Есте жүрер ережелер

Есте жүрер ережелер

Өз мүсінінің сұлу болғанын қалайтын арулардың еске сақтар ережелері:

✅ 1) Қарынға жиналған май сол жердің бұлшықеттеріне жасалған пресстен кетпейді. Пресс болады, бірақ, майдың астында қалып қояды. Сол себепті пресс жасаған сайын, қарныңыздағы май ұлғая береді. Май кетсін десеңіз, ішіңізді үнемі тартып, бұлшықеттеріне күш түсіріп жүріңіз.

✅ 2) Аяғыңызды көтеріп, сермеу – бөксеңізге, аяқтарыңызды созу – балтырыңызға, жаяу жүру – буындарыңызға өте пайдалы.

✅ 3) Таңертең аш қарынға 2 стақан суға лимон тамшыларын қосып, ішіп алыңыз. Ағзаңыздың асты дұрыс қорытуына көмектеседі. Сонымен қатар көк алма тойып тұрғанда тамақты басуға көмектеседі.

✅ 4) Таңертең аш қарынға су ішкен соң 10-15 минуттан кейін таңғы асты ішіңіз. Ұйқыңызды тез ашып, күні бойы энергияңыз мол болсын десеңіз, таңғы асыңыз тойымды және құнарлы болу керек.

✅ 5) Тамақтанып болған соң 40 минуттай сұйықтық ішпеңіз. Тамаққа су не сұйықтық араласса, ол астың қорытылуын баяулатып, асқазаныңызды созып жібереді және ауырлық пайда болады.

✅ 6) Жиі-жиі, бірақ аз-аздан тамақтану керек. Ағзада дұрыс зат алмасу үшін адам күніне әр 3 сағат сайын 5 рет тамақтану керек. Тамақтану уақыты тұрақты болса, ағза соған үйреніп қалады.

✅ 7) Моншалар мен сауналар денедегі майды кетірмейді, ағзадағы артық суды шығарады, моншадан шыққанда қатты шөлдейтініміз де сондықтан. Алайда, ол су 2 сағаттан соң қайта жиналады.

✅ 8) Алтыдан кейін тамақтанбау керек деген – қалып қана. Ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын тамақтансаңыз да жетіп жатыр.

✅ 9) Түстен кейін сағат 16-00дан бастап белокты тамақтар жеген дұрыс. Түстен кейін асқазанға түскен көмірсулар (ұннан жасалған тағамдар, тәттілер, картоп, т.б.) майға айналады.

✅ 10) Тамақты асықпай шайнау керек. Зат алмасу жақсы болады. Кейде адамдар көп жесе де, неге толып кетпейді деп ойлайсыз ба? Олардың ағзасында зат алмасу белсенді.

✅ 11) Адам тамақтанып болып, 20 минут өткеннен кейін ғана тойғанын сезінеді екен. Ал енді ойлаңыз, тойғанша тамақ жесеңіз, 20 минуттың ішінде ішіңізге қанша мөлшерда тамақ кетеді?!

✅ 12) Өзіңізді қинасаңыз да, тік отырып, теледидар/компьютерге қарамай тамақтаныңыз. Дастархандағы барлық приборларды қолдануды әдетке айналдырыңыз. Алдыңызда жігіт отырғандай сезініп, дастархан басында ұқыпты болыңыз.

✅ 13) Компьютердің алдында ұзақ отыратын болсаңыз, әр 10 минут сайын орныңыздан тұрып, отырып тұрып, кішкене жүріп, ары-бері созылып, денеңізді шынықтырып тұрыңыз.

✅ 14) Қарныңыз ашса, ас үйге жүгіре салмай, далаға шығып, серуендеңіз, дүкен аралаңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?