ҰБТ. Қазақстан тарихы пәніне қалай дайындалған дұрыс?

ҰБТ. Қазақстан тарихы пәніне қалай дайындалған дұрыс?

Бұл пәнді оңай немесе қиын деп айтуға болмайтын шығар. Өйткені оны сүйіп оқитын немесе әр оқиғаны түсінуге қиналатын оқушылар да бар. Кейбірі "ол даталар мен оқиғаларды болашақта пайдаланбаймыз, оны жаттаудың да ешқандай қажеті жоқ. Бәрібір де ұмытып қаламыз" дейді. Бұлай қарсыласудың қажеті жоқ шығар. Себебі, уақытты босқа жоғалтамыз. Ал оны оқуға міндеттіміз. Өйткені, өткен тарихын білмеген адам болашаққа сенімді қадам баса алмайды. Өзге пәндердегідей Қазақстан тарихы балының жоғары болуы тек дайындығымызға байланысты. Оған уақытты дұрыстап бөлейік. Ал бұл пәнге қалай дайындалған дұрыс? Назарларыңызға осыған байланысты бірнеше кеңес ұсынамыз:

1. Жауаптарды түсінбей жаттауға болмайды. Тест кезінде дәл сол сұрақтың ішіндегі сөздерді алмастырып қойса, бірден дүрбелеңге түсеміз. Сол себепті, тек түсініп отырып жаттаңыз.

2. Тақырып бойынша дайындалу. 5-11 сынып аралығындағы оқулықтарды алып, тақырып бойынша оқуға кірісіңіз. Материалды көп оқыған сайын, есімізде аз дерек қалады. Сондықтан тек оқып қана қоймай, конспект жазыңыз. Схемалар салып, кесте сызыңыз. Мұнымен қатар, оқыған кезде жалпы кезеңде болған оқиғаларды түсінесіз. ҰБТ-да бейтаныс сұрақ келсе, оқығандарыңыздың көмегімен жауапты шамалап таба аласыз.

3. Дайындық уақытын ұйымдастырыңыз. Яғни, белгілі бір уақыт ішінде осы тақырыптарды оқып бітіремін деп нақты жоспарлаңыз. Мысалы, бір күннің ішінде 2-3 тақырыпты меңгеріп, білімді пысықтау үшін тест тапырмаларын орындауға болады. Осылайша игерген тақырыбыңызды есте ұзағырақ сақтайсыз.

4. Күнде дайындалуға тырысыңыз. Адам баласы көп оқыған сайын көп біледі. Ең бастысы – көбірек оқуға ұмтылады.

5. Мектепте тапсырып жүрген тестілеріңіздің басқа да нұсқасын жинап, оларды күн сайын орындап отырыңыз. Оларды көбірек шешкен сайын ҰБТ кезінде таныс сұрақтар молынан кездеседі.

6. Жаңа жинақ тестілерін пайдалануды ұмытпаңыз. Оларда сұрақтарға өзгеріс енгізілген. Немесе жоғарыда айтқанымыздай, орындары өзгертілген.

7. 5+ сынды онлайн тестілерді шешіңіз. Осы секілді тестіні біздің сайтымыздан да таба аласыздар.

8. Тарих пәніне дайындалғанда арнайы курстарға барған жөн. Ол жерде «Шың» секілді кітаптардың кейбір қателіктерін түзетіп оқытады. Ол курстардың тест жасау орталықтарымен байланысы болғандықтан, ҰБТ кезінде нақты келуі мүмкін деген сұрақтарға дайындайды.

9. Дата мен фактіні жаттаған кезде оны өзіңізге таныс дүниелермен байланыстырыңыз. Мысалы, Н.Ә.Назарбаевтың «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» жарлығы қашан шықты?» деген сұрақтың жауабы – 1991 жыл. Оны "1991 жылы Тәуелсіздігімізді алдық. Сондықтан, Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарымызды ақтап алдық" деп есте сақтаңыз. Немесе «Желтоқсан оқиғасына қатысқан қанша адам комсомол қатарынан шығарылды?» сұрағының жауабы – 787. 7 – киелі сан, ал сегіз 7-ден кейін тұратын сан және бастапқы 7 саны қайталанып тұр.

Құрметті оқушылар іске сәт дейміз!

Автор: Қарлыға Бүйенбай, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?