Намазда оқылатын қысқа сүрелер
Мазмұны:
- Фатиха сүресі
- Асыр сүресі
- Фил сүресі
- Құрайыш сүресі
- Кәусәр сүресі
- Кафирун сүресі
- Насыр сүресі
- Ықылас сүресі
- Фалақ сүресі
Фатиха сүресі
اَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيم بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِِ
اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴿1﴾ اَلرَّحْمَـنِ الرَّحِيمِ ﴿2﴾ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿3﴾ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴿4﴾ اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿5﴾ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّاۤلِّينَ ﴿6﴾
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаһқа сыйынамын Рахман һәм Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын.
1. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы - Аллаһқа тән.
2. Ол Рахман һәм Рахымды.
3. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.
4. Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз.
5. Бізді тура жолға сал.
6. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз.
Асыр сүресі
بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ
وَالْعَصْرِ ﴿1﴾ إِنَّ الْإِنْسَانَ لَفِي خُسْرٍ ﴿2﴾ إِلاَّ الَّذِينَ آمَنُوا
وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ ﴿3﴾
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
Мағынасы:
1. Заманаға ант етемін.
2. Бүкіл адам баласы зиянда.
3. Бірақ, иман келтіріп, ізгі істер істегендер мен бір-біріне ақиқат пен сабырды үгіттескендер басқа.
Фил сүресі
بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ
أَلَمْ تَرَ كَيْفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِأَصْحَابِ الْفِيلِ ﴿1﴾ أَلَمْ يَجْعَلْ كَيْدَهُمْ فِي تَضْلِيلٍ ﴿2﴾
وَأَرْسَلَ عَلَيْهِمْ طَيْراً أَبَابِيلَ ﴿3﴾ تَرْمِيهِم بِحِجَارَةٍ مِنْ سِجِّيلٍ ﴿4﴾ فَجَعَلَهُمْ كَعَصْفٍ مَأْكُول ٍ ﴿(5
Мағынасы:
1. Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе?
2. Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме?
3. Оларға топ-топ әбабил құстарын жіберді.
4. Құстар оларға балшықтан күйдіріліп жасалған тастар атты.
5. Осылайша Аллаһ оларды топан тәрізді қылды.
Құрайыш сүресі
بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ
لِإِيلاَفِ قُرَيْشٍ ﴿1﴾ إِيلاَفِهِمْ رِحْلَةَ الشِّتَاءِ وَالصَّيْفِ ﴿2﴾
فَلْيَعْبُدُوا رَبَّ هَذَا الْبَيْتِ ﴿3﴾ اَلَّذِي أَطْعَمَهُمْ مِنْ جُوعٍ وَآمَنَهُمْ مِنْ خَوْفٍ ﴿4﴾
Мағынасы:
1. Құрайыштың бейбіт келісімі үшін.
2. Олардың қысы, жазғы бейбіт көшулері үшін.
3. Олар осы үйдің (Қағбаның) Раббысына құлшылық жасасын!
4. Оларды аштықтан құтқарып тойдырған және қауіп-қатерден сенімді қылған.
Кәусәр сүресі
بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ
إِنَّاۤ أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ ﴿1﴾ فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ ﴿2﴾
إِنَّ شَانِئَكَ هُوَ الْأَبْتَرُ ﴿3﴾
Мағынасы:
1. Расында, Біз саған кәусарды бердік.
2. Сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал.
3. Расында, сені жамандағанның өзі ұрпақсыз қалады.
Кафирун сүресі
قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ ﴿1﴾ لاَ ۤ أَعْبُدُ مَا تَعْبُدُونَ ﴿2
وَ لاَ ۤ أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ ﴿3﴾ وَ لاَ ۤ أَنَا عَابِدٌ مَّا عَبَدْتُمْ ﴿4
وَ لاَ ۤ أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ ﴿5﴾ لَكُمْ دِينُكُمْ وَلِيَ دِينِ ﴿6
Мағынасы:
1. Былай де: Әй, кәпірлер!
2. Мен сендердің табынғандарыңа құлшылық жасамаймын.
3. Сендер де менің құлшылық жасағаныма табынбай-сыңдар.
4. Сондай-ақ, мен сендердің табынғандарыңа құлшылық жасаушы емеспін.
5. Сондай-ақ, сендер де менің құлшылық жасағаныма табынушы емессіңдер.
6. Олай болса, сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме.
Насыр сүресі
إِذَا جَاۤءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ ﴿1﴾ وَرَأَيْتَ النَّاسَ يَدْخُلُونَ فِي دِينِ اللَّهِ أَفْوَاجاً ﴿2﴾ فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ إِنَّهُ كَانَ تَوَّاباً ﴿3
Мағынасы:
1-2. Аллаһтың жәрдемі мен жеңісі келіп, адамдардың топ-тобымен Аллаһтың дініне кіргенін көрген кезде.
3. Раббыңды мақтап дәріпте және Одан жарылқау тіле. Өйткені Ол – тәууаб, тәубаларды қабыл етуші.
Ықылас сүресі
قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ ﴿1﴾ اَللَّهُ الصَّمَدُ ﴿2﴾ لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ ﴿3
وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُواً أَحَدٌ ﴿4
Мағынасы:
1. Былай де: Аллаһ – жалғыз.
2. Аллаһ – Самад (Күллі жаратылыс әлем Оған мұқтаж. Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Барлық нәрсе тек сол Ұлы Жаратушыдан жәрдем тілейді. Одан өзге ешкім көмек бере алмақ емес).
3. Ол тумады да туылмаған.
4. Оған тең келер еш нәрсе жоқ (Ол теңдесі жоқ, теңдессіз. Жаратылғанға мүлде ұқсамайды. Жаратылмаған, жаратылу, туу мен туылудан мүлдем пәк, әуелі мен ақыры болмаған аса құдіретті Жалғыз Ұлы Жаратушы).
Фалақ сүресі
بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ
قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ ﴿1﴾ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ ﴿2
وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ ﴿3﴾ وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ ﴿4
وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ ﴿5
Мағынасы:
1. Таңның Раббысына сиынамын.
2. Жаратқан нәрселердің кесірінен.
3. Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен.
4. Түйіншектерге дем салған дуалаушылардың кесірінен.
5. Һәм қызғаныштан тұла бойын өрт шалған көре алмаушылардың күндеген сәтте кесірінен, – деп айт.
Нас сүресі
قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ ﴿1﴾ مَلِكِ النَّاسِ ﴿2﴾ إِلاَهِ النَّاسِ ﴿3﴾
مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ ﴿4﴾ الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ ﴿5﴾ مِنَ الْجِنَّةِ وَ النَّاسِ ﴿6
Мағынасы:
1. Адамдардың Раббысына,
2. Адамдардың жалғыз Иесіне,
3. Адамдардың Құдайына сиынамын.
4. Сол бір азғырған шайтанның кесірінен.
5. Ол – адамдардың жүрегіне жаман ой салып азғырады.
6. Ол шайтан жындардан да, адамдардан да шығады, деп айт.
Аятул-Күрсі
اللّهُ لاَ إِلَـهَ إِلاَّ هُوَالْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَافِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَاشَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَاوَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ ﴿255
«Аллаһу ләә иләәһә илләә һуәл-Хайюл-Қайюм, ләә тәхузуһу синәту уә ләә нәум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мән зәлләзии яшфа’у ’индаһу иллә би-изниһ, иа’ламу мәә бәйнә әйдиһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхитууна бишәййм-мин ’илмиһи илләә бимәә шәә, уаси’а курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә ләә иәудуһу хифзуһумә уә һуәл-’Алиюл-′Азиим».
Мағынасы:
Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Хай (әрқашан бар һәм тірі) Һәм Қайюм (барлық жаратылысты басқарушы). Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктер мен жердегі нәрселердің бәрі Соған тән. Оның құзырында өз рұқсатынсыз кім шапағат ете алмақ? Ол жаратқан болмыстарының алды мен артының бәрін түгелдей біледі. Олар Оның қалауынан басқа ілімінен еш нәрсе ұға алмақ емес. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді қамтиды. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Ол – аса ұлы һәм өте жоғары. (Бақара/255)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?