Əйел орамал тақпаса арын ұмытады

Əйел орамал тақпаса  арын ұмытады

-Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек?
– Е, жарығым! Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі.
– Ал, сəлем салмаса ше?
– Сəлем салмаса – өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады!
– Келін міндетті түрде униформа (халат, ұзын көйлек, орамал) киіп, келін боп шауып жүруі керек пе?
– Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, жат жұрттың алдындағы əдебі! Қыз күнін қиып, қыдыруын тиған – қатын болады! Қатын болған адам – қазанға, отқа жақын болады. Құрсағын кеңітіп, бала тапқан – кең болады! Алпыс екі тамырын иіткен ана болады! Басқа салғаннан ой түйіп, тағдырына бас игенге құдай өзі пана болады! Үлкеннен көргенін бойына сіңіріп, өзі де сол əулетке сіңген келін – дана болады!
– Ой, қазір жастарды емес үлкендерді тəрбиелеу керек сияқты ғой!
– Бүркіт көзіне көрінгенді алмайды, көңілдегісін алады. Ақылды атаның баласы ерегіспей, тектілігіне салады. Көргеніңе көз жұм да,көңілдегіңді істе!
– Бəрін бір келін байғұсқа жүктейді қазақ!
– Е, балам! Жақсы келін ата-енесін бағады. Ата-анасы ұнатқанды – отағасы жылатпайды! Кемінде алты бала тапқанның не айтса да сөзінің құнары болады, қамықса – қарайтын “шырағы” болады. Аз бала тапқанның тыпыршып айтар “ұраны”болады. Көп баласы бардың – шөлдетпейтін бұлағы болады. Əйел – келін болмаса, керім болмайды. Ана болмаса, ене болмайды. Ене бола алмаса – əдепті келіні жəне болмайды!
– Бəрі əйелге байланысты емес қой. Ер азамат та жəрдем беруі қажет!
– Дұрыс! Азамат таппаса – ақшада береке болмайды! Дүние тапқанмен, баққаны көше болса – екі дүниеде сорлайды! Еркегі үйіне қонбайтын үйдің – қызы етегін жаппайды, еркіндік сақтайды. Қылық сақтап, қымсынбайды. Айналасын жинайын деп ұмсынбайды! Ұлы – ұсақтау, бəдік болады, қатындардың тірлігіне қанық болады! Əйелі ашынып жүреді, бір ысып, бір суып, басылып жүреді. Көршімен əңгімешіл боп, үйі бықсып, шашылып жүреді. Ондай əйелден – əдеп сақтар жар, салиқалы ана шықпайды.
Еркекті ерітетін де – əйел, жерітетін де – əйел! Беделін биік қып, абыройын кемітетін де – əйел! Əйел жұмсақ болмаса – ер далаға қашады. Далада жүріп көп былыққа араласады. Араласқан соң – тапа тал түсте сөз таппай сасады, əрнəрсені сылтау ғып, өтірік ғайбат шашады. Əйелі жақсының ағайыны айналасында жүреді. Ұрпағы ізетті болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?