Беттегі дақтарға қарсы
Алма сіркесуының теріге тигізер пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Ол тері майының бөлінуін қалыпта ұстайды, бактерияға қарсы күшке ие, сондай-ақ теріні ағартып, жұмсартады.
Оның құрамында өлі клеткаларды жойып, теріні қайта қалпына келтіретін альфа-гидроксильді қышқыл бар. Сондықтан да көптеген қымбат косметикалық құралдардың қоспасында осы компонент кездеседі. Ал алма сірке суында ол әлдеқайда көп мөлшерде болады.
Алма сірке суын қарапайым сумен 1:3 қатынаста (1 қасық сірке суына 3 қасық қарапайым су) араластырып қолданады. Екеуін араластырған соң оған мақтаны батырып, жуынар алдында бетіңізді сүртіңіз.
Ал бетіңізде жастың ұлғаюынан пайда болған пигментті дақтар болса, су мен алма сірке суының қоспасына мақтаны батырып алып, дақтардың үстіне 20-30 минут ұстаңыз.
Есіңізде болсын, дүкен сөрелерінен алманың хош иісімен аспаздыққа арналған сірке суларын кездестіруге болады. Дегенмен, үйде өзіңіз ашытқан табиғи өнім ғана шын мәнісінде пайдалы болмақ.
Алма сірке суын үйде жасаудың бірнеше түрі бар. Солардың біреуінің жасалу жолы төмендегідей.
Алма сірке суын үйде жасау жолы
Еш қоспасыз, өз бақшаңызда өскен алманың шырынын ағаш (ең дұрысы), әйнек немесе сырлы ыдысқа құйып, бетін полиэтилен қаппен жан-жағын жапсыра жауып, үстіңгі жағынан бірнеше жерден иненің ұшымен тесу керек. ұсақ шыбындар кірмейтіндей, тесіктердің өте кішкене болғаны жөн. Одан кейін ыдысты жылы (16-20 градустан жоғары) жерге қойыңыз. Ыстық жерде ферментация процессі жедел жүреді. Ал оны одан ары жылдамдату үшін шырынға шарап ашытқысын немесе 1 шымшым ашытқы (нан ашытатын, қарапайым) қосуға болады. Десе де, ешқандай қоспасыз да алма шырыны сірке суына айналады. Тек ол үшін 9-12 аптадай уақыт керек болады.
Егер ашу процессі бір аптада басталмаса, оған қант пен ашытқы қосыңыз. көп ұзамай, шырын ашып, сірке суына айналады. Бетіне жиналған сірке суының «қаймағы» ыдыстың түбіне қарай түскені – сірке суының дайын болғаны. Сірке суының бетінде ол «қаймақ» пайда болмаған жағдайда оның дәмін тата отырып, өзіңізге қажетті қышқылтым болған кезде керегіңізге жарата беруге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?