file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Құдағи табақ

Құдағи табақ

Құдағи табақ – қазақтың құдағи күту жолында, дастархан жаю салтында да үлкен жол бар, тәртіпті мән мағына бар. Ері қайтыс болған, құда жоқ, құдағи ғана келгенде, «құданың жолы», «өлі-тірінің сыбағасы» деп бас, жамбас, омыртқа, арқа, белдеме, қазы-қарта, жал-жая, қарын, қимай, ортан жілік, жауырын, құйрық-бауыр салынған үлкен сый табақ тартады. Мұны қазақ кәдесінде «құдағи табақ» деп атайды.

Ал, ері тірі әйелдерге әдетте бас тартпайды. «Бас тартса, байы өледі» деп ырымдайды. Әкесі тірі балалар да бас мұжымайды, жемейді, басты қолына да алмайды. «Әкем тірі, бас мұжымаймын» деп жатады.

Құдағидың жолы қызынан да жіңішке деп, әр іске жауапты болып, әр қимылын қалт жібермей бағады. Олай болса, құдағи үлкен ауыр мін тағады деп санайды. «Құдағи күту патша күтуден де қиын» деген тәмсіл сөздің астарында алақызған алаңдау жатыр, жұмысқа мұқияттық жатыр. Ары қарай айтсақ, терең қопарып қазсақ, жасырмай жазсақ, құдағидың табасы жатыр. Сондай сын ауадан туған табалауға емес, бағалауға ұсынған үміт пен күдік жатыр... Осының бәрін бағалы көңілден танитын, жақсылыққа жарасқан, жағымды құдағилары да құдаларын бет алды сынамайды, жоқтан өзгеге жол тап деп қинамайды, қайта шын жүректен, ақ тілекпен сыйлайды. Жақсылықпен жарысады, бір-бірін аялап, қарасады, ойнап-күліп, ата дастарқанынан дәм татып тарасады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды