Қажылық сапарына дайынсыз ба?

Қажылық сапарына дайынсыз ба?

Алла қаласа, аздаған уақытта еліміздің қажылары қасиетті қос мекен – Мекке мен Мәдинаға барып, қажылық парыздарын өтемекші. Ал біз, өз кезегімізде қажылық сапарға аттанбақшы болып, ниет еткен жандарға өз тарапымыздан сапарға ала шығуға қажетті заттардың топтамасын назарларыңызға ұсынбақшымыз:

Дәрі-дәрмектер

Жеке дәрі салғыш қобдишаңызда болуы тиіс:

- Парацетамол немесе Панадол секілді ауруды жеңілдететін дәрі.

- Имодиум немесе іш өтуден сақтайтын кез келген дәрі, себебі тағамның түрлілігінен ағзаның кенеттен жағымсыз реакция беруі ықтимал.

- Аллергияға қарсы препараттар.

- Оксолин майы.

- Суыққа қарсы дәрілер.

- Бір реттік медициналық маска, алайда оны 1,5-2 сағат сайын ауыстырып отыруды ұмытпаған жөн.

- Бактерицинді жабыстырғыш (пластырь) және дәке. Ыстық күн астында көп жүретін болғандықтан, мүйізгектер мен жарақаттар да көп болуы ықтимал.

- «Левомеколь» майы, ол ашық жараның тез жазылуына көмектеседі сонымен қатар, микробқа және қабынуға қарсы тұратын перпараттар қатарына жатады.

- Антисептикалық гель (бұл препарат қолды тазалап, микробты жоюға көмектеседі).

- Созылмалы ауруларға қарсы препараттар, бұл дәрілер әр адамның денсаулығына байланысты таңдалған болуы керек.

- Көз тамшылары (көздің құрғауының алдын алады)

Аяқ киім

- Жуынатын бөлмеге киетін резеңке тәпішке

- Сапалы әрі жайлы резеңке- шәркей (сланцы). Ең дұрысы, бұрын киілген, яғни тексерістен өткенін киген дұрыс, себебі жаңасы аяғыңызды қажауы мүмкін. Ол жақтағы мешіттердің едені мәрмәрдан болғандықтан, табаны тайғанамайтын болғаны дұрыс. Сонымен қатар, мешіттің алдында (есік көзінде) аяқ киімді таппай қалатын сәттер жиі кездесетіндіктен, аяқ киімге арналған сөмке алып алғаныңыз жөн.

- Мақтадан жасалған нәски, лажы болса, бірнешеуін алып алыңыз.

Ихрам

Ихрам әр қажының қолында елден ұшып кетпес бұрын болуы тиіс.

Қалта желдеткіші

Қалташам (фонарь)

Блокнот пен қалам

Қажылық уақытында тілейтін дұғаңызды жазып алыңыз. Өйткені ең маңызды сәтте әлдекімді не болмаса әлденені ұмытып кетуіңіз ықтимал. Ол ғана емес, қасиетті мекендегі әсерлі әрі естен кетпес жайттарды жазып алуға да таптырмас дүние.

Ұялы телефон және зарядтау құрылғысы

Топтағы адамдармен және туыс-туғандармен байланыста болу үшін қажет.

Жеке гигиеналық заттар

Кішкентай қайшы, өзгелерден сұрап жүрмеу үшін алдын-ала дайындап алыңыз.

Мисуак

Сүлгі

Сабын және сабын салғыш. Көптеген жуынатын бөлмелерде сабын бола бермейді. Ең дұрысы, өзіңмен ала бару.

Құрғақ және ылғалды майлықтар

Қажетті майлар (крем)

Киім жуатын ұнтақ

Бұл заттарды сол жақтан да алуға болатыны сөзсіз, алайда ертерек қимылдап, өзіңізге жағдай жасап, туристік сөмкеңізді толтырып қойсаңыз, жеңіл болмақ.

Түйреуіш пен түймелер

Киміңізді қыстырып, ұстатуға қажет болады. Сондықтан да жуан, сенімді, ағытылып кетпейтін, майсып не сынып қалмайтын түйреуіштерді алыңыз.

Арнайы әдебиеттер. Құран мен дұға жинақтары. Қасиетті Қағбаның жанында тәжірибелі қажының өзі маңызды рәсімдерді ұмытып кетуі ықтимал. Қажылық анықтамалығының қалта түрін алып алыңыз, ол сіздің сапарыңыздың жеңіл әрі құлшылығыңыздың мүлтіксі болуына кепіл бола алады.

Киім

Үстіңіздегі киіміңіз қоспасыз, таза мақтадан болғаны дұрыс. Көп киім алудың керегі жоқ: бірнеше нәски, 1-2 жеңіл көйлек пен шалбар алсаңыз жеткілікті. Етегіңіздің тым ұзын болмауына мән беріңіз. Әйел адамдарға тек көйлек киюге кеңес берер едік, себебі белдемше (юбка) мен жейде көп жерде ыңғайсыздық туғызады. Орамалға келер болсақ, матасы сырғанап, шешіліп кететін болмағаны жақсы.

Сөмке

Иықтан асырып ілетін сөмке алыңыз, себебі ол сіздің алдыңызда әрі өзіңізге де ыңғайлы болмақ.

Су өткізбейтін сөмке

Бұл сөмкеге киімдер, сабын, тіс пастасын салып аласыз. Мина жазығында қажет болады. Себебі әжетханаларда затыңызды қоятын жер болмауы ықтимал, ал еден мен қабырғалар таза еместігін ескертеміз.

Жеңіл жамылғы (покрывало)

Көлікте немесе желдеткіштер көп орналасқан жерлерде қажеттілігі артады.

Тамақ

Жаңғақтар, энергетикалық нандар немесе кез келген күш беретін тағам түрін алып алыңыз.

Ол жерден не сатып алуға болады?

Жергілікті саудагерлер табиғи өнімдерден жасалған маталар ұсынады. Ол маталар аптап ыстықты біршама жеңілдетеді.

Қолшатыр

Бұл зат Сауд Арабиядағы аптап ыстықта өте қажет. Ол сізді күннің өтуінен қорғайды. Дайындықсыз келген жолаушыға тиген күн денсаулығына зиян болуы мүмкін.

3-5 метрлік ұзартқыш

Бұл құрал сізге тағы да Мина жазығында қажет болмақ, себебі шатыр ішіндегі резеткілер төбеге қондырылған.

Қалта жайнамазы

Жұқа жайнамаз мешіт ішіне қажет болса, ал қалыңы мешіт сыртында намаз оқуға қажет болуы ықтимал. Олар өте ыңғайлы әрі көп орын алмайды.

Қажылық сөмкесін даярлау кезінде осы кеңестер кәдеңізге жарайды деген ойдамыз. Алла Тағала қажылық сапарыңызды жеңілдетіп, қабыл қылсын!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?