Бала тәрбиесіндегі негізгі факторлар
Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс – адам өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары.
Әлемдегі барлық мемлекеттер өз балаларының, жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын қадірлей білетін адам ретінде тәрбиеленуін қалайды. Сондықтан осы жолда барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұны жүзеге асыра алған елдердің басқа да қиыншылықтары жеңіл және жылдам шешіледі. Өйткені барлық нәрсенің басы – адам. Адамның жақсы өсіп жетілуі үшін ешбір шығыннан және қиыншылықтан қашпағандар жетістіктің және мәдениеттің шыңына көтерілді.
Мемлекетіміз жоғарыда аталып өткен адамның өсіп жетілуі үшін ең маңызды рөлді атқаратын факторларды әсте әсте қолға алуда. Әйтсе де әрбір ата-ананың да өз кезегінде бала тәрбиесіне ат салысуы, қарап жатпауы маңызды мәселе.
Баста үлкен қалалардан бастап айналамыз тыныш емес. Яғни сыртқы әлем қауіптерге толы. Бейнелі, баспалы ақпарат құралдарының басым бөлігі зорлық-зомбылық және жыныстық тақырыптарға көбірек бағытталған... Адами қасиет, әдептілік, ұяттылық сезімдерді жоятын, әр түрлі жамандықтарды тартымды етіп жариялап жатқаны үшін көруі, оқылуы қауіпті болған көптеген ақпарат құралдары бар.
Бүкіл ата-аналардың ортақ дерті балаларын жақсылап жетілдіру. Бұл тақырыпта бір өздерінің талыпыныстары жеткілікті емес. Балаларды жаман достардың және жаман бейнелі, жазбалы ақпарат құралдарының зияндарынан да қорғау керек. Оларға дінін, отанын, байрағын жақсы көргізетін, ата-анаға, адамдарға құрметті, елінің мәдениетін, құндылықтарын, жетістікке жетудің жолдарын үйрететін, патриоттық сезімін ұялататын пайдалы, жақсы ақпараттармен қамтамасыз ету керек.
Баланы жалғыз жетілдіру де мүмкін емес. Жақсы ортада, жақсы адамдармен көрші болу керек.
Барлық нәрсе терісімен, қарама-қайшылығымен қайтарылады. Жаман мінездерді жақсы мінездер жояды. Сол себепті өзімізді қинап болса да жақсы амалдар істеуге дағдыландыруымыз керек, бұларды әдетке айналдыруымыз керек. Бала әрекеттері және мінезі жақсы адамдармен дос болса, жақсы мінездер өздігінен оның табиғатына айналады.
Зеректік: Бала өзінің алғаш көрген нәрсесін білеуге, шұқылап көруге және сұрап үйренуге әуес болады. Сондықтан балаларға үнемі жақсы және әдемі нәрселерді көрсету керек және сұрақтарына дұрыстап жауап беру керек. Осылайша баланың зеректігі, сана-сезімі, түсіну қабілеті жетіледі. (3-6 жас аралығындағы балаларда осы нәрсеге қатты мән беру керек. Бұл кезең – баланың тілі, миы және зеректігінің қалыптасуы үшін ең маңызды кезең болып табылады.)
Рух: Өте сезімтал және өкпелегіш балаларға ащы да болса шындықты айтуды және оған төзе білуді үйрету керек. Ал тас жүрек балаларға көңілін жібітетіндей өнегелі, ғибратты мысалдар айтып, сезімтал болуына тырысу керек.
Қалау: Мықты қалауға, ерік күшіне ие болуына тырысу керек. Қалауы әлсіз балаларды біраз еркін жіберіп, өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Қалауы күшті балалардың тәрбиесі де қаталдау болуы керек. Алайда балаға мейірімділікпен және түсіністікпен қарау шарт.
Жазалау және ынталандыру: «Мынаны жасайтын болсаң, мұны бермейміз, көшеге шығармаймыз» деген секілді кейбір жазаларды беру дұрыс болса да, қандай жағдай болмасын баланы ұруға болмайды. Жаза көңілін қалдыратындай болмауы тиіс. Ешкімнің, өзге адамдардың көз алдында да жасалмауы тиіс. Игі істеріне өз орнымен, жасына сай ойыншық немесе велосипед алып беру секілді сыйлықтар әперіп марапаттап тұру керек. «Бұл велосипедті әкем маған ...үшін алып берді» деп айтатындай болуы тиіс.
Ойындар: Жасына сай келетін түрлі спорттар баланың денсаулығына және сана-сезімінің дамуына ықпал етеді.
Қарағайға қарап тал өсер, Құрбысына қарап бала өсер.
Айнала: «Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтамын», «Жаманмен дос болсаң көңілің азар», «Қазанға жақындасаң күйесі жұғады» деген даналық сөздер де жаманмен дос болған адам, соның жамандығынан үлес алатынын көрсетуде. Сондықтан жақсы ортаға және жақсы достарға қол жеткізуге тырысуы керек.
Қаталдық па, еркіндік пе?
Жас жемісті жұлма, жас баланы ұрма.
Бала тәрбиесінде шамадан тыс қаталдық та, еркіндік те зиян. Тым қаталдық көрсету баланың пассив, ынжық болуына себеп болады. Жасаған әрбір қылықтарын ұнату да үлкен қате. Бұл, баланы пәлекетке итермелеуден басқа нәрсе емес. Мамандар бала тәрбиесінде баланы ұрудың сирек және қысқа мерзімді жаза түрі екендігін, ал тұрақты және ұзаққа созылатын жағдайда одан теріс нәтиже алынатындығын білдіруде. Баланы ұрып тәрбиелеудің балаға физикалық әсері бар. Психологиялық тұрғыдан алғанда үнемі таяқ жеп өскен балалардың агрессивті сезімдері дамиды. Оның ашушаң, қызу қанды және ынжық адам болуына жол ашады.
Балаларға қалағанын істету, бос жіберу дұрыс емес. Жас кезінде тәртіпті, жүйелі өмір сүрулерін қамтамасыз ету керек. Бала белгілі бір уақыттарда, белгілі нәрселермен айналысуы керек. Осылайша бала тәртіпке, жүйелі өмір сүруге бейімделеді және кейін жүйелі түрде өмір сүреді. Тек ойын ойнап жатқан кезде оны өз халіне жіберу керек. Бірақ бұл да өз білгенін істетіп қою деген сөз емес.
Ойнап жатқан кездерінде немен айналысып жатқанын байқау керек. Бала өзіне және айналасына зиян келтірмей, өз білгенінше ойнап жатқан болса мәселе жоқ. Бірақ осындай бос уақыттарында өзіне және айналасындағыларға зияны тиіп жатқан болса, бұл істің алдын алу керек. Бос уақыттарында шаттануына, ойнауына мүмкіншілік беру керек. Бірақ істеген зиянды нәрселерін балаға, түсіне алатындай түрде білдіріп, оларға бөгет болу керек.
Өз айтқанынан қайтпайтын балалар
Қарапайым мәмілемен және ұстамдылық, табандылық танытып, баланың қырсықтығын кетіруге болады. Бала бір нәрсеге қырсығып қалған кезде, оған сол нәрсеге қол жеткізе алу сезімін бермеу керек. Бала «Егер жыласам, айғайласам, шу шығарсам, шешемді ұялтсам... қалаған нәрсемді береді» деген сезімдерге түсіп қалмауы керек. Жас кезінен әр қалаған нәрсесін істететін бала, келешекте бұл қырсықтығын оңайлықпен тоқтатпайды. Оны сәби кезінен бастап тәрбиелеу керек, жылап, қырсықтық етуіне мән бермеу керек.
Егер әр қалаған нәрсесі орындала беретін болса, бала да, үлкендер де ешқашан тыныш болмайды. «Соған қалаған нәрсесін беріп құтылайыншы» дегенмен, бұл қалауларының соңы бітпейтінін түсіну керек.
Балалардың еркелігі
Балаларда кездесетін менмендік, еркелік, ашушаңдық және білгіштік сияқты жаман әдеттер баланың дұрыс тәрбиеленбеуінен, қалаған нәрселерінің орындалуынан және отбасының балаға дұрыс көңіл бөлмеуінен туындайды. Мұндай балалар өздерін барлығынан да жоғары санайды, барлық нәрсені өте жақсы білетінін ойлайды. Мұндай балалар мектепте және достары арасында мінезі шатақ және сүйкімсіз болады. Өте білгіштік танытып менменсінуі достарының арасында жалғыз қалып кетуіне себеп болады.
Баланы осындай жаман мінездерден арылдыру үшін, ең бірінші жақсы дос табу керек. Одан басқа әкесінің байлығымен, атақ-даңқымен, ерекше қасиеттерімен мақтанудың қажет еместігін, негізгі жақсы көрілетін және ұнамды болған нәрсенің жақсы мінез және жақсы тәрбие екендігін айтып түсіндіру керек.
Жасқаншақ балалар
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. Ахмет Байтұрсынұлы.
Жасқаншақ болып өскен бала өмір бақи мұның қасіретін шегіп өтеді. Ондай балалар ойын толық жеткізе алмайды. Қате сөйлейтінінен немесе айыпталатынынан жасқанып, тұйық болады.
Жасқаншақ, ынжық болудың ең басты себебі – ата-ананың балаға үнемі қатал мәміледе болып, әр нәрсеге киліге беруі. Баланы бақылауға алу керек, бірақ еркін жіберу керек.
Тартыншақтықпен қоса еркелік және тәкаппарлық та жаман мінез-құлықтарға жатады. Балаға қай жерде қалай сөйлеу және қалай әрекет ету керектігін білетіндей етіп тәрбиелеу керек.
Үйлесімді ата-ана
Өз-өзіне деген сенімсіздік, ынжықтық көбінесе жеткіншек шақта немесе кіші жаста отбасы ішіндегі тұрақты үйлесімсіздік, ұрыс-керістердің нәтижесінде орын алады. Ата-ана қаншалықты тату, үйлесімді, сенімді, байсалды болса, балаларын да сол күйде тәрбиелейді. Қызу қанды болу, баланы үнемі жазаландыра беру және отбасы ішінде балаға екі бөлек тәлім, екі тараптық ықпал ету үрдісі, жұптардың арасындағы кикілжіңдер балаға едәуір мөлшерде кері әсерін тигізеді.
Ата-ананың ойлары бір-біріне үйлеспей, тиянақсыз шығатын болса, бала да тиянақсыз ойлайтын болады. Ата-ананың ұстанымдары баланың мінез-құлығының қалыптасуында өте маңызды роль ойнайды. Жеткіншек шақтағы ұл балалар әкесінен, қыз балалар анасынан үлгі алады.
Балада қызығушылық
Балалар барлық нәрсені білуге құштар болуы керек. Бала дүниемен байланысын осы құштарлығымен орнатады. Осылайша ой-өрісі жетіліп, дамиды. Оның қызығушылығы сұрақ қоюына, сонымен қатар әртүрлі нәрселерді үйренуіне себеп болады. Ал бұл есте сақтау қабілетінің дамуына, көп нәрседен хабардар болуына көмектеседі.
Егер балада қызығушылық жоқ болса, онымен шұғылданыңдар, көңіл бөліңдер. Баланың қызығушылығын оятатын нәрселер табыңдар. Әйтпесе бала тұйық болып қалады. Ал бұл, баланың рухани саулығы үшін жақсы емес. Бала жас кезінен бастап айналасындағы құбылыстармен әуес болуы, оларды тануы керек, жақсы көруі керек. Бүкіл осылардың барлығы оның қызығушылығының арқасында болатын нәрселер.
Шектен тыс қорғаштау
Балалардың қателік жасауларына рұқсат ету керек. Өйткені қателескен сайын тәжірибелері артады. Тәжірибе адамды жетістікке жетелейтін жол. Бала бір нәрселер істеген сайын өзінің қолынан келетін нәрселерін табады. Ал егер ата-анасы: «Байқа ұлым, сен бұны істей алмайсың! өзім істеймін», «Байқа қызым, сен бұны істей алмайсың!» деп өмірде үйренуіне мүмкіндік бермесе, мұндай балалар өмірлерінің кейінгі кезеңдерінде де басқаларға мұқтаж болуға бейімделе бастайды. Тым артық қорғаштап қараған отбасыда өскен бала өзін және өзінің қабілетін біле алмайды, өзіне сенімін жоғалтады, ешнәрсеге батылы жетпейді, қате жіберіп алам деген уайым қашанда оны мазалайды. Айналасынан бір көмекші табылып қалар мекен деген оймен алаңдай беретін болады. Шындықтармен жүздесуден қорқатын болады. Әр қадамында қобалжып, өз басымен шешім қабылдай алмайтын болады. Мұндай жағдайда өскен бала, әсіресе ұл бала өмір бойы мұның залалдарын тартуға мәжбүр болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?