«Арнау» балалар депозиті жайлы не білеміз?
«Отбасы банкі» кем дегенде 10 жылға «Арнау» балалар депозитін ашып, бала кәмелеттік жасқа толғанда ең төмен пайызбен заем алып, үйлі болуға мүмкіндік береді. Осыған орай, депозиттің негізгі шарттары мен артықшылықтарын Dauletten.kz айтады.
«Арнау» депозитінің негізгі шарттары:
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі: 2%
Ең төменгі Жинақ мерзімі: 10 жылдан бастап, максималды-шектелмеген
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: 6%-ға дейін (мемлекет сыйлықақысын қоса алғанда)
Жинақ мерзімі біткен соң заем бойынша жылдық мөлшерлеме: 2% (ЖТСМ 2,1%)
Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысы: 20% (бір жыл ішінде жиналған 200 АЕК-ке дейінгі жинақ сомасына)
Депозит ашу үшін комиссия: 0%
Депозит иегерлеріне арналған несиелендіру мерзімі: 6 айдан 10 жылға дейін
«Арнау» депозитінде шарт сомасының 50%-ын кем дегенде 10 жыл бойы жинап, 48 ұпайға тең Бағалау көрсеткішіне (БК) қол жеткізу керек. Осы талаптар орындалған соң депозит иегері тұрғын үй сатып алу үшін 2% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй заемын рәсімдей алады.
Заем тек кәмелеттік жасқа толған депозит иегерінің атына беріледі, яғни үй алар сәтте баланың жасы 18-ден жоғары болуы керек.
Депозиттің бір ерекшелігі, төлем қабілеттілігін растау процедурасы жеңілдетілген. Әдетте еңбек жолын енді бастаған жастардың жалақысы төмен болады. Алайда «Арнау» депозитінің иесі табысы аз болған жағдайдың өзінде заем ала алады.
Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі кез келген балаға ашуға болады. Мысалы, баланың жасы 15-те болса және оның атына депозит ашылса, 10 жылдан кейін, яғни 25-ке келгенде 2%-бен тұрғын үй заемын рәсімдей алады.
«Арнау» депозитін сәбидің атына тек баланың заңды өкілдері (ата-анасы, қамқоршысы) ғана аша алады. Ал оған қаражатты баланың ата-анасы мен қамқоршысынан бөлек, оның әжесі, атасы, ағалары мен әпкелері, тіпті, ұйымдар да толықтыра алады.
«Арнау» депозиті бойынша салымды бөлуге рұқсат етілетін жағдайлар:
- мұрагерлік тәртібінде меншік құқығы пайда болғанда;
- заңды күшіне енген сот шешімі бойынша;
Бұл жағдайларда «Арнау» депозитінің жеңілдетілген шарттары қабылдап алған тұлғаға қатысты қолданылмайды
Ескерте кетейік, депозитті бөлуге, басқа тұлғаның атына рәсімдеуге және біріктіруге (мысалы, «Отбасылық пакет» бойынша) болмайды. Одан бөлек, депозитті басқа тариф бағдарламаларынан өтуге болмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?