пайдалы.


Құрма көздің көру қабілетін жақсартады (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі құрамында А дәруменінің мөлшері көп. Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе, құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны үш құрма жесеңіз, бір күнге жетерлік энергия аласыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу