5 ас қасық диетасымен 5 кг-нан құтылыңыз
Бұл диетада тәтті де, майлы тамақ та рұқсат етіледі. Және түнде де тамақ жеуге болады. Бірақ, салмақ тастайсыз. Сенбесеңіз, «ұстап», сынап көріңіз!
Артық салмақ – мөлшерден көп жегеннен пайда болады. Демек, егер салмақ тастағыңыз келсе, күнделікті қабылдайтын тағам мөлшерін кемітуіңіз керек. Нақтырақ айтқанда, калорияны 1000 ккал-дан кемітсеңіз болғаны. Әрине, калорияны есептеп отыруға ешкімнің уақыты, шыдамы жете бермес. Осыны ескеріп, диетолог мамандар сіздер үшін есептеп, ең оңай жолын тауып та қойған. Ол үшін сізге арнайы таразы алудың қажеті жоқ. Ас қасық таразының рөлін атқарады.
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ? * «5 ас қасық» диетасының артықшылығы – майлы, ащы, тәтті тағамдарға шектеу жоқ. Ешқандай тағамға тыйым салынбайды, тек диета ережесінде айтылғандарды қатаң ұстау керек. * «5 ас қасық» диетасының көмегімен, біртіндеп тамаққа деген нәпсіңізді ауыздықтауға үйренесіз. Нәпсіні тежеу арқылы өзіңіз-ақ фаст-фуд, тәтті, газды сусындардан тыйылып, дұрыс тамақтануға көшетін боласыз. * Бір мезгілде сіз бес түрлі тағам жей аласыз, яғни, 1 ас қасық палау, 1 ас қасық гуляш, 1 ас қасық картоп езбесі, 1 ас қасық сорпа, 1 ас қасық қарақұмық ботқасын жеуіңізге болады.
ЕРЕЖЕНІ ҚАТАҢ САҚТАҢЫЗ! фото: dettka.com Кез келген есеп дұрыс шығуы үшін, оның арнайы формуласын қолданасыз. Осы ғана! Сол сияқты, «5 ас қасық» диетасында кез келген тағамыңызды жеп жүріп, қиналмай салмақ тастай аласыз. Тек диетаның мынандай ережелерін бұзбаңыз! 2. Не жесеңіз де 5 ас қасықтан асырмауыңыз керек. Күніне 5 ас қасық ғана емес, күніне үш мезгіл тамақтану барысында 15 ас қасық тамақ жей аласыз. Тамақтану жиілігі – әр үш сағат сайын! Мысалы, таңертең сағат 9-да 5 қасық сұлы ботқасын жедіңіз делік. Сағат 12-ге дейін ешнәрсе жеуге болмайды. Тек көк шай немесе қара шай және су ішуге рұқсат етіледі. Сағат 12-де 5 қасық торт жесеңіз, арада 3 сағат өтпейінше дастарханға жолауға болмайды. 3. Әр үш сағат сайын, яғни күніне 4-6 рет тамақтанасыз. Бірақ бұның үшеуінде ғана қою тамақ жеуіңізге болады да, қалғандарында 5 қасық айран немесе 5 қасық езілген жеміс, я болмаса йогуртқа рұқсат. 4. Түнгі уақытта да тамақтана бересіз 5 қасықтан асырмай, бірақ соңғы тамақтану уақыты ұйқыға жатардан 3 сағат бұрын болуы тиіс. 5. Тамақтың алдында және тамақтан соң дереу су немес ешай ішуге болмайды. Тамақтан 1 сағат бұрын және 1 сағаттан кейін ғана су ішуге болады. Есте ұстайтын нәрсе: тамақтанып болғаннан соң дереу су ішуге болмайды.
КАЛОРИЯ МӨЛШЕРІН АСЫРМАҢЫЗ! «5 ас қасық» диетасы күнделікті 800-900 калорияға есептелген. Сұйық тағамның 1 ас қасығы=15-18 мл. Ал, қою тағамдардың (мысалы, палау, қарақұмық ботқасы) 1 ас қасығы=25-50 грамм. Сонда қою тағамның 5 ас қасығы=250 грамм болады. Ал, сіз үш мезгіл қою тағам қабылдасаңыз=750 грамм. Күніне әр үш сағат сайын 4-6 мезгіл тамақтанатын болсаңыз, онда оның үшеуі қою тағам, ал қалғаны жеміс, айран, йогурт болуы қажет.
НӘТИЖЕГЕ ЖЫЛДАМ ЖЕТКІҢІЗ КЕЛСЕ «5 ас қасық» диетасымен бір аптада 5 кг салмақтан оңай құтыла аласыз. Ал, егер нәтижеге жылдам жеткіңіз келсе, онда ас қасықты шай қасыққа алмастырыңыз. Сонда бір аптада 7 кг салмаққа дейін тастайсыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?