Балаңыз көркем сөйлеп шешен болсын десеңіз
✅ Баласының көркем сөйлеуін, шешен болуын қаламайтын ата-ана бар ма екен? Ғалымдардың пікірінше, бір жасқа толған нәрестенің тілдік қорында 7-10 сөз ғана болады. Екі жасқа толғанда сөз қоры 100-ден 200-ге дейін артады. Үш жаста бала 1,5-2 мыңнан аса сөз меңгереді. Төрт жасында 2-3 мың сөзді іркілмей сөйлеуі қажет. Бес жасқа аяқ басқанда, бала тілі ширап, қысқа ертегілерді, әңгімелерді баяндай алатын болуы керек. Сәби осы жаста анық сөйлей алмаса бұл оның сөйлеу қабілетінің кенжелеп қалғандығынан хабар береді.
✅ Зерттеу барысында 5-6 жастағы әрбір 100 баланың 65-інің тілінде ақау бар екені анықталса, мамандар бақылауындағы бір топ оқушының 20%-ы мәнерлеп сөйлей алмаған. Бұл кемшілік баланың сабақ үлгеріміне, шет тілін меңгеруіне кедергі келтіреді. Әдетте, бүлдіршіндер арасында «р» және «л» дыбыстарын айта алмайтындары көбірек кездеседі. Дер кезінде қолға алмаса, бұл проблемадан құтылу қиын. Осы кезде балаға жаңылтпаш көп көмектеседі. Отбасында балаңызбен бірге отырып, 10-15 минут жаңылтпаш айтып жаттықсаңыз жетіп жатыр.
✅ Ол бала тілінің жетілуіне, оралымды әрі анық сөйлеуіне, үндестік заңын сауатты меңгеруге және шешен сөйлеуге баулиды. Ғалымдар дұрыс сөйлеу мәнері баланың тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді дейді. Құлаққа жағымды, тартымды сөйлейтін бала құрбы-құрдастарымен еркін пікір алмасады. Өз ойын ашық жеткізеді. Керісінше, тілінде мүкісі бар бала тартыншақ болады.
✅ Ресей ғалымы Ирина Козлянинова «Произношение и дикция» деген кітабында күн сайын балаға 10-12 жаңылтпаш оқытып отыруға кеңес береді. Жаңылтпаш үйреткенде қысқасынан бастаған жөн[2].
✅ Логопедтер бала тіліндегі мүкісті емдегенде негізінен жаңылтпашты пайдаланады.
✅ Ғалымдар шет тілін меңгеру үшін де жаңылтпаштың пайдасы өте зор дейді. Жаңылтпаш айтумен көбірек шұғылданған балалар шет тілін тез игереді. Қазір де көптеген тіл үйрету орталықтарында бұл тәжірибені жиі қолданады. Нейропсихологтар жаңылтпашпен жаттыққанда, мидың белсенділігі артып, санаға түскен ақпараттар өңделіп, жадыға жылдам бекиді дейді.
✅ Жаңылтпаштың табиғаты қиын болғандықтан, бала оны өз еркімен оқығысы келмейді. Сондықтан ата-аналар балдырғанмен бірге жаттықса, оңай болады. Сөйлемді ақырын оқып, әр әріпті анық айтқан жөн. Біз төменде ең қызықты, ең тартымды деген жаңылтпаштарды сұрыптап алдық.
Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шуладым.
Шудалаған шудасын,
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.
*** *** ***
Ай, ай, Айдарбай,
Иір мүйіз сиырды
Үйіңе айдай бар!
➖➖➖➖➖➖
Қарамайлы қарағайды
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды
Шешейін бе, шешпейін бе?
➖➖➖➖➖➖
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Суға сақалын мала, сілке,
Суға сақалын мала, сілке.
➖➖➖➖➖➖
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
➖➖➖➖➖➖
Ақ тайыншаның қатығын,
Аппағыма беремін.
Аппағымның атын тез,
Айтқаныңа беремін.
➖➖➖➖➖➖
Ала бие құлындады,
Қара бие құлындамады.
Әжем соны ырымдады,
Атам оны ырымдамады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?