Жүкті әйел тұтынуға тиіс 3 тағам

Жүкті әйел тұтынуға тиіс 3 тағам

Аяғы ауыр әйелдің дұрыс тамақтануы өте маңызды. Себебі құрсақтағы балаңыз тоғыз ай, 10 күн бойы сіздің ішіп-жеген ас-суыңыздан нәр алады. Егер дұрыс тамақтанбай, нәрестеге қажетті дәруменді қабылдамасаңыз перзентіңіздің денсаулығы діңкес болуы бек мүмкін. Мұндай олқылыққа жол бермеу үшін дәрігерлер жүкті әйел тұтынуға тиіс үш азық-түлікті анықтап отыр.

Ресейлік ақ халатты абзал жандар аяғы ауыр келіншектер үшін ең бірінші орынға ақуызды шығарып отыр. Олардың дәлелдеулерінше, ақуыз қоянның етінде мол. Ақуыз адамның ішкі органдарының қызметін жақсартатындықтан дәрігерлер болашақ аналарға күніне 100 грам қоянның етін жеуге кеңес береді.

Іште жатқан шарананың сүйегі жақсы қатаю үшін аналардың рационында кальийге бай тағамдар болуы өте-мөте маңызды. Мамандар екі қабат әйел тұтынуға тиіс екінші ас деп ірімшікті алға тартып отыр. Олардың пайымдауынша, болашақ ана күніне 150 грам ірімшік жеуі тиіс.

Ал үшінші тағам қандай екенін деп ойланып отырған боларсыз? Ол қырық қабаттың бірі болып табылатын - брокколи. Адам денсаулығына оның пайдасы өте зор. Брокклидің құрамында ағзамызға аса қажетті аминқышқылы мен ақуызға бай. Бұл дәрумендер рак ауруының алдын алады. Брокклидің пайдасын ескерген дәрігерген аяғы ауыр әйелдерге бұл азықты көптеп тұтынуға кеңес береді. Оның үстіне, қырық қабаттың бұл түрі жүкті әйелдердің артық салмақ қоспауына ықпал етеді. Сондықтан оны мөлшелеріне қарамастан күнделікті жеп тұрыңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?