Оңай олжа: алаяқтар кәсіпкерлердің аңғалдығын қалай пайдаланады
Дара кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар жиі түрлі «кредиттік делдалдардың» көмегіне жүгініп жатады және де алаяқтарға орташа есеппен қарыз сомасының 10% -ын төлеуге қарсы емес. Бұл IDF Eurasia компаниясының Қазақстанның барлық аймақтарынан 12 мың респонденттердің арасында жүргізген соңғы зерттеулерінің нәтижесі болды.
Заңды тұлғалар мен ДК зиянкестер үшін ерекше қызығушылық туғызады, және, көп жағдайда, оның «құрбандары» қаржы алаяқтарының қолына ақшаны, сондай-ақ маңызды конфиденциалды ақпаратты өздері салып береді. Fingramota.kz-пен бірлесіп, бизнесмендер іс жүзінде кімдерге тап болатындары және өзін, сондай-ақ өз қаржысын қалайша қорғай алатындарын қарастырайық.
«Қара кредиторлар» көрсететін қызметтер – бұл қазақстандық кәсіпкерлер жиі тап болып жататын алаяқтықтың кеңінен таралған тәсілдерінің бірі. Интернет мен мұндалап тұрған «жеңілдікті онлайн-кредиттер», «төмен пайыздық мөлшерлемемен микроқарыздар», «артық төлемсіз адал кредиттер» ресімдеу бойынша қызметтер көрсетуге көмектесетін-мыс күмәнді делдалдардың хабарландыруларына толы, бұл ретте қарыз алушының дербес кредиттік есебіндегі мәліметтер олар үшін ешқандай рөл атқармайды. Мұндай делдалдар теріс кредиттік тарихты азын-аулақ ақы үшін «тазартуды» ұсынуы мүмкін.
Кредиттік бюроға ешқандай жеке компаниялар қолжеткізе алмайды, сәйкесінше, олар мерзімін өткізіп алулар және басқа да ақпараттарды жоя отырып кредиттік тарихты тазарта алмайды
Қарызды «өте кремет» шарттармен ресімдеуге келетін болсақ, мынаны есте сақтау керек: Қазақстанда әлеуетті қарыз алушы мен кредитор арасында «жеңілдікті мөлшерлеме бойынша кредиттерге» көмектесе алатын ешқандай да делдалдар жоқ. Сонымен, сізге осындай кредит «алуға» кепілдік беретін адам алаяқ екендігі айдан анық! Қаскүнемдер тек кредиттермен ғана емес, сонымен қатар әкімшілік мәселелерді шеше отырып, әртүрлі тендерлерде «көмек» ұсынуы мүмкін екендігін айта кетейік. Алаяқтыққа байланысты тәуекелдерді азайту үшін ресми түрде жұмыс істеп, бизнесте тек ашық схемаларды қолданған дұрыс!
Телефон алаяқтары
Телефон алаяқтарының схемалары жылдар бойы дамып, жетілдіріліп келеді, алаяқтар өзінің әлеуетті құрбандарының санын арттыру үшін заманауи технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістерін белсенді түрде қолданып отырады.
Қаскөйлер өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сатып алушылар, сатушылар ретінде де таныстыруы мүмкін, олардың басты міндеті абонентті сөзге тарту, вирустық қосымшаны жүктеу не картаның толық деректемелерін, оның ішінде артқы жағындағы үш таңбалы кодты, сондай-ақ SMS арқылы растау кодын айтып беруге мәжбүрлеу болып табылады.
Банк менеджерлері ешқашан сіздің төлем деректеріңізді алу үшін бірінші болып қоңырау шалмайды. Олар ақшаңызды дереу «қауіпсіз» шотқа аудару қажет деп қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытпайды. Егер Банк операцияны күмәнді деп санаса, ол барлық шоттарды бірден бұғаттайды, содан кейін барып орын алған жағдайдың мән-жәйін анықтайды.
Сондай-ақ, қаскөйлер өздерін салық қызметі, прокуратура, ІІМ, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін, алайда жеке деректеріңізді алғысы келетін бейтаныс адамдарға сенбеңіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?