Құмалақ ашудың құпиялары
“Отырып үкамалар құрға салды,
Құрғаның құралдарын қолға алды.
Қарасып, сiз баяндап берiңiз деп,
Кошауаттың үйдi алдына өңшең палды”
Фирдоусидің "Шахнамасынан"
Құрғаның құралдарын қолға алды.
Қарасып, сiз баяндап берiңiз деп,
Кошауаттың үйдi алдына өңшең палды”
Фирдоусидің "Шахнамасынан"
22 наурыз қарсаңында халықтың дүниетанымы, түсінігінің түп- тамырына, сенім-нанымына тағы бір үңіліп шығуды жөн көрдік.
Құмалақ - қазіргі кездің жұлдыз жорамалы. Бүгінде бірқатар ел жұлдыз жорамалды асыға күтсе, бағзы замандарда жұрт басына іс түскенде, құмалақшыларға имандай сенген.
Құмалақ тартуға қойдың қырық бір құмалағы пайдаланылған. Сондай-ақ, ұсақ тастар, құрма дәні, өрік сүйегі, өсімдік дәндері арқылы құмалақ ашады. Қойдан басқа түліктің құмалағы "сөйлемейді".
Құмалақтың бірнеше түрі бар деседі: ырым құмалақ, шашпа құмалақ, біртартар құмалақ т.б. Ақпан айының ортасында құмалақшы таңертең қар үстіне құмалақ шашып, алдағы ауа-райын болжаған. 22 наурыз күні күн мен түн теңелген шақта, болашақты көру үшін құмалақ шашқан. Біртартар құмалақты жаугершілік замандарда майданның бетін бағамдау үшін салған. Шашпа құмалақты есіктен төрге дейін шашып жіберіп, келер күнге жорамал жасаған.
Құмалақ салудың құпиясы өте көп. Оның өзіндік атау, тәсілдері бар. Тартқан кезде құмалақтың түсуіне қарай, “ашпас әліп”, “жеті әліп”, “оң көз”, “кез түсу” деген түрлері бар. Сондай-ақ, “маңдайы ашық”, “босаға берік”, “албарлы”, “күпті”, “құйысқаны көтеріліп тұр” деген сияқты көріністері де болады.
41 құмалақпен бал ашу Орта Азия, Кавказ, Үндістан, Жапония, Америка елдерінде ұшырасады. Құмалақтың шығу тамыры ата-бабамыздың мифологиялық танымында жатыр. Т. Өмірзақов "Қырық бір құмалақ" атты еңбегінде былай дейд:"18 мың ғаламда 41 мұсылман елi бар. Осы мұсылман елдерiнiң санына сай 41 тас алып, Жақып пен Дәуiт пайғамбар құмалақ ашуды дәстүрге айналдырыпты" деп түсiнiк бередi. Әрине, бұл жауаптың күмәндi екенi кiмге болса да аян”. "Қырық бір құмалақ – Данияр Пайғамбардан қалған мұра", – дейді Ш.Уәлиханов
Тігінен 3, 7, 9 және көлденеңінен 4 деген атаулық дүниетанымдық сандары негізінде қырық бір құмалақ ашу дәстүрі қалыптасыпты. Қырық бір құмалақтың үшке бөлініп ашылуы жаратылыстың тігінен үшке бөлінуіне негізделген. Құмалақты тек қана үшке дейін ашу да осының дәлелі. Қырық бір құмалақтың үшке бөлінген әрбір тобы төрт санына мүшеленеді. Бұл жаратылыстың көлденеңінен төртке бөлінуіне негізделген. Қырық бір құмалақты бір үш ретке бөліп, төрт мүшелеген соң, тоғыз топтан құраған "құмалақ тізбегін" тізеді. Бұл тіршілік әлемнің "тоғыз қат көк" немесе "тоғыз өлшем бірлігіне" дәл келеді.
Құмалақты арнайы күндері ашады. Құмалақты көбінесе күндіз құбылаға қаратып (кейде күнге) ашады. Кейбір құмалақшылар тек қана бейсенбі, жұма күндерді ашуды жөн көреді. Құмалақшы құмалақты таза ақ мата бетіне ашуы керек. 22 наурыз күні ашылған құмалақ кейбірінің ойынша дәл келеді-мыс.
Құмалақшы мен құмалақ салдырушының ойлары бір ортаға тоғысқанда, құмалақ ашылып сөйлейді екен.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова, дереккөз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?