Көзді қалай емдеуге болады?

Көзді қалай емдеуге болады?

Шипалы дәрумендер

А дәрумені. Көздің көргіштігі мен түсті ажыратуына қажет. А дәруменінің жетіспеушілігінен көз жанары кешкілік әлсірейді, яғни ақшам соқыр (куриная слепота) болады. Оны каротинге бай көкністерден (сәбіз, асқабақ т.б.) алуға болады.

В дәрумендерінің тобы. В дәруменінің жетіспеушілігінен көз жанары жарыққа аса сезімтал болады. Жарық жерде көздің көрмей қалуы мүмкін. В2 дәруменінің жетіспеушілігі катарактаға әкеп соқтырады. В дәрумендері күнбағыс шемішкесінде және барлық жаңғақ түрлерінде кездеседі.

С дәрумені. Көздің көргіштігін төмендететін ультракүлгін сәулесінен сақтайды. Сол сияқты аскорбин қышқылы бұлшық ет тарамдарының қайта қалыптасуына көмектеседі. Ол цитрустық жемістердің және тәтті бұрыштың құрамында болады.

Теріскен шыққанда

1. Көзге теріскен шықса қырмызы (календула) гүлінің тұнбасы пайдалы. 10-15 кепкен қырмызы гүлін 1 стақан ыстық суға салып, 30-40 минут орап қояды. Сосын оны сүзіп, стақан толғанша су құйып араластырады. Тұнбадан ауырған көзге компресс тартып, тамшы тамызады.

2. Алоэның бір жапырағын 1 стақан ыстық суға салып 6-8 сағат тұндырып, сүзеді. Тұнбамен теріскен шыққан көзді сүртеді. Алоэның шырынын салқын сумен араластырып та сүртуге болады.

3. Лавр жапырағын жарты стақан суға 5 минут тұндырып, ішеді.

4. Теріскен шыққан көзді 2-3 күн сарымсақпен сүртеді, тез жазылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?