Тісті қорғау денсаулық кепілі

Тісті қорғау  денсаулық кепілі

Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Бұл тіске байланысты сөз емес екені бәрімізге аян. Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Ал кейбір тайпалық елдерде адамның денсаулығын тістің бүтіндігімен өлшейтін ғұрып та бар. Тістің адам денсаулығына қаншалықты әсері бар екенін көріп отырған шығарсыз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз.

Үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен:

Бір тал бүлдіргенді езіп, оған ашытқыдан бір-екі қасық қосып, араластырып, жапсырма жасап тісіңізге жағып қоясыз. Бес минуттан соң тісіңізді ысқылап, шайып тасатйсыз.
Сірке суын ауызыңызға толтыра ұрттап, 3-5 минуттан соң төгіп, қайталап отырасыз, сосын тісіңізді шаясыз.
Кәдімгі ас тұзының қасиеті де өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз, сосын шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз.
Бүлдіргеннің дәмін ала отырып, асықпай шайнап жесеңіз де, тісіңізді ағартуға мол пайдасы бар. Тіпті, мұны ең өнімді әдіс деп қарайтындар да бар. Себебі, бүлдіргеннің құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан, оны жеген соң артынан тісіңізді мұқият ысқыласаңыз өнімі көрінеді.
Егер, темекі тартатын болсаңыз:

Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғаю, тіпті қараю құбылысы пайда болады. Мұны төмендегі әдіспен тазартуға болады:

Алдымен лайықты мөлшерде қара шекерді ауызға салып, дәмі тістің ұңғыл-шұңғылына сіңгенге дейін он минут сору керек. Онан талшығы қатты тіс шөткісімен екі-үш минут ысқылаған соң, ауызды дайындап қойған тұзды сумен (таза суға аз мөлшерде ас тұзы, тамаққа пайдаланатын содадан елу грамм қосылады) бір-екі минут шайып тастайды. Осылайша ертелі-кеш үзбей бір апта жалғастырса, тіс аппақ боп жарқырайды. Темекіден болатын тіс сарғаюға жоғарыда айтылған сірке суын да пайдалануға болады. Бұның тек тісті ағартуға ғана емес, емдеуге де пайдасы бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?